Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Аудан әкімі Садырқұлов Ерболат Салқынбекұлының
2021 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫ
Өткен жылдың қорытындысымен негізгі 6 экономикалық көрсеткіштің ауданда орындалуы оң динамиканы қалыптастырды.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14,0 млрд.теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 102,0 пайызды құрады. (2020 жылы 101,1 пайыз).
Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өндірілген өнім көлемі 41,9 млрд.теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 2 млрд.теңгеге артты (2020 жылы 39,9 млрд.теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 18,9 млрд. теңгеге (2020 жылы 16,9 млрд. теңге) орындалып, нақты көлем индексі 100,7 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,5 млрд. теңгеге (2020 жыл 10,0 млн.тг.) орындалып, нақты көлем индексі 114,0 пайыз болды.
12 810 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп (2020 жылы 12 488 ш.м.), нақты көлем индексі 102,6 пайызды құрады.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 4,6 млрд. теңгеге (2020 жылы 3,8 млрд. теңге) орындалып, нақты көлем индексі 106,9 пайызды көрсетті.
Аудан бюджеті кірісінің жоспары (18,2 млрд.теңге) 20,3 млн.теңгеге артығымен орындалып (18,3 млрд. теңге), 100,1 пайызды құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ
Жалпы 146 654 гектар егістік жер толық игерілді. Оның ішінде басым бөлігіне, яғни 65 897 гектарына күздік бидай, 52 988 гектарына жаздық арпа себілді.
Анықтама: 186 га жүгері, 8200 га мақсары, 505 га көкөніс, 137 га бақша, 320 га қант қызылшасы, 570 га картоп, 3500 га жоңышқа себілді, 8436 га пар айдалды.
153 дана ауыл шаруашылығы техникалары (оның ішінде 5 дана егін орағы комбайны) сатып алынып, машина-тракторлар паркі 13,8 пайызға жаңаланды.
Анықтама үшін: оның ішінде: 5 дана егін орағы комбайны, 22 дана тракторлар, 126 дана аспалы-тіркемелі құралдар.
Мал қыстату науқанына дайындалған азық көлемі 376 700 тонна, жоспар 104,1 пайызға орындалды.
Анықтама: 231 700 тонна шөп (100,6 пайыз), 70 000 тонна сабан (108,7 пайыз), 75 000 тонна жем (105,0 пайыз).
Мал басы саны барлық түрінен 102,0-ден 106,6 пайызға дейін артты.
Анықтама: ірі қара 36 632 бас (2020 жылы 35 018 бас) немесе 104,6%, қой мен ешкі 560 066 бас (2020 жылы 548 914 бас) немесе 102,0%, жылқы 22 385 бас (2020 жылы 21 005 бас) немесе 106,6%, түйе 79 бас (2020 жылы 76 бас) немесе 103,9%, құстар 121 411 (2020 жылы 118 664 бас) немесе 102,3%-ға өсті. Шошқа 4 275 бас (2020 жылы 4 950 бас) немесе 86,4%-ға кеміген.
Мал өнімдерін өндіруде 102,8-ден 107,9 пайызға дейін өсім болды.
Анықтама: сойыс салмақтағы ет 9 331,6 тонна немесе 107,9%, сүт 27 964,4 тонна немесе 102,8%, жұмыртқа 3,7 млн.дана немесе 103,1 пайыз артық өндірілді.
Бүгінгі күнге ауданда мүйізді ірі қарамен 5, ұсақ малмен 6, жылқы малымен 1 және шошқамен 1 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді.
Аудан көлемінде 2650 бас мүйізді ірі қараға арналған 12, 780 бас жылқы малына арналған 5, 3600 бас қой малына арналған 4, 30000 бас шошқаға арналған 1 мал бордақылау алаңы бар.
Былтыр ауданда 200 бас сүтті бағыттағы сауын сиыр фермасының құрылысы аяқталды («Керең» шаруа қожалығы).
850 бас мүйізді ірі қара мал бордақылауға арналған 2 кешен іске қосылды («Алтын тау» шаруа қожалығы 500 басқа, «Құлбарақ» шаруа қожалығы 350 басқа).
ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін 303,2 млн. теңге бөлінген.
Ірі қараға (аусылға қарсы ревакцинация, құтырық, лептоспироз, пастереллез, сібір жарасы, қарасан, оба, туберкулин, САП) және ұсақ малға (Аусыл ревакцинация, құтырық, лептоспироз, пасиереллез, сібір жарасы, күл, оба, эктима) қажетті вакциналар 2,2 млн.теңгеге егілді.
Энзоотиялық ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге 8,1 млн.теңге бөлініп, ұсақ малдарға «сальмонеллез» ауруына қарсы вакцина салынды.
Қаңғыбас ит пен мысықтарды аулау үшін 3,3 млн. теңге бөлініп, 1722 жабайы ит ауланып, жойылды.
650 784 бас мал бруцеллезге тексеріліп, ауруға шалдыққан 29 бас ірі қара, 123 бас ұсақ мал иелеріне нарықтағы құнына сәйкес 401,4 мың теңге өтемақы төленді.
Бруцеллезге шалдыққан малдарды сою және тасымалдау шығындарына 689,7 мың.теңге бөлініп, Ақыртөбе мал сою алаңында арнайы талаптар сақтала отырып сойылды.
Бруцеллезге шалдыққан мал иелерінің қора-жайларын залалсыздандыруға 4,7 млн. теңге бөлініп, 20040 шаршы метр ауланың қора-жайы залалсыздандырылды.
Типтік үлгідегі 3 («Беккери» шұңқыры Өрнек, Ақбұлақ, Құлан ауылдарында) мал қорымдары соғылып пайдаланылуда.
4 мал сою пунктері («Луговой жылқы зауытында», «Шәушен» шаруа қожалығында және Құлан, Ақыртөбе ауылдарында), (есептік нөмір берілген) жұмыс істеуде.
12 ауылдық округ ветеринариялық пунктпен қамтамасыз етілген.
Оның ішінде 2021 жылы Ақбұлақ, Қайыңды, Тереңөзек, Ақниет ауылдық округтеріне ветеринариялық пункт сатып алынды.
Барлығында мал емдеуге арналған қоршаулар қарастырылған.
Қалған 3 ауылдық округке (Көгершін, Көкдөнен, Луговой) ветеринариялық пунктер (мал емдеуге арналған қоршауларымен бірге) салу биылғы жылға жоспарланған. 40,3 млн. теңгеге бюджеттік өтінім дайындалды.
КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ
Ауданда азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 1 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр (Құлан ауылында «Сұлу-төр»). Айналым қаражаты 5,0 млн.теңге («Тараз» ӘКК-нан 0,01 пайызбен 5,0 млн.тг несие алды). Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі шекті бағадан 10-15 пайызға төмен сатылуда.
Азық-түлік тауарларын сақтайтын қоймасы бар «Бидайшы» шаруа қожалығы «Тараз» ӘКК-нан 0,01 пайызбен 14,7 млн.теңге несие алып, шаруашылықтар мен ірі көтерме сауда орындарынан тауарлар алуда.
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫ
Ауданның жалпы жер көлемі – 908 691 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің үлесі – 720 924 гектар (егістігі – 146 654 га, жайылымы – 574 270 га).
2021 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмеген және мерзімі өткен жалпы ауданы 10,8 мың гектар 52 жер телімі (оның ішінде 415,99 га егістік, 10379,79 га жайылым) мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан 14 ауылдық округтер бойынша 202 шаруа қожалықтарға тиесілі жалпы ауданы 19,1 мың гектар (оның ішінде 18681 га жайылым, 416 га егістікті) жер телімдерін ауданның жер қорына өз еркімен қайтару жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы ауданы 115,6 гектар егістік жер телімі қайта айналымға қосылды.
650 гектар жақсартылған жайылым және шабындық жерлердің санаты егістік санатына ауыстырылды.
«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Аталған бағдарлама шеңберінде құны 149,8 млн. теңгені құрайтын 2 жоба іске асырылды.
Шөңгер ауылына газбен жабдықтау желілері жүргізілді (97,1 млн. теңге, оның ішінде РБ 71,9 млн. теңге, ОБ 25,2 млн. теңге);
«Арай» тұрғын алқабындағы көп қабатты үйлердің кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілді. (52,7 млн. теңге, оның ішінде РБ 47,4 млн. теңге, ОБ 5,3 млн. теңге).
Жобалардың аясында 28 жұмыс орны ашылды (оның ішінде 10 тұрақты, 18 уақытша жұмыс орны).
КОММУНАЛДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
Аудандағы 42 елді мекеннің (64512 адам) 29-да (58529 адам немесе 90,7%) ауыз су жүйесі бар, оның ішінде 24-і орталықтандырылған, 5-еуі ескі су жүйесі.
Ауыз су жүйесі ескірген 3 елді мекеннің 3-не (Құмарық, Қаракемер, Алғабас) 2020-2021 жылға өтпелі жобамен 2020 жылы жаңа ауыз су жүйесі құрылысы басталып, 2021 жылы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Құлан ауылы ауыз су имараты мен жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, толығымен іске қосылды.
3 елді мекенге (Қазақ, Сәлімбай, Жаңатұрмыс) жобалық-сметалық құжат дайындалып, бюджеттен қаржы қарастырылды. Оның ішінде Жаңатұрмыс ауылын ауыз сумен қамту бойынша 2020 жылдан өтпелі нысан, қалған екі ауыл бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Қалған 7 ауылдың (Мамыртөбе, Аққайнар, Тойқұдық, Әбілқайыр, Сұмқайты, Қосапан Құмарық разъезі ауылдары) халық санының тиісті нормадан аз (200 адамнан төмен) болуына байланысты экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылғанымен, бұл ауылдардағы ауыз су мәселесін мембраналық қондырғы орнату арқылы шешу 2024 жылға жоспарлануда.
4-не (Шөңгер, Мамай, Сөгеті, Р.Сәбденов) жобалық-сметалық құжат дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жолдау жұмыстары жүргізілуде.
1-не (Ақыртөбе) ауыз су жүйесін жүргізуге жобалық-сметалық құжат әзірленуде.
Аудандағы 42 елді мекеннің 34-не толық газ тартылған.
2021 жылы газ кірмеген 18 ауылдың 10-на (Каменка, Қазақ, Жалпақсаз, Тасшолақ, Жаңатұрмыс, Д.Қонаев, Әбілхайыр, Бәйтелі, Қорағаты,Шөңгер) газ тарту жұмыстарына қаржы қарастырылып, толығымен ауылдар газдандырылды.
Шолаққайыңды ауылы бойынша жобалық-сметалық құжаттың мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны – 186,7 млн.теңге. 2022 жылға қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім жолданды.
Қалған 7 елді мекен (Мамыртөбе, Аққайнар, Тойқұдық, Сұмқайты, Қосапан ауылдары, Құмарық разъезді, Қорағаты станциясы) халық санының тиісті нормадан аз (50 адамнан төмен) болуына байланысты экономикалық тұрғыда тиімсіз деп танылған.
Сонымен қатар, 2021 жылы 7 әлеуметтік нысанның (Сөгеті, Көкарық, Қарақат, Тереңөзек, Қайыңды, Жарлысу ауылдарындағы ауылдық клубтар және М.Горький атындағы орта мектебі )жылыту қазандығы газдандырылды.
Аудан бойынша 42 елді мекеннің тұрмыстық қалдықтарын шығаруға 14 полигон белгіленген. Оның барлығы (Құлан, Құмарық, Қорағаты, Көкдөнен, Көгершін, Тереңөзек, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Каменка, Р.Сәбденов, Д.Қонаев, Жарлысу, Қайыңды, Малдыбай) толығымен қоршалып қалыпқа келтірілді.
Биыл облыстық мәндегі 3 жолға (Құмарық–Д.Қонаев, Құмарық – Қызылту–Ақыртөбе,Луговой – Қорағаты–Тәтті) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, келесі жылға өтпелі.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Луговой ауылының 13,8 шақырымды құрайтын 13 көшесіне (261,3 млн.теңгеге) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен 5 көшеге (Жаңатұрмыс ауылының Досымбек көшесіне 39240,0 мың.теңгеге, Жарлысу ауылының Тастанбек көшесіне 15522,0 мың теңгеге, Ақыртөбе ауылының Т.Рысқұлов көшесіне 22414,0 мың.теңгеге, Көгершін ауылы Абай көшесіне 14482,0 мың теңгеге, Құлан ауылының Ә.Тлепов көшесіне 16036,0 мың.теңгеге) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша елді мекендерде жалпы 352 көшенің 260-ы немесе 73,9% жарықтандырылған.
Қалған 92 көшені жарық шамдармен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжат дайындалды, қаржыландыру мәселесі қаралуда.
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ
Бүгінде ауданда тұрғын үй кезегінде барлығы 1456 адам тіркелген. Осы тұрғындарды кезең-кезеңімен тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Құлан ауылы «Арай» тұрғын алқабынан 80 пәтерлік 5 қабатты үйдің құрылысын жоспарладық.
Алғашқы үйдің(1-нүкте) құрылыс жұмыстары аяқталды.
Келесі үйдің(2-нүкте)құрылысына ағымдағы жылға бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысанының аяқталу мерзімі 2022 жыл.
Үшінші үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалары дайын. Жоба мемлекеттік сатып алуда.
Аталған «Арай» тұрғын алқабындағы көп қабатты үйлердің кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп, толық аяқталды, 52,7 млн. теңге (оның ішінде РБ 47,4 млн. теңге ОБ 5,3 млн. теңге). Инженерлік желілері мен абаттандыру жұмыстарына, модульдық қазандыққа жергілікті бюджеттен қаражат қаралып, қосымша бюджеттік өтінім жолданды.
Луговой ауылындағы спорт кешені құрылысына 369 млн теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталды.
Луговой ауылындағы 1 және 2 кезектегі тұрғын үй алқаптарына электр желісінің құрылысына 708 млн теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы аясында жұмыс атқарылды.
Аталған жоба аясында 2021 жылы 14 мұқтаж отбасыға баспана кілті табысталды.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Аудан бойынша 2021-2022 оқу жылы бойынша 38 күндізгі жалпы білім беретін (оның ішінде 28 орта, 2 негізгі, 8 бастауыш) мектепте 14 846 оқушы білім алуда (2020-2021 оқу жылы 14 559 оқушы, 287 оқушыға артқан).
Ауданда 24 балабақша жұмыс жасайды. Ондағы педагогтардың жалпы саны–398. Онда жалпы саны 3085 бүлдіршін (14 мемлекеттікте–1532, 10 жекеменшікте–1553) тәрбиеленуде.
Аудан бойынша 2040 педагог қызмет етеді. Оның ішінде жоғары білімді 1939(95,1%), 101-і (4,9%) орта арнаулы білімді. Жалпы білім беретін мектептердегі жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпыға міндетті білім беру қорынан әр балаға 32500 теңге көлемінде жалпы 3067 балаға көмек көрсетілді. (жалпы соммасы – 99677,5 мың теңге).
2021 жылы 11 сыныпты 712 оқушы бітірді. ҰБТ-де ауданның орташа баллы 73,5 % құрады. (2020 жылы 56,6 %). Өсім 16,9 %.
Биылғы мектеп бітірушілер саны – 804. Оның ішінде 41 түлек Алтын белгіден, 40 түлек Үздік аттестатқа үміткер.
ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша білім сапасы 65,9 % көрсетті. Былтырғы жылы 65,6 % көрсеткен.
2021 жылы өткен облыстық, республикалық спорттық жарыстар, пән олимпиадалары мен ғылыми жобаларға аудан оқушылары қатысып, 97 облыстық, 35 республикалық І,ІІ,ІІІ орындар иеленді.
2021 жылы Юрий Гагарин негізгі мектебіне қосымша спортзал соғуға 114 млн теңге, Максим Горький орта мектебінің отқазандығын газға қосуға 32 млн 704 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Сондай-ақ, «Балдырған» балабақшасының отқазандығы жаңартылып, «Балдәурен» балабақшасының отқазандығы газға қосылды.
Сөгеті бастауыш мектебіне 1084,0 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шатыры жаңартылды.
№ 4 шағын орталықты орта мектебінің ішіне 1400,0 мың теңгеге ауыз су кіргізілді.
Мектеп жанында орналасқан 11 трансформаторға 2494,6 мың теңгеге, 3 су мұнарасына 1400,0 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
38 мектеп 364 бейнебақылау камерамен, 24 балабақша 196 бейнебақылау камерамен қамтамасыз етілген.
Анықтама үшін: мектептерде 200 ішкі, 164 сыртқы. Балабақшаларда 122 ішкі, 74 сыртқы) камералар орнатылған.
Биылғы жылы 5 мектепке қосымша (Ә.Бөкейханов ом – 22 дана, Т.Рысқұлов мл – 14 дана, М.Горький ом – 26 дана, № 3 шоом – 8 дана, Ю.Гагарин нм – 14 дана) жалпы саны 84 дана бейнекамера орнатуға 21750,4 мың теңге бөлініп, толықтай орналастырылды.
Сондай- ақ, 7 мектептің бейнебақылау камералары (Ә.Бөкейханов ом, №1 мл, Ш.Уалиханов ом, Құлан мг, Бірлес ом, №5 шоом, Ю.Гагарин нм) аудандық полиция бөлімімен интеграцияланды.
7 мектепке (Ә.Бөкейханов ом, №1 мл, Ш.Әалиханов ом, Құлан мг, Т.Рысқұлов мл, М.Горький ом, Ю.Гагарин нм) 784,0 мың теңгеге дабыл түймесі орнатылды.
Биылғы жылы 5 мектепке (Ә.Бөкейханов ом, №1 мл, Ш.Әалиханов ом, Ақтоған ом, Б.Момышұлы ом)129415,0 мың теңгеге жаңа модификацияланған кабинеттер алынды.
«Жомарт түлек» жобасын жүзеге асыру мақсатында ауданымызда 30 жылда бітірген 26857 түлектер «Tylek. KZ» сайтына 100% тіркелген.
2021 жылы 47 жоба (жалпы соммасы 419,1 мың теңге) қолға алынып, толықтай орындалды.
Оқу ордаларының материалдық базасын нығайту мақсатында мектеп түлектері 188 көмекке қол ұшын созды. Бұл мақсатқа 45 784,50 теңге көлемінде қаржы жұмсалды.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
Аудан халқының мәдени, рухани талап-тілегін қанағаттандыру және мәдени-көпшілік жұмыстарын ұйымдастыру бағытында барлығы 53 мәдениет ошағы қызмет көрсетуде («Мэлс Өзбеков атындағы» аудандық мәдениет үйі, «Сұлутөр» кинотеатры, 7 ауылдық мәдениет үйі мен 13 ауылдық клуб, 31 кітапхана).
Ауданда халықтық атағы бар 5 ұжым бар («Б.Битанов» халық театры, «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблі, «Сұлутөр» халықтық вокалды аспапты ансамблі, «Әдемі-ау» халықтық ән-би ансамблі, «Сударушка» халықтық фольклорлық ансамблі).
2021 жылы 1754 мәдени көпшілік іс-шара өткізілді. Оның ішінде 856 онлайн іс-шара.
Бүгінгі күні ауданның кітап қорында 216757 дана кітап бар, оның ішінде мемлекеттік тілде 146909 дана. Кітап берілімі – 259 083 дана, оқырман саны 20010 адам.
1 коворкинг орталығы, 15 цифрландырылған ақпараттық орталық халыққа қызмет көрсетеді.
Ашылған ақпараттық орталықтар «е.gov.kz» порталы арқылы 23 қызмет түрін көрсетеді. 2021 жылдың 12 айында 3796 қызмет көрсетілген.
Биыл «Мэлс Өзбеков» атындағы аудандық мәдениет үйі (құны 62495,0 мың теңге), «Сұлутөр» кинотеатры (құны 58387,4 мың теңге), Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйі (құны 72165,0 мың теңге) «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне берілді.
Көгершін және Жаңатұрмыс ауылдарына мәдениет үйін салу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған, биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында іске асыру жоспарда бар.
Жобалық сметалық құжаттары дайын мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған Ақыртөбе, Қызылшаруа, Абай ауылдарына 2023 жылы мәдениет үйін салу жоспарлануда.
Газы бар елді мекендердегі 6 ауылдық клубты (Тереңөзек, Қайыңды, Жарлысу, Көкарық, Сөгеті, Қарақат) және модульді қазандығы бар Құмарық ауылдық мәдениет үйін газдандыру үшін 13 млн 223 мың теңге бөлініп, аталған мәдениет нысандары газға толығымен қосылды.
2022 жылға 6 мәдениет нысандарын (Қорағаты, Қарақыстақ, Луговой, Ақбұлақ, Д.Қонаев ауылдық мәдениет үйлеріне және Жарлысу ауылдық кітапханасы) газ жүйесіне қосу жоспарлануда.
Жапсарлас қазандықтары бар Луговой, Ақбұлақ, Д.Қонаев ауылдық мәдениет үйлеріне газ жүйесімен жылытылатын модульдік қазандық сатып алуға облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
СПОРТ САЛАСЫ
Аудан бойынша барлығы 177 спорт нысаны бар (оның ішінде: 2 спорт кешені, 1 стадион, 101 спорт алаңшасы, 21 футбол алаңы, 47 спорт зал және 5 басқада спорт нысандары). Барлығы аудан тұрғындарына қолжетімді және ақысыз пайдаланылады.
2021 жылдың 12 айында аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың 35,0 пайызын құрады, бұл – 22842 адам.
Анықтама үшін:
2021 жылдың наурыз айында Түркістан облысында асық атудан ересектер арасында ҚР чемпионатында ауданымыздың спортшылары Ескендір Тегешов және Ринат Гочаев жүлделі 1-орынды иеленді. Бес асық ойынынан Сұлушаш Оспанова жүлделі орын иеленді.
2021 жылдың маусым айында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Аула ойындары–2021» спорттың 5 түрі бойынша (асық ату, ләңгі тебу, қалашық, орта доп және секірмектен) облыстық фестивалінде 5 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен, жалпы командалық есепте Т.Рысқұлов ауданы командасы 1 орын иеленді.
Тараз қаласында «Біз терроризм мен діни экстремизмге қарсымыз!» «Көше ойындары – 2021» Жамбыл облысы чемпионатында 7 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль санымен жалпы командалық есепте Т.Рысқұлов ауданы командасы 2 орын иеленді.
2021 жылдың тамыз айында №24 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Ерболат Қапарқұл Тобыл қаласында грек-рим күресінен 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесінде жүлделі 2-орынды иеленді.
Спорт нысандарын салуды қажет ететін Ақыртөбе, Көгершін, Жаңатұрмыс және Р.Сәбденов ауылдарына спорт нысандарын салу бойынша жобасы дайын және бюджеттік өтінім сұралды.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Өткен жылы 1704 сәби дүниеге келіп, бала туу көрсеткіші 3,6 пайызға артты (2020 жылы 1644 сәби).
Аудан бойынша жалпы өлім көрсеткішінің 4 пайызға төмендеуі бар (2020 жылы 483 адам болса, 2021 жылы 463 болды).
Ана өлімі 2010 жылдан бері мүлдем болған жоқ.
1 жасқа дейінгі сәби өлімі 2020 жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға төмендеді, бірақ өкінішке орай, 12 сәбидің шетінеу жағдайы орын алды, нәрестелер өлімі көрсеткіші – 6,28.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде аудандық орталық аурухананыың жұқпалы аурулар бөлімі (43,9 млн.теңгеге) күрделі жөндеуден өткізілді.
2021 жылы Жаңатұрмыс ауылына жаңа дәрігерлік амбулатория салуды қаржыландыру мәселесі шешілді.
Жақсылық ауылына жобалық-сметалық құжаттары дайындалды, биылғы жылдың құрылыс жоспарына қосылды. Екі жоба да «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енгізіліп отыр.
Биыл емдеу мекемелеріне деген қажеттілік аудан бойынша толықтай шешілетін болады.
2021 жылы аудандық орталық ауруханаға барлығы 309,1 млн. теңгенің медициналық құрал жабдықтары алынды. (аудандық ауруханаға жоғары технологиялық қызмет көрсететін Компьютерлі томограф аппараты, аудандық емханаға бейнеқондырғы системасы бар эндоскопиялық аппарат, эксперт класты УЗИ аппарат, қан қысымы мен жүрек жұмысына мониторинг жасайтын СМАД, телекардиограф және т.б.).
Жаңа жылжымалы диагностикалық комплекс ауданның шалғай елді мекендеріндегі тұрғындарға бейінді мамандардың кеңесін беруді, тексерілуін қамтамасыз етуде.
Үстіміздегі жылы аталған кешен 26 ауылда болып, 29924 адамды тексеруден өткізді.
Аудандық орталық аурухана бойынша коронавирус ауруының ары қарай таралуына жол бермеу мақсатында осы індетке қарсы екпе жасау жұмыстары ұйымдастырылып, 33120 адамға 1-ші тур екпе салынды, жоспар 100,6 пайызға орындалды. Вакцинацияның 2-ші турын 32264 адам салғызып, ревакцинациядан 8100 (01.02.2022 жағдай бойынша) адам өтті. Сонымен қатар коронавирус індетіне қарсы Pfizer екпесімен 5464 (01.02.2022 жағдай бойынша) жасөспірімдер мен жүкті әйелдер қамтылды.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫ
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша жан басына шаққандағы табыстары күнкөріс деңгейінің кедейшілік шегіне жетпейтін 1093 отбасының 6029 адамына 279,6 млн. теңге тағайындалып, толық төленді.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға барлығы 90,1 млн. теңге бөлінді. Бұл көмек атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына және тоқсанына 1 рет тұрмыстық химия тауарлар жиынтығы таратылып берілді.
Аудан бойынша 2811 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жалпы жұмыссыздар саны – 901 адам. Жұмыссыздық деңгейі 2,7 пайызды құрайды.
Нысаналы топқа жататын (аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасылар – 802 адам. Оның ішінде жұмысқа жіберілгені – 696 адам, яғни бұл көрсеткіш 86,8 пайызды құрайды.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ішінен 156 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты бойынша кәсіби даярлауға 50 адам 4 мамандық (аспазшы, тракторшы, автослесарь, дәнекерлеуші) бойынша оқуға жолданып, оқуын аяқтады. Барлығы да тұрақты жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның ІІ бағыты бойынша «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 273 азамат жіберіліп, оның 268-і сертификат алды.
185 азамат 747,2 млн.теңге шағын несие алды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 294 азамат 171,5 млн. теңге қайтарымсыз грант алды.
Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа 1024 азамат, «Жастар практикасына» 160 жас түлек, әлеуметтік жұмыс орындарына 92 азамат жұмысқа жіберілді.
Сонымен қатар, 2042 азамат тұрақты жұмысқа жолданды.
ІШКІ САЯСАТ САЛАСЫ
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы (197 іс-шара, 23895 адам) мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасы аясында (183 іс- шара, 19857 адам) барлығы 380 іс-шара өткізіліп, 43752 адам қамтылды.
Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫ
2021 жылы жалпы қылмыс 11,8 пайызға төмендеді.
Анықтама: аудан аумағында жалпы –165 (2020 ж. 187) қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркеліп, ашылуы 77,6 (2020 ж. 82,1) пайыз құрап отыр.
Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының саны – 31 (2020 ж. 44), – 29,5 пайызға төмендеген, ашылуы 76,3 (2020 ж. 83,3 пайыз).
Оның ішінде:
Мал ұрлықтары – 10 қылмыс (2020 ж. 20), – 50,0 пайызға төмендеген, ашылуы 69,2 (2020 ж. 50,0 пайыз).
Пәтер ұрлықтары – 1 қылмыс тіркелді (2020 ж. 18), 94,4 пайызға төмендеген, ашылуы 83,3 пайыз (2020 ж. 80,0 пайыз).
Қоғамдық орындарда 15 (2020 ж. 29) қылмыс тіркеліп, 48,3 пайызға төмендеді.
Жасөспірімдермен жасалған 5 (2020 ж. 3) қылмыс тіркеліп, 66,7 пайызға өскен.
«Адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкелген» оқиғалар 96,2 пайызға өсіп отыр.
Анықтама: 104 жол-көлік оқиғалары (2020ж. – 53) тіркелді.
Ауданнан өтетін республикалық 96, облыстық 100 және аудандық 100,03 шақырым, барлығы 296, 03 шақырым автомобиль жолдары бар.
Қайтыс болғандар саны –17 (2020 ж. –12) 44,7 пайызға өсті.
Жарақат алғандар саны 193-ті құрап, ( 2020 ж. 102) 89,2 пайызға өскен.