Көкжөтел дегеніміз не?
49 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Соңғы кездері өңірлік саясатты жоғары деңгейге көтеру мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасау, олардың проблемаларын шұғыл түрде шешу Президент тарапынан жергілікті билік өкілдеріне жүктелген. Дейтұрғанмен, әлі де болсын қарапайым халық өз базынасын «Кімге?», «Қашан?», «Қайда?» айту керектігін білмейді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бүгінде БАҚ өкілдері жаңа айдарлар ашуда.
Бұл баянды бастамалардан «құлантаңдықтар» да шет қалған жоқ. Редакциялық алқа ақылдаса келе, «Алло, «Құлан таңы» тыңдап тұр!» айдарын ашты. Мұндағы басты мақсатымыз – облыстық, аудандық әкімдіктердің терезелеріне телміре қарап, ішке ене алмай жүрген жандардың жан айқайын жоғарыдағыларға жеткізу. Айдар ашқанымызды жария еткенімізге көп те болған жоқ. Екі күн бұрын тілшілеріміздің жұмыс телефоны шырылдап қоймады. Тұтқаны көтерсек, қоңырау Тұрардай тау тұлғаның табаны тиген киелі мекен Луговойдан шалыныпты. Өзін ауыл белсендісі ретінде таныстырған Жұбаныш Сақал бізге мына бір жағдайды мәлімдеп берді: «Тыңдаңызшы, аға! Біздің ауылда осы күнге дейін спорт кешені болмаған. Ауылымыздан танымал спортшылардың шықпай жүргені соның айқын айғағы. Былтыр аудан әкімі есеп беру кездесуінде «Луговойда спорт
кешені салынады» дегенде бөркімізді аспанға аттық. Әкім сөзінде тұрды. Спорт кешені салынып, мәдениет үйі маңынан зәулім ғимарат бой көтерді. Жуырда сол кешеннің құрылысымен танысуға бір топ спорт сүйер жандармен бірге бардық. Сенесіз бе?! Қуанышымыз су сепкендей басылды. Неге дейсіз ғой? Себебі, спорт кешенінің құрылысы мүлдем сын көтермейді. Бөлінген қомақты қаржыға сай келмейтіні бір қарағаннан-ақ көрініп тұр. Сол олқылыққа мықтап зерттеу жүргізіп, нәтижесін аудандық басылымға жарияласаңыздар деген ой келіп отыр», – деп өз өтінішін жеткізді.
Ауыл жастарының өтінішін жерге тастай алмадық. Ертесіне бірден Луговой ауылындағы спорт кешеніне жол тарттық.
Су жаңа кешеннің ішінен қарауылдан өзге адамды таппадық. Жөн сұрасып, танысып, ғимарат есігін ашып беруді өтіндік. Ааа… Айтпақшы! Бір нәрсе айта кетейін, Жұбаныш айтқан сын аяғымыз асфальтқа тигеннен бастап көріне бастады. Сенесіз бе табанымыз асфальтқа емес, құдды бір жанған көмірдің қалдығына айналған күлге тигендей болды. Тым асыра төмендетпей-ақ қояықшы! Мердігер мырзаның мазасы қашып, жүрегі жарылып жүрер. Төселген жолдың арасында асфальт бар. Бірақ, тым аз секілді. Әсіресе, ғимарат артындағы төселген асфальттың сапасы өте нашар. Тіпті, асфальт деуге келмейді. Бәлкім бұл жолдың тым суықта төселгенінің кесірінен болар. Кім білсін?!
Сыртын айналып өтіп, ғимараттың ішіне кірдік. Мұнда да кемшіліктер жетерлік. Ғимарат ішіне жарықты көп беру үшін үлкен терезелер салыныпты. Бұл – жақсы. Енді жаман тұсына тоқталайық. Әлгі терезелер арнайы торлармен қоршалмаған. Үш-төрт рет доп тисе, терезенің төзімділігі тап сол сәтте таусылайын деп тұр. Бұл – бір. Екіншіден, төбеден су аққан жәйттерді де байқадық. Құдай-ау! Қалайша, бұл – су жаңа ғимарат емес пе?! Кешеннің үлкен алаңы мен төрешілер отыратын бөлмеде де су тамшылап тұр. Тіпті, төрешілер отыратын бөлме төбесінің бір бөлігі жерге құлап түскенін аңғардық. Жоғарыдағы біз атаған кемшіліктер «бергі жағы»екен. Сорақылықтың көкесі алда болып шықты. Біз оны мердігердің мазағы ма деп түсіндік. Үлкен алаңда орналасқан футбол қақпасы төрт бұрышты үлгідегі темірден жасалған екен. Біздің білуімізше ол дөңгелек үлгідегі темірден жасалуы керек. Осылайша құрылысшылар бала қауіпсіздігін шетке ысырғандай көрінді. Сондай-ақ, құрылысшылар аталмыш қақпаның үстіне баскетбол торында жапсарлас орнатыпты. Бұл енді әлгі құрылысшылардың, мердігердің шектен шыққандығы деп түсіндік. Шыны керек, қаңқасы қисық соғылған қақпаға қарап, еріксіз езу тартасың. Құдды бір бұл қақпаны көп функционалды спорт кешеніне
Тақырыпқа тұздық:
Осыдан төрт жыл бұрын орталықта зәулім спорт кешені салынған болатын. Оның үлкен залы, көрермендер мен құрметті қонақтар отыратын секторы, жаттығу және жуынатын бөлмелері бар. Сәулеті келіскен ғимаратты салуға 362 миллион теңге жұмсалғанын біз жақсы білеміз. Ал Луговойдағы спорт кешеніне бақандай 369 миллион қаражат жұмсалыпты. Нәтижесінде екеуін салыстырсақ, құрылыс сапасы мен сәулеті жағынан жер мен көктей. Ойланатын мәселе ме? Меніңше иә!
емес, ауыл шетіндегі алаңға орнатқандай әсер қалдырады. Құрылыс барысында жіберілген ұсақ қателіктерді айтпай-ақ қояйық. Ең дұрысы спорт кешеніне барып, ондағы өрескел қателіктерді өз көзіңізбен көргеніңіз абзал.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Жолдауында «Денсаулық кепілі – дене шынықтыру. Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс. Жалпы, Токио олимпиадасының қорытындысына байланысты спорттағы ахуалды бөлек кеңесте қарау қажеттігі туындап отыр» – деп спорт саласының көрсеткіштері төмендеп бара жатқанын айтып, дабыл қаққан еді.
Расымен де, спорттағы соңғы көрсеткіштер мен нәтижелер көңіл көншітпейді. Ал бөлінген қаражаттар қомақты. «Ендеше мәселе неде?» деген заңды сауал туындайды. Біздіңше, бар мәселе осы іске жауапты мамандардың жауапкершілігінің жоқтығында. Құрылыс барысында бақылауды күшейту қажет еді деген ойда қалдық. Алақандай ауылдың өзінде дәл осындай олқылық болып жатқанда республика көлемінде жіберіліп жатқан кемшіліктерді сөз ету артық болар…
Тілші түйіні:
Не десек те, бұндай бағытпен «Жаңа Қазақстанды» құра алмайтынымыз белгілі. Сыбайлас жемқорлығы дендеп, жауапкершілігі төмендеп кеткен қоғамды жөнге қою оңайға соқпайын деп тұр. Сондықтан да бізге түбегейлі өзгеріс қажет. Ал ол өзгерісті түзетуді әр адам өзінен бастаса, қоғамдағы ахуал да өзгермек. Оған тек сенім мен талпыныс және жауапкершілік қажет.
Жәнібек СҰЛТАН.