Сарыптан сақтануды білесіз бе?

621 Views

Адамдарға сарып ауруының жұғу себептері, мал шаруашылығында жұмыс істейтіндердің тазалық шара­ларын жетік білмеуінен, малдармен жұмыс істейтіндер үшін қолайлы жағдайдың жасалмауынан, малмен жұмыс істейтін азаматтардың, осы жұмысқа уақытша қамтылатындардың санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтамауынан болып келеді. Бруцеллез – бұл адамдар мен малдардың, бру­целла – төменгі температура мен дымқыл ортаға тұрақты ұсақ микро­ағзалармен жұғатын жұқпалы ауру. Көңде 75 күнге, жерде — 3 айға, қойдың жүнінде — 3-4 айға, сүтте — 20-70 күнге дейін сақталады. Қайнатқан кезде олар бірден өліп қалады.
Қалай жұқтыруға болады? Қоз­дырғыш көзі ауыл шаруашылық малдары (ұсақ және ірі мүйізді жануарлар, шошқалар), кей жағдайда ит пен мысықтар. Жануарларда ауру белгілерсіз, жасырын өтеді, бірақ та бруцелла зәрмен, нәжіспен, сүтпен бөлініп шығады. Адамдар осындай мал­дармен байланыста болғанда және зарарланған тамақ өнімдерін (сүт, қаймақ, ірімшік, сары май т.б.) қолданғанда, тері бүлінуі арқылы (мал тудырғанда, мал сойғанда, жүн қырқу) жұқтырады. Бруцеллезбен ауырған адам қоздырғыш көзі болып табылмайды.
Жіті бруцеллез қалай өтеді? Ауру жұқтырғаннан аурудың бірінші белгілері білінгенше 1-3 апта, кейде бірнеше ай, ауру біртіндеп басталады. Қызу 37°-тан 39-40°-қа дейін көтеріліп 3-7 күн адам қалтырап, дірілдейді. Сонымен қатар, лимфа түйіндері ұлғаяды. Бұлшық ет және буындары ауырады. Созылмалы бруцеллез белсенді және белсенді емес болуы мүмкін. Белсенді түрінде қалыпты жағдайдағы адамда аздап қызу көтеріледі. Аурудың жағдайы ауру белгілері байқалғанда күрт төмендейді. Бұндай жағдайда сүйену-қозғалу аппараты зақымданады, соның нәтижесінде, бірнеше буын, негізінде ірі буындар және омыртқа (бел-сегізкөз). Буындары мен омыртқасы қозғалысы шектеліп, ауырсынып жүреді. Жүйке жүйесі, (радикулит), жыныстық жүйе бұзылады (еркектерде белсіздік, әйелдерде бедеулік). Созылмалы белсенді емес бруцеллез – асқынусыз айлап, жылдап жүре беретін ауру. Аурудан сауығу жіті және созылмалы түрден кейін де болады, бірақ бәрібір буын, омыртқа немесе ішкі мүшелердің өзгерістері болуы мүмкін. Жиі жағдайда ірі буындарда түрін және қызметін өзгертетін өзгерістер қалады.
Бруцеллезбен ауырғанда өлімге әкеп соқтыратын жағдайлар аз. Ауру жиі жағдайда асқыну нәтижесінде, ауру салдарынан (буын қозғалысының шектелуі) еңбекке жарамсыз болып қалуы мүмкін. Ми зақымданғанда еңбекке жарамдылық төмендейді.
Бруцеллезге диагноз зертханалық және рентгендік зерттеуден соң қойылады. Қанды бактериологиялық зерттеуден өткізеді. Бруцеллезбен ауырған адам айналасына қауіп төндірмейді.
Бруцеллездің алдын алу – бұл ауыл­шаруашылығы малдарының бруцеллезімен күресу және оларды күтіп-баптаудың ережелерін сақтау. Бруцеллез ауруы қаупі бар адамдарды (сауыншы, малшы, сақманшы, қасапшы) бруцеллезге қарсы егіледі. Міндетті алдын алу шараларының бірі тамақты зарарсыздандыру: ет, сүтті қайнату, дайын ешкі ірімшігін 2 ай, қатты ірімшікті 3 ай ұстау.
Мал ұстайтын жай көңнен, түсік қалдықтарынан тазаланып, 20 хлор әгімен, 5 сабынкреозол қоспасымен, 2 формальдегид ерітіндісімен зарарсыздандырылуы керек. Барлық жеке шаруашылығындағы мал күтетін адамдар жеке бас тазалығын сақтап және жылына 1 рет алдын алу тексеруінен өтулері керек.

К.Кабираева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы.

Поделиться ссылкой: