Аурухана ішілік инфекциялар дегеніміз не?

2 334 Views

Аурухана ішілік инфекция (немесе нозокомиальды, госпитальды) дегеніміз – бұл науқастың ауруханада емделуі барысында өз сырқатынан басқа сырқатты жұқтырып алуы. Көбінесе үш тәуліктен аса мерзімде дамыса немесе ауруханадан шыққан соңғы үш тәулік бойында байқалса бұл аурухана ішілік инфекция ретінде қарастырылады. Медициналық қызметкері жұмыс істеу барысында қандай да бір жұқпалы аурумен ауырып қалуы (кәсібіне байланысты) да осы топқа жатады. Науқас тек ауруханада ғана емес сонымен қатар басқа да емдеу мекемелеріне ем алу немесе тексерілу мақсатымен баруы кезінде аурухана ішілік инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін. Аурухана ішілік инфекция бұл бүкіл әлемде күрделі мәселе тудырып отыр.
Мысалы, АҚШ-та АІИ-дан жыл сайын 90 мың американдық өмірден өтеді. Германияда жыл сайын 450-650 мың госпитальды инфекция жағдайы тіркеліп, оның шығыны 3 млрд. еуроны құрап отыр. Францияда 2001 жылы 4 млн-нан астам адам ауруханада емделу күндері болуын, яғни науқасты емдеудегі артық қаржы кетудің себебін медицина қызметкерлерінің «қолдарын дұрыс жумауынан» деп есептейді.
Емдік мекемеде АІИ-мен аурушаңдықтың себептері:
Көп мөлшерде инфекция көзінің болуы және таралуына қолайлы жағдай. Пациент ағзасының төзімділігінің төмендеуі.Қоздырғыштардың қоршаған ортаға, залалсыздандырғыш заттарға төзімді болуы. Негізгі себептердің бірі: антибиотиктерді «оңды – солды» қолдана беру. Нәтижесінде көптеген антибиотиктерге төзімді штамдар пайда болады. Бактериотасымалдаушылықтың туын­дауы. Қазіргі уақытта меди­цина қызметкерлері бактерио­тасы­мал­даушылығы АІИ-ның негізгі көзі деп есептейді.
АІИ тууы мүмкін контин­гент­тердің жоғарылауы:
Ауруханада емделіп жатқан және емханада ем алушы пациентердің арасында төмендегі топтардың жоғарылауы: қарт адамдар; ерте жастағы балалар ағза қарсылығының төмендеуімен шала туған балалар; әртүрлі иммунодефицитті жағдайлы науқастар; қолайсыз экологиялық фактордың әсеріне байланысты қолайсыз преморбитті фонның болуы.

Жазира Рысбаева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлім басшысы.

Поделиться ссылкой: