Ораза айт мерекесіне орай

352 Views

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!
Сіздерді ұлық мейрам – Ораза айттың келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Айт қабыл болсын!
Ораза айт – жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрам.
Қасиетті Рамазанның аяқталғанын білдіретін мейрамда, жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайтын сәулелі сәтте сіздерге, отбасыларыңызға Алланың амандығы мен берекесін тілейміз.
Оразадан оразаға дейін аман-есен жете берейік! Мерекелі, берекелі сәттерде жүздесуді жазғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Сұлтаншәріп қажы Жадраев,
орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы.

Ораза айт – Рамазан айы аяқталған­нан кейін басталатын берекелі мейрам және бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті күн.
Рамазан айы – ислам күнтізбесінің тоғызыншы айы және бұл күні әр мұсылманның ораза ұстауы талап етіледі. Отыз күн ораза ұстаған адам жаман әдеттерден тиылып, нәпсісіне шектеу қояды. Яғни, күнделікті ішіп-жеу, бос сөз сөйлемеу сияқты жағымсыз әдеттерден арылады.
Ораза Айт – кешірім мен мейірімділік мерекесі. Бұл күн – бейбітшілік пен келісімнің жаңа айы. Мейрам басталар уақытта адамдар жаман ойларды санасынан өшіріп, жан дүниесін рухани тазртуы қажет. Мұсылман қауымы оразадан кейін Құдайдың дұға-тілектерінің орындалатынына сенеді.
Аталмыш мереке 624 жылы Мұхаммед пайғамбардың шешімімен белгіленді және ислам күнтізбесінің тоғызыншы айында барлық мұсылмандар үшін қасиетті кітап – Құран және жазбаша Забур, Інжіл, Таурат кітаптары түсті.

Ораза Айт – Рамазаннан кейін келетін Шәууәл айының алғашқы күні. Ораза Айт Ид- аль- фитр мерекесі деп аталады. Шын мәнісінде, бұл мереке тек бір күнге созылады. Алайда, қалған екі күн де мереке күндері болып есептеледі.Ораза айттың бірінші күні таңертеңгі дұға аяқталғаннан кейін сағат 6:00-де мешіттерде басталады. Мерекелік уағыздың басталуы әр аймаққа байланысты өзгеріп отырады.Көптеген мұсылман елдерде Ораза Айт мерекесі демалыс күні болып табылады.

Мұсылмандар арасында Ораза Айт намазына барарда әдеттегідей сәресі ішіп, ауызды бекітіп бару керек деген мәлімет кең тараған. Алайда, Айт күні Рамазандағыдай сәресі ішудің қажет жоқ. Шариғатымызда мұндай міндет жоқ. Тек, айт намазына шығарда тақ санды: 1,3,5,7… құрма жеп шығу Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті болып табылады. Егер кімде-кім сәресі ішкен болса, немесе айт намазы алдында тамақтанған болса, бұл нәрсеге де тиым салынбаған.

Пітір садақасы Рамазан айында, яғни Рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет. Егер пітір садақасын бермегендер болса, бірінші кезекте Айт намазына дейін пітір садақасын беруі тиіс. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып қалады. Қазақстан­да қайырымдылықтың минималды мөл­шері 300 теңгені құрайды.
Пітір садақасы мұсылмандарға һижра жыл санауы бойынша екінші жылы шағбан айында парыз болды. Бұл жөнінде пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мүбарак хадисінде келген: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға рамазан айында пітір садақасын беруді парыз етті». Пітір садақасының мөлшері жыл сайын шариғат бекіткен азық-түліктердің бағасына байланысты өзгеріп тұрады.
Құрметті аудан тұрғындары!
Биылғы жылы ораза айт мерекесі мамыр айының 2-ші жұлдызына тура келеді. Ауданға қарасты мешіттерде айт намазы сағат 7:00 де оқылады. Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңызды, жасаған құлшылықтарыңызды Алла қабыл етіп, мол сауаптан жазсын!
Т.Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: