2 445 Views
Денсаулық – жеке тұлғаның қоршаған ортамен бейімделу арқылы жеткен үйлесімі. Мейірбикелік іс қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты адам денсаулығының потенциалды немесе бойында бар проблемаларын шешуге бағытталған ғылым мен өнер. Мейірбике өмір философиясымен бөлісетін, кәсіби білімі бар маман. Ол білімі мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбике – емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.
Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейірбикелік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді.
Медицина ғылымының өсіп-өркендеуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы медицина мейірбикелерінің рөлі артып келеді.Медицина қызметкерлеріне ең қымбат – адамдардың өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. Ол тек науқас және олардың туыстарының алдында ғана емес, тұтас алғанда мемлекет алдында да жауапкершілікте. Сондықтан да, медицина қызметкерлерінің арасында мейірбикелерге де үлкен міндеттер жүктелген. Мейірбикелер жоғары кәсіби шеберлік иелері болумен қатар, бақылаушылық, науқастың бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістерді көретін, байқағыштық қасиеттерге де ие болғаны жөн. Олар ұстамды, өзінің сезімталдық берілгіштігін басқара білетін, эмоциялық тұрақтылықта тәрбиеленген жандар болуы тиіс. Оның ішінде әлбетте мәдениеттілікті сақтауға баса мән беріледі.
Науқас адамдармен жұмыс жасау – қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Медицина мейірбикелері дене және психикалық саулығының деңгейіне қарамастан, әрбір адамның құқығын құрметтеуі және нақты медициналық жәрдемді беруге міндетті.
Мейірбикенің талапты мақсаттары:
• Кәсіби шеберлік – жақсы маман болу;
• Денсаулық – адаптация арқылы жететін қоршаған ортамен динамикалық адамдар гармониясы;
• Тәуелсіздік және меншік. Ықыласқа ие болу дербестігі.
• Мейірбикенің адамгершілік қасиеттері.
Адал қызметкер болу – құрметке, беделге жеткізетін мінездеменің сипаты. Жақсы мейірбике адамдардың арасындағы жақсы мен жаманның арасын айыра білуі және білімді, іскер, шыдамды, қайырымды, алдына қойған мақсатына жете білуі қажет.
Мейірбике ісіндегі тілдесу науқасқа жеке әсер етіп, оның денсаулығын жақсарту арқылы өміріне өзгеріс әкелуі мүмкін. Науқасқа мүмкіндігінше үлкен көмек беріп, қолдауы үшін мейірбике коммуникативті және кәсіби білімі жоғары болуы тиіс. Науқастарды дұрыстап тыңдай білгені, оның қиналысына түсіністікпен қарап, қамқорлық танытып, қойылар сұрақтарға мән бергені жөн. Науқаспен және оны күтумен айналысып жүрген барлық адамдармен дұрыс тілдесуі керек. Мейірбикеден «оларды сыйлау және жазылып шығамын-ау» деген сеніміне түсіністікпен қарау талап етіледі. Сонда ғана науқастар өздерінің жазылатынына сенім ұялатып, жаңа жерге қалыптасу процесі тез жүрмек.
Медицина мейірбикесінің қабілеттілігін, оның атқаратын қызметін В.Хандерсонның: «Мейірбике аяғы жоқтың – аяғы, көзі көрмей қалғанның – көзі, әлсіздерге – сүйеніш, сөйлей алмайтындарға – ауыз», – деген сөзінен айқын байқауға болады.
Мейірбике ісі – тұрғындарды қолжетімді дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Жанар Мақұлбаева,
қабылдау бөлімінің мейірбикесі.
Поделиться ссылкой: