Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
25 ViewsӨткен жұмада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық…
Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні болып белгіленген.
Біздің елімізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін заңнамалық күші бар құжат Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі. Еңбек қатынастарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының негізгі мақсаттарының бірі жұмыскерлердің жұмыс атқарудағы құқығының қорғалуы, сондай-ақ, жұмыскерді жұмыс атқару кезінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан сақтау. Кезкелген өндірісте жұмыс беруші өз жұмыскеріне еңбекке қауіпсіз жағдайларды жасауға міндетті. Жұмыскер – кәсіпорында бекітілген ережелерді сақтауға тиіс. Барлық жерде және әрқашан есте сақтауды қажет ететін басты қағидалар:
– Жұмыскерлерінің саны 50 адамнан асатын өндірістік ұйымдарда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қызметі әрекет етуі тиіс.
– Жұмысқа қабылданған адамдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдастыратын оқытудан өтеді, кейіннен міндетті түрде оның біліміне тексеру жүргізіледі. Мұндай іс-шараларды жұмыс беруші жүйелі түрде жүргізіп отыруы тиіс.
– Әр жұмыскер жұмысқа қабылданған кезде: еңбек шартқа қол қойып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқама беруден және білімдерін тексеруден өтеді.
– Жұмыскер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтап қана қоймай жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды ұмытпағаны жөн.
– Әр қызметкерді жұмысына сәйкес қорғаныс құралдарымен қамсыздандыруды жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді.
– Жұмыстың түріне байланысты оған жеке қорғаныс құралдарының болатындығын әр жұмыскер білуі керек. Олардың тізімі ҚР нормативтік актілермен бекітілген.
– Егер жұмыскер өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстан бас тартса, ол – тәртіптік сондай-ақ, материалдық жауапкершілікке тартылмайды.
– Жұмыс беруші жұмыскерді жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпеген жағдайда, денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін ахуал туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмыскер жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы.
Құрметті жұмыс берушілер мен жұмыскерлер еңбекті қорғап, еңбек қауіпсіздігін сақтап жүрейік. Біздің қауіпсіздігіміз – біздің өміріміз. Еңбек қауіпсіздігі өзімізден басталады.
Лайықты жұмыс – қауіпсіз жұмыс!
Арман Мамырбаев,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту секторының меңгерушісі.