ҚҰРМЕТТІ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

160 Views

Әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарын­да заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақырулар таратуда. Осы­ған байланысты, Т.Рысқұлов ауданы­ның прокуратурасы митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылдан­ған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа
Заңмен реттелетінін түсіндіреді.
Бұл заң елде бейбіт жина­лыс­тарды ұйымдастыру мен өткі­зу­ді демократияландырып, же­­­ңіл­­детті. Нақты айтқанда, жи­на­лыс­тар, митингілер мен пикет­тер­ді ұйымдастыру және өткізу үшін ха­барлама жасау тәртібі қарас­ты­рылған. Оларды өткізу туралы ха­барлама белгіленген күнге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жергілікті атқарушы органға жазбаша нысанда беріледі. Онда бейбіт жиналыстың мақсаты мен нысаны, ұйымдастырушылар мен қоғамдық тәр­тіпті сақтауға жауапты адамдар­дың деректері көрсетіледі (Заңның 10-бабы). Аталған хабарламаны жергі­лікті атқарушы орган оны тіркеген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарауға тиіс (Заңның 11-бабы). Осы 3 күн өткеннен кейін жауап болмаған жағдайда, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізуге құқылы. Демонстрация­лар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі. Ол үшін ұйымдастырушы оның өткізілетін күніне дейін 10 жұмыс күн бұрын өтініш беруге, ал жергілікті атқарушы орган ол бойын­ша 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12, 13-бап­тары). Ұйымдастырушы өтініште қатысушылардың жүру бағытын, сон­дай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтауды, медициналық көмекті ұйымдасты­­руды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу шараларын көрсетеді (Заңның 12-бабы). Өтінішті қарау қорытындылары бойынша жергілік­ті
атқарушы орган ұйымдастыру­шыға демонстрация немесе шеру өткізу келісілгені не оны өткізуден бас тартқаны туралы хабарлайды (Заңның 13-бабы). Заң бойынша бейбіт жиналыстар қатаң түрде арнайы жерлерде және қалалық, аудандық мәслихаттармен бел­гілеген маршрут бойынша ұйым­дастырылуы және өткізілуі тиіс. Алайда ұйымдастырушылар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы жергілікті атқару­шы органдарға тиісті хабарламалар мен өтініштер бермеген немесе олар бойынша келісуден бас
тар­тылған.

Поделиться ссылкой: