Шоқ тілді Шона
18 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында іргелі істер еңсеріліп келеді. Оны ауданымыздың әлеуметтік дамуынан айқын аңғаруға болады. Елбасы жүктеген 10 негізгі міндеттің жетінші бағыты білім саласымен тікелей байланысты. Сондықтан Президент Жолдауындағы нақты тапсырмаларды орындау барысында аудандық білім бөлімі көптеген қызметтерді атқаруда.
Жаңа оқу жылында жағымды жаңалықтар мен білім саласында тың серпілістер көп байқалады. Аудандағы бірнеше мектептердің статусының жоғарылауы соған дәлел. Атап айтқанда, Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп «мектеп-лицей» атанса, аудан орталығындағы Құлан орта мектебі «мектеп-гимназия» мәртебесіне ие болды. Осы күнге дейін алдыңғы қатардан көрініп келген қос білім ордасы сол үрдісінен таймаса, алдағы уақытта ауданның білім сапасын арттыруға өз үлесін қосатындығына сенімдіміз.
Білім сапасын арттыруда ұстаздардың үлкен рөл атқаратындығы белгілі. Олардың жан жақты, шығармашыл және білімді болуы маңызды факторлардың бірі. Педагогтардың біліктілігін арттыру бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Ауданда барлығы 1850 мұғалім жұмыс атқарады. Оның ішінде 239-ы жоғары, 567-і бірінші, 546-ы екінші санаттағы мұғалімдер. 2018 жылдың қаңтар-мамыр аралығында аудан бойынша 266 мұғалім біліктілік арттыру курсына қатысып, сертификат алды. Ал, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 5, 6, 7, 8 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерінің 225-і Тараз қаласына барып, біліктілігін арттыру курсынан өтті. Жалпы жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағымдағы жылы 491 педагог біліктілікті арттыру курсын аяқтап шықты.
Қазіргі таңда мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқару үшін барлық құжаттарды электрондық жүйеге ауыстырудамыз. Жаңа оқу жылында аудандағы барлық мектеп «Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауды бастады. Мектептердің барлығы кең жолақты интернет желісіне қосылды. Бұл дегеніміз – Президентіміз ұсынған «Цифрлы Қазақстан» жобасына басқан алғашқы қадамдардың бірі деп білеміз. Аталмыш жоба аясында оқушылардың терең білім алуы үшін Көгершін ауылындағы Ақтоған орта мектебінде ІТ сынып ашылғандығын да айта кеткен жөн болар. Онда оқушылар жаңа озық технологияларды сабақ барысында емін еркін қолдана алады.
Жолдауда «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» деп үш тілге баса назар аударылған еді. Осыған байланысты ауданның кейбір мектептерінде «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерінің мұғалімдері ағылшын тілін кіріктіріп оқытуда. Ол үшін 37 мұғалім В1 11 мұғалім, В2 деңгейін және жергілікті курстан өтіп, сертификат алды. Биылғы оқу жылында да бұл жұмыс өз жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, аудан мектептерінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасы күшейтіліп келеді. Себебі, Жолдауда айтылғандай бұл жұмыстар жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты ретінде қарастырылып отыр.
Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда. Баланы оқытудағы ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Біздің алдымызда – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру сынды сан түрлі міндеттер тұр. Сол себепті де, біз Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды жұмыла орындауымыз қажет. Сонда ғана жарқын болашақтың есігі біз үшін айқара ашылатындығы сөзсіз.
Е.СЕЙТЖАПАРОВ,
аудандық білім
бөлімінің басшысы.