Ағаш көшеттері отырғызылды
64 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Оқушының иммунитеті жоғары болып, әр түрлі ауруларды өздігінен жеңе білуі – әрбір ата-ананың маңызды мәселесі. Алайда иммунитет көтереміз деп ауырмай жатып түрлі дәрі-дәрмекке жүгініп, дәріхана табалдырығын тоздырудың қажеті шамалы. Себебі дәрілер ағзаның бір мүшесіне пайдасын тигізсе, екінші мүшесіне зиянын тигізетінін бәріміз білеміз. Сол себепті қандай жағдай болса да барынша табиғи тәсілдерді қолданған абзал. Жаңа туған нәресте иммунитетті бірінші кезекте ана сүтінен алады, анасының иммунитеті, денсаулығы жақсы болса, бала үшін де еш уайымдаудың қажеті жоқ. Міне, осы кезде ата-анасының көмегі керек. Баланы үп еткен желден қорғаштай бермей, керісінше, бірте-бірте салқындау температураға төзімді етіп үйреткен жөн. Күн райына байланысты лайықты киіндіріп, ауа-райы қандай болса да, баланы таза ауаға далаға жиі шығарыңыз. Жуындырған кезде ысқылтым судың орнына жылылау су қолданыңыз. Бала денесі осылай өзі үйренісе бастайды. Уақтылы екпеден (прививка) қалдырмау да бала иммунитетін көтеруге көмектеседі, оның пайдасы болмаса ешқандай зияны жоқ. Таза ауада серуендеп келгеннен кейін баланың беті-қолын жууды әдетке айналдырыңыз. Таңертеңгілік жаттығу жасауға үйретіңіз, шынықтырыңыз. Күнделікті жеткілікті мөлшерде су ішіп, тамағы тоқ, ұйқысы қанық болған баланың иммунитеті әлсіз болмайды. Сонымен қатар, балаға әрдайым көңіл бөліп, мейіріміңізді төгіп, көңілі көтеріңкі болуын да қадағалаңыз. Ол жататын бөлменің ауасын тазартып, желдетіп отыруды ұмытпаңыз. Осы әрекеттердің барлығы баладағы мықты иммунитеттің кепілі. С дәруменімен ағзасын қуаттандырып, тәтті, майлы тағамдарға әуес болмауға дағдыландырыңыз.
Иммунитет әлсірегенін қалай білуге болады?
Алдағы суық мезгілдерге ағзаны дайындау қажет. Деніңіздің саулығына бүгіннен бастап алаңдамасаңыз, ертең суық күшейтілген болса, кеш болады. Бастысы дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданыңыз. Ас қорыту жүйесін реттеңіз. Жеке гигиеналық тазалықты сақтаңыз. Ең маңыздысы, күліп жүруді ұмытпаңыз. Күйзеліс, депрессиялық жағдайлар да иммунитетті әлсірететінін ғалымдар айтып-ақ келеді.
Иммундық жүйені қалай күшейту керек?
Назарыңызға ғалымның иммундық жүйесін күшейтуге қатысты кеңесін ұсынамыз. Вирус ағзаға түскен иммундық жасушалары мен молекулалары қорғану үшін жиналады. Олар аз мөлшердегі вирусты тез ара да жоюға қауқарлы. Алайда көп мөлшердегі вирусқа қарсы күресу оңайға соқпайды. Ол үшін иммундық жүйе алдын ала дайын болуы қажет. Иммунитет дайындалған сәтте вирус еш кедергісіз өкпеге де, басқа органдарға да қолданылады. Мұның алдын-алу үшін иммундық жүйе миллиондаған вирус пен бактерияға қарсы күресуге дайын болу керек. Иммундық жүйе вирустың түрін анықтаған соң, сізге ұқсас мыңдаған Т және В жасушылары пайда әкеледі. Бұл ағзаның вируспен күресетін әскері істпеттес. Жасушалар антиденелерді түзу арқылы күреседі. Олар вирустың көбейіп кетпеуіне кедергі жасап, басқа мүшелерге таралуға жол бермейді. Өкінішке орай, көп жағдайда иммундық жүйені жедел түрде алмай, коронавирусқа тосқауыл бола алмайды. Мұндайда коронавирус ағзаны оңай жаулап алады. Тек уақтылы тамақ ішіп, жаңа піскен көкөніс пен жеміс жеген дұрыс. Иммунитетті күшейтетін А, В6, С, D, Е витаминдері, фолийқышқылы, мырыш, селен, темір бар. Бұған қоса саламатты өмір салтын ұстанып, зиян әдеттерден бас тарту қажет. Ішек микробаларының баланста болуы маңызды. Ең бастысы, денені шынықтыру керек екенін есте ұстаңыз. Көп қимылдаңыз. Қимыл-қозғалыс кезінде адамның қан айналымы жақсарып, бұлшық еттері қалпына келеді. Дененің ырғалуы ішектің де бұлшық еттерін реттеп, қызметін жақсартады. Сосын, әрине, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, тыныш та сапалы ұйықтау және т.б. әркімге пайдалы.Әдетте адамдар иммунитетті сақтаудың рөлі мен мүмкіндігін ауырған кезде ғана ойлайды. Иммунитет тапшылығы – кез келген адамды ауруға алып баратын тіке жолдың бірі. Сондықтан әр адамға денсаулығын сақтау және иммундық жүйені нығайту маңызды.
Г.АҚылбаева,
аудандық санитариялық — эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.