Дөңгелек үстел өтті

456 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Әкімшілік рәсімдік процестік кодекстің нормаларына медиацияны қолдану» және «Мемлекеттік тілдің сот төрелігінде қолданылуы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға аудандық сот­тың төра­ғасы міндетін атқару­шы С.Узбеков, судья Л.Байтленова, аудан прокуратурасының прокуроры Д.Айтбек, аудан әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы Т.Мамырбай, аудан әкімдігі жер қатынастар бөлімінің бас маманы Б.Әбенов, Т.Рысқұлов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер бас­қарма­сының өкілі Б.Нұрбек, мем­лекет­тік сот орындаушы С.Айтжанов қатысты.
Дөңгелек үстелде төраға м.а. С.Узбеков Әкімшілік рәсімдік-процес­тік кодексінің жалпы нормаларын түсін­діріп, өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерінің сақталуына ерекше назар аударып, сот бақылауының тәртібі, соттың іс жүргізу шараларын қолдануы туралы түсіндірді.
Сондай-ақ, процессуалдық құқықтарды теріс пайдалану және процессуалдық міндеттерді орындамау бойынша іс жүргізу салдары бөлігінде АППК-ның жалпы ережелеріне кеңінен тоқталды. Ол лауазымды тұлғаға, заңды тұлғаға немесе оның өкіліне 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде ақшалай айыппұл түріндегі зардаптар салынатынын атап өтті.
Сонымен қатар, дауды сотқа дейін реттеу тәртібіне, АППК тараптардың бірі, әдетте, мемлекеттік орган болып табылатын, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын татуластыру рәсімдерін жүргізу мүмкіндігін қарастыратынына тоқталды.
Судья Л.Байтленова мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтіп, күнделікті қаралып жатқан істердің қазақ тілінде қаралуының саны мен сапасын арттыру қажеттілігін атап көрсетті.
Лауазымды адамның мемлекеттік тілді білмеуінен туындаған өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ, олардың қызмет ету саласында мемлекеттік және басқа тілдердің қолданылуына кез келген кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.
Сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда сот ісін жүргізу кезінде мемлекеттік тілмен бірге орыс немесе басқа тілдер қолданылады. Іс жүргізу тілін білмейтін немесе жеткілікті деңгейде сөйлемейтін адамдарға тегін аударма беріледі, ал олар өздері сотта ана тілінде жауап беруге, шағымдар мен арыздар беруге құқылы.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: