Аусыл – вирустық ауру
Аусыл – (лат. Арhtae epizooricae, ящур, ағыл. Ғоot аnd тоuth disease-FMD) aca жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы.
Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, буйвол, қодас, түйе, бүғы және көптеген жабайы ашатұяқтылар (сайғақ, бұлан, елік). Бірлі-жарым бұл ауруға ит пен мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де шалдығатыны туралы хабарлар бар. Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда ауру малды бағып күткенде, аусылмен адам да ауырады. Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру ауыр түрінде өтеді.
Аусыл кең жайылған індет ретінде жылдың әр мезгілінде, оның ішінде күздің аяғы, қыстың басында жиірек байқалады. Әдетте індет 5-8 жылда, кей жерлерде 2-3 жылда қайталанады.
Вирус денеге ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабығы арқылы енеді. Вирустың алғашқы репродукциясы 18 сағат өткеннен соң-ақ жұтқыншақтың кілегейлі қабығында, бас пен мойынның сөл түйіндерінде байқалады. Вирустың енген жерінде алғашқы күлдіреуік пайда болады. Бастапқы орын тепкен жерінен вирус сөл жолдары арқылы қанға, одан кейін лимфоидты-макрофагтық жүйенің ағзаларына өтеді. Онда вирустың мол мөлшерде шоғырланып, инфекция ошағын түзуіне қолайлы жағдай болғандықтан, бұл сәт қайтадан өрбитін виремияның алғы кезеңі болып табылады да, клиникалық тұрғыдан дене ыстығы көтерілуімен, жүні жоқ жерлерде (қаңсар, мұрын тесігі, желін), кілегейлі қабықтарда (ауызда, өңеште, таз қарында, қынапта) және тұяқ көбесі мен тұяқ ашасының терісінде күлдіреуіктер пайда болуымен ерекшеленеді. Әдетте бұның бәрі қағынғаннан соң 48 сағат өткенде немесе одан сәл кешірек байқалады.
Біздің елде шекаралас мемлекеттерден ауру мал әкетуге тыйым салынған. Аусылдың мүмкін болатын табиғи қорламалары (мысалы, киіктер арасында) есепке алынып, одан ауруды үй жануарларына жұқтырмау шаралары қарастырылады. Ауру мал тұрған қораны күн сайын, басқаларын үш күнде бір рет 2% күйдіргіш натрий ерітіндісімен дезинфекциялайды. Аусылдан сау өлкеде ең алғаш ауруға шалдыққан малдарды сол жердің өзінде тиісті ветеринариялық санитариялық ережелерді сақтай отырып сояды. Етті шаруашылықтың өзінде пайдаланады, оны шикідей шетке әкетуге тиым салынады. Сүтті қайнатқан немесе пастерлеген соң ғана әкетуге болады. Шаруашылыққа «aycbuitа» қарсы егілген малды ғана, егілген соң 23 күн өткенде әкелуге рұқсат етіледі.
Тұрар Рысқұлов аудандық
ветеринариялық станциясы.