Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылдың 9 айында жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері

334 Views
  • Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі

Жамбыл облысы бойынша ішкі мем­лекеттік аудит департаменті (ары қарай-Департамент) ішкі мемле­кет­тік аудит жөніндегі уәкілетті ор­ган бюджеттік бағдарламалар әкімші­ле­рінің қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізуді, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайда­ланылуына, Қазақстан Респуб­лика­сының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамаларының сақ­талуына сәйкестік аудитін жүзеге асы­рады. Сонымен қатар мемлекеттік са­тып алу рәсімдеріне камералдық ба­қылау жүргізеді.
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қа­зақстан Республикасы Қаржы ми­нистрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Камералдық бақылау жүргізу қағи­даларын бекіту туралы» №598 бұй­ры­ғына сәйкес, мемлекттік сатып алу­ларға камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылау жүргізудің мақ­саты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң бұзушылықтардың уақ­тылы жолын кесу және оларға жол бермеу. Мемлекеттік аудит объек­тісіне камералдық бақылау нәти­желері бойынша анықталған бұзу­шылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объек­тілеріне әкімшілік жүктемені төмен­дету болып табылады.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алудың тәуекел бейіндері мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары негізінде жүзеге асы­рылады.
2022 жылдың 9 айына 431 208,7 млн. теңгені құрайтын 19 155 мемле­кеттік сатып алуға камералдық бақы­лау жүргізілді.
Жүргізілген камералдық бақылау­дың қорытындысы бойынша анық­талған заң бұзушылықтарды жою үшін Департамент тарапынан ұйымдас­тырушыға/тапсырыс берушіге бар­лы­ғы 2379 хабарлама жіберілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу веб-порталының мәліметтеріне сүйен­сек, бүгінгі күнге өткізілген мем­ле­кеттік сатып алулар бойынша Депар­таментке заңды және жеке тұлғалардан 1100-ден астам арыз-шағым түсіп, 850-ге жуық арыз толық және ішінара қана­ғаттандырылған.
Қанағаттандырылған және /не­ме­се ішінара қанағаттандырылған арыз-шағымдардың негізінде, заң та­лап­тарын бұзып мемлекеттік сатып алудың заңсыз жеңімпазын айқындау фак­тілері анықталып, 607 хабарлама жіберілді.
Жіберілген хабарламалардың нәти­жесінде мемлекеттік сатып алудың қорытынды туралы хаттамасы қайта шығарылды, яғни мемлекеттік сатып алу­дың заң аясындағы жеңімпазы анықталды.
Хабарламаны орындамаған не­ме­се тиісті деңгейде орындамаған меке­мелердің шығыс операциялары тоқта­тылып, бірінші басшыға айыппұл са­лынды.
Мемлекеттік сатып алу саласы бойынша заң бұзушылықтың жүйелі түрде қайталануына байланысты айып­пұл салу туалы хаттамалар да көбеюде.
Нақтырақ айтқанда, заңбұзу­шы­лыққа жол берген лауазымды тұлға­ларына қатысты 635 әкімшілік хаттама толтырылып, 60 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, оның ішінде:
1) мемлекеттік сатып алу веб-пор­талына мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын уақтылы орналастырмау бойынша 6 хаттама;
2) әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгін­беуі немесе уақтылы жүгінбеу бойынша 82 хаттама;
3) бәсекелестік ортаны сақтамай бір көзден келісімшарт жасау бойынша 244 хаттама;
4) конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында, қоры­тынды туралы хаттамада әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қаты­суға арналған өтінімін қабылдамау себептерінің егжей-тегжейлі сипатталымын көрсетпеу бойынша 52 хаттама;
5) тауарларды, жұмыстарды, көрсе­тілетін қызметтерді мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу бойынша 4 хаттама;
6) әлеуеттi өнiм берушiлерге Қа­зақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көз­делмеген бiлiктiлiк талаптарын бел­гiлеу бойынша 18 хаттама;
7) камералдық бақылау қорытын­дысы бойынша анықталған заңбұзу­шылықтарды жою туралы хаттаманы орындамау немесе тиісті деңгейде орын­дамау бойынша 51 хаттама;
Заң бұзушылыққа жол беру өз кезе­гінде бюджет қаражатының уақтылы әрі тиімді игерілмеуімен қатар, бюд­жет қаражатының үнемделуіне, мемле­кеттік бағдарламалардың, орталық аппарат пен өңір басшысының тапсыр­маларының уақтылы орындалуына кері әсерін тигізеді.

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2022 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі

Департаментпен 2022 жылдың өткен мерзімінде 52 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды, оның ішінде: тізім бойынша – 12, жоспардан тыс – 40 заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 50 нысанда жалпы сомасы 30 529,7 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 3 192,5 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар, 27 337,2 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 14 109,7 млн.теңге.
Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 3 192,5 млн.теңгеден қолданылған шаралар арқылы 2 494,0 млн.теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 78,1 пайызды құрады.
Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 47 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. 18 әкімшілік материал салу – 6,2 млн. теңге, өндірілгені – 6,2 млн.теңге, яғни орнын толтыру 100,0 пайызды құрады.
Жүргізілген аудит материалдарының жалпы сомасы 905,6 млн.теңгені құрайтын 6 материал құқық қорғау органдарына берілді.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде камералдық бақылаумен 357 292,3 млн.теңге сомасына 15290 Мемлекеттік сатып алу қамтылды, бұл қарауға жататын 15554 Мемлекеттік сатып алу санының 98,3% құрайды. Оның ішінде 74 169,1 млн. теңге сомасына 2595 Мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықталды, бұл қаралған Мемлекеттік сатып алудың жалпы санының 17% — ын құрайды.
Департаментке тек мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы 2022 жылдың бүгінгі күніне дейін заңды және жеке тұлғалардан 795 өтініш келіп түсті, оның ішінде 384 өтініш қанағаттандырылды, 308 өтініш қанағаттандырудан бас тартылды, 43 өтініш департамент қызметкерлерімен қарастырылуда.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2595 хабарлама жіберілді. Оның ішінде 2559 хабарлама орындалды, бұл жіберілген хабарламалардың жалпы санының 98,6% құрайды.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды уақтылы немесе тиісінше орындамағаны үшін Жамбыл облысының тапсырыс берушілері мен ұйымдастырушыларының лауазымды тұлғаларына қатысты 35 әкімшілік іс қозғалды. Олар қарау және шешім қабылдау үшін сот органдарына берілді.

Жамбыл облысы бойынша Ішкі
мемлекеттік аудит департаменті.

Поделиться ссылкой: