Құтырма – қауіпті дерт

347 Views

Құтырма – барлық жылы қанды жануарлар, хайуанаттарда кездесетін ауру. Ол тістеу арқылы сілекеймен қанға беріледі, яғни жұғады. Құтырма энцефалит (бас миының қабынуы), сал ауруы, құрысқақ түрінде шығады. Аурудың соңы өлім-жітімге әкеп соқтыруы әбден мүмкін.
Құтырма – адамның орталық жүйке жүйесінің зақымдануын аңғартатын вирустық ауру түрі. Қоздырғыш ауруға шалдыққан жануардың сілекейі арқылы беріледі.
Құтырманың асқыну немесе көбею барысы 30-90 күнге дейін жалғасады. Құтырманың жалпы клиникалық бейнесі көпшілікке танымал. Науқас көбінесе жағымсыз күйлерден басталады. Тіс батқан жер ауырады. Мұның арты лихорадкаға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар адамнан ұйқысы қашып, көңіл-күйі болмайды, қорқыныш, шаршау сезімі мен түрлі дыбыстар мен бейнелерге түршігіп тұрады. Сондай-ақ, тыныс жолдары мен жұтынуы қиындап, ақыл-есі бұзылып, сандырақтауы мүмкін.
Құтырманың асқынып кетпеуінің өзіндік жолы да бар, ол – уақтылы антирабикалық вак­цинаны егу. Бұл жануарлар тістеген жағдайларда ауру­ха­наға қаралу кезінде антирабикалық имму­но­­глобулин егіледі.
Мына кеңестерді білу қажет: жануар тістеп алған жағдайда, же­дел түрде травм.пунктке ба­рып, анти­рабикалық көмек алу қажет. Анти­ра­би­калық көмек жарақат орнын өңдеуден (жарақат орнын сабынды сумен мұқият таза­лау), антираби­калық вакцинаны немесе антира­бикалық иммуноглобулин (АИГ) мен антирабикалық вак­цинаны қатар салудан тұрады. Емдік курс жалпы 5 екпеден (0 күн, 3 күн, 7 күн, 14 күн, 30 күн, бұл егер тістеп алған жануар белгісіз болса, немесе өліп қалса) тұрады. Белгілі жануар тістеп алған жағдайда ветеринарға бұл жануарды тексерту қажет. Жануарды асырауға алған адам оның денсаулығы мен күтіміне жауап беру керек.
Жануарлар тістеп алған жағдайда дәрігерлік көмекке көңіл бөліп қарау керек және құтырмаға қарсы екпелердің толық профилактикалық курстарынан өтуі қажет.
Аудан бойынша 2022 жылдың 8 айында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Ауданымызда құтырма ауруын жүқтыру көзі болып табылатын (қанғыбас) иесіз бос жүрген иттерді аулау, жою үшін жедел арада арнайы топ құрып, аудандық бюджеттен қаржы бөлуін өтініп, аудан әкіміне хат берілді. Нәтижесінде аудан әкімдігінен 1 916 000 теңге қаржы бөлініп, оған 1000 бас иттерді аулау, жою жұмыстары жүргізілді.
2022 жылдың 8 айында 158 азамат жануар­лардан зардап шеккендеріне байланысты антирабиялық көмек сұрап, емдеу мекемелеріне келген. Олар екпе уақтысында алған. Екпеден бас тартқан тұлғалар анықталмаған. Антирабиялық иммуноглобулин екпесін қабылдағандар саны – 66 адам.
Аудандық сани­тария­лық-эпиде­миологиялық басқарма ма­ман­дары, құтыр­ма ауруының алдын алу, эпи­демиологиялық ахуал жақсарту мақ­са­тында сақтану жолдары тура­лы санитариялық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізеді.

К.Кабираева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының жетекші маманы.

Поделиться ссылкой: