Қыркүйектің соңғы ЖЕКСЕНБІСІ – ЕҢБЕК КҮНІ

1 024 Views

Қыркүйектің соңғы ЖЕКСЕНБІСІ – ЕҢБЕК КҮНІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылдың 22 қарашасында арнаулы Жарлыққа қол қойып, Еңбек күнін жариялаған болатын. Содан бері айтулы мереке елімізде бесінші рет аталып өткелі отыр. Кәсіби мерекені тойлаудағы мақсат – жастарды еңбекке үйрету, еңбекпен есімі еленген жандарды көпке үлгі ете отырып, беделін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, жұмысшы кәсіптерін танымал қылып, жастарды өндіріс саласына тарту басты назардан тыс қалмауы қажет. Осы бір қағидаларды қаперімізде ұстап бізде аталмыш мереке қарсаңында ауданның әр саласында қажырлы еңбек атқарған және әлі күнге дейін көпке үлгі болып келе жатқан жандар жайында сөз қозғауды жөн көрдік.

ЕҢБЕКПЕН ЕСІМІ ЕЛЕНГЕН

Адам баласын жеке тұлға ретінде қалыптастыратын шешуші күш – еңбек екендігі анық. Еңбекқорлықты жатсынбай, тиісінше жалқаулықтан бойын алшақ ұстаған адам ғана еңбек арқылы талай жетістікке жететіні сөзсіз. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның ті

көбісі  ленбей» деп айтуы дәл осыны аңғартқандай.

Ауданымызда еңбекпен есімі еленген жандар жетерлік. Колхоз, совхоз уағында елеулі еңбегімен көзге түскен жұмысшылар қаншама?! Солардың қатарына кезінде «Восток» деп аталған колхоздың жүргізушісі, бүгінде ел ағаларының біріне айналған Жұмабай ақсақалды жатқызуға болады.

Жұмабай Мұсаев 1945 жылы Құлан ауылында қарапайым малшының отбасында дүниеге келген. 1964 жылы әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын өтеген. Әскерде жүріп тек әскери әдіс-тәсілдерді меңгеріп қана қоймай, көлік жүргізуге де машықтанған. Ол кезде жас Жұмабайдың осы бір қадамы өз өміріне үлкен әсер ететіндігін білген жоқ. Себебі, әскерден оралған жас жігіттің көлік жүргізетінін білген колхоз бастығы бірден жұмысқа шақырған. Осылайша Жұмабай Жабықбайұлы өзінің еңбек жолында жүргізуші, автотұрақ меңгерушісі, тракторшылардың бригадирі және мал шарушылығының инженері секілді жауапты қызметтерді атқарған. Жұмысын мінсіз, тындырымды істегені үшін, көптеген марапаттарға да ие болған. Сұхбат кезінде ақсақал жұмыс барысында орын алған қиындықтар мен қызықты жайттарды еске алып, басынан өткенді әңгімелеп берді. Сол жылдары бірге қызметтес болған Өмен Әлдеков, Әбдіғаппар Туғанбаев, Кемел Мырзалиев, Ермахан Иманбаев сынды жүргізушілер атамыздың әлі есінде. Бүгінде жасы 73-ке келген ақсақал қол қусырып қарап отырған жоқ. Сол баяғыдай көлікке отырып, жер жыртып, егін егіп, ұлы жетекшілік ететін шаруа қожалықтың жұмыстарына көмектесіп жүр. Жары Тынышбала екеуі 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, олардан 15 немере, 2 шөбере сүйіп отырған жайы бар.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.

Поделиться ссылкой: