Көкжөтел дегеніміз не?
43 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Ортсайлауком халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мен оның
қорытындылары, сондай-ақ сайлаушылар тізімдері бойынша онлайн
сервистердің жұмысын ұйымдастыру мәселелерін қарады
Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйым байқаушыларын аккредиттеуді кері қайтарып алу туралы;
2. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы;
3. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді «электрондық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисін іске асыру туралы және сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша азаматтарды тіркеу туралы;
4. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу қорытындылары туралы.
Күн тәртібінің бірінші және екінші мәселелері бойынша ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман баяндады. Ол ҚР СІМ ұсынуы бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымның және Ислам ынтымақтастығы ұйымның өтініштері негізінде екі халықаралық байқаушыны аккредиттеуді кері қайтарып алу туралы мәселе шығарылғанын хабарлады.
Осыған орай «2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының № 103/594 және № 105/598 қаулыларына тиісті өзгерістер енгізілді.
Екінші мәселе аясында Мұхтар Ерман 9-14 қараша аралығында 7 миссияның және 23 шет мемлекеттің, оның ішінде дипломатиялық корпустың байқаушыларын аккредиттеуге ҚР СІМ ұсыныстары әлі де келіп түсіп жатқанын хабарлады.
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді «электрондық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисін іске асыру және сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша азаматтарды тіркеу туралы баяндама жасады.
Ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» КЗ сәйкес сайлаушылар тізімдеріне Республиканың белсенді сайлау құқығы бар азаматтары енгізілетінін хабарлады. Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады.
Азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібі туралы бұқаралық ақпараттандыру үшін Ортсайлауком сайлаушыларға үндеу жариялады, сондай-ақ БАҚ-та (теледидар, радио, интернет-ресурстар және баспа басылымдары) орналастырылған плакат-түсініктеме әзірледі.
Еліміздің барлық өңірлерінде жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімінде өзін тексеру бойынша 200-ден астам Call-орталықтар мен онлайн сервистердің жұмысын ұйымдастырды. 195 мыңға жуық өтініш келіп түсті, соның ішінде сайлаушылар тізіміне енгізу мәселелері бойынша.
Жергілікті атқарушы органдардың жедел мәліметтері бойынша азаматтардың орналасқан жері бойынша тізімге енгізу туралы жазбаша өтініштерінің негізінде 80 мыңнан астам азамат, оның ішінде уақытша тіркеуі бар азаматтар енгізілген.
Сонымен қатар, өткен сайлау науқандарының тәжірибесі көрсеткендей, азаматтар көбінесе сайлаушылар тізімінде өздерін тексеру үшін уақтылы шаралар қабылдамайды.
Орталық сайлау комиссиясы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, сайлау комиссияларының онлайн сервис арқылы «электрондық үкімет» порталында азаматтарды тіркеу орны бойынша мәліметтерді тексеру мәселесін пысықтады.
Жоғарыда баяндалған мәліметтерге орай Ортсайлауком облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына тиісті аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, 2022 жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде белгіленген тәртіппен онлайн сервиске қол жеткізу үшін сайлау учаскелері мен сайлау комиссияларының мүшелерін айқындау тапсырылды. ҚР ЦДИАӨМ «ҰАТ» АҚ — мен бірлесіп «электрондық үкімет» порталында азаматтарды тіркеу орны бойынша мәліметтерді тексерудің онлайн сервисін іске асыру.
Баяндама соңында Константин Петров сайлау құқығын іске асыру мақсатында тұрғылықты жері, ғимараты немесе үй-жайы меншік иесінің өтініші негізінде тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге жол берілетінін хабарлады.
Осыған байланысты 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша азаматтарды тіркеу алгоритмін бекітуді көздейтін Ортсайлауком, ҚР ІІМ және ЦДИАӨМ бірлескен нормативтік актісі қабылданды.
Бұл сервис 181 сайлау учаскесінде іске асырылатын болады және тек елдің бірде-бір сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енбеген және тұрғылықты жері бойынша қолданыстағы тіркеуі жоқ сайлаушыларға ғана қолжетімді болады.
ОСК мүшелері бірлескен актіні қабылдау кезінде дауыс беру күнінен кейін онлайн-сервисті пайдалану нәтижелері туралы хабарлау қажеттігін талқылады.
«Цифрлық құжаттар азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие. Олар құжаттың түпнұсқасының аналогы. Сондықтан азаматтар сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасының электрондық нұсқасын ұсынуға құқылы. Сайлау комиссиясының мүшелері сайлаушылар тізімдері негізінде цифрлық құжатты ұсынған кезде сайлаушыға дауыс беруге арналған бюллетень беруге тиіс. Мұндай тәжірибені біз республикалық референдум өткізу кезеңінде қолдандық. Президенттік сайлауды өткізуге дайындық барысында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері құжаттың дұрыстығын тексеруге қосымша оқытылды»- деді ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров.
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу қорытындылары туралы Ортсайлауком хатшысы Мұхтар Ерман баяндады. Ол шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу 22 қыркүйекте басталып, 2022 жылдың 14 қарашасында сағат 18.00-де аяқталғанын хабарлады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын байқауға 641 байқаушы, оның ішінде 10 халықаралық ұйымдардан 532 байқаушы және 35 шет мемлекеттерден 109 байқаушы қатысатын болады.
«Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекеттің халықаралық міндеттемелерді сақтауына ықпал ететінін тағы да атап өткім келеді. Бұл біздің халықаралық міндеттемелерге деген адалдығымыздың, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастырудың дәлелі болып табылады»,- деді ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров күн тәртібіндегі төртінші мәселені қорытындылай келе.
Отырыс шеңберінде ОСК басшысы 2022 жылғы 14 қарашадағы жағдай бойынша 7 заңды тұлға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы ОСК-ға тиісті түрде хабарлады деді:
1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты);
2. «AMANAT» партиясының қоғамдық саясат институты;
3. «Жастар» ҒЗО;
4. Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана қаласы ИКСИ «СОЦИС-А» ҚҚ
5. «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы;
6. DAMU RG зерттеу тобы;
7. «Ашық қоғам» халықаралық аймақтық зерттеулер институты.
Нұрлан Әбдіров сондай-ақ дауыс беру күніне дейін бес күн ішінде және дауыс берілетін күні интернет желісінде сайлауға байланысты зерттеулерді жариялауға жол берілмейтінін еске салды. Осылайша, 14 қараша — сауалнама нәтижелерін жариялаудың соңғы күні. 15 қарашадан бастап жариялауға, сондай-ақ сауалнамалардың нәтижелері туралы ақпаратты қайта басып шығаруға тыйым салынады.
Күн тәртібіндегі мәселелердің қорытындысы бойынша ҚР ОСК тиісті қаулылары қабылданды. Отырыстан кейін БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті.