Ағаш көшеттері отырғызылды
64 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Ұлы Отан соғысындағы кескілескен ұрыстардың бірі – Сталинград шайқасы. Майдан даласындағы бұл шайқас – 1942 жылдың 17 және 18 қарашасында болды. Осы шайқаста қаза тапқан, елге оралмай қалған майдангерлердің есімдерін жас ұрпақ ешқашан ұмытпайды, керісінше ұлықтайды.
Жуырда Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қазақстан Студенттер Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен келелі конференция өтті. Республиканың үздік өлкетанушысы Әлі Бекқұлының модераторлығымен өткен конференцияға аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов қатысты. Адалын айту керек, дөңгелек үстел форматында өрбіген конференция барысында «ізденемен, түсінемін» деген пенде баласы табылса, құндылықтарға толы болды.
Ардагер ұстаз Әлі Бекқұлының есім-сойын аға буын өкілдері де, жас буын да біледі, таниды. Ол жат жерде қаза тапқан жамбылдық майдангерлер жөнінде деректер жинап, «оны келер ұрпақ білсін» деп барын салып еңбек етіп жүрген өлкетанушы. Сол еңбекқорлықтың нәтижесінде майдангерлер туралы жинақталған деректер «Парыз» деген атаумен жеке кітап болып жарық көріп, көпшілікке тарады. Бұл кітапта көпшілікке беймәлім жандардың есімдері мен құнды деректері қамтылған. Конференция барысында Әлі Бекқұлы майдан шебіндегі шайқас туралы сүбелі сөз айтты.
– 2018 жылдың сәуірінде Сталинград шайқасындағы жеңісіміздің 75 жылдығына баратын делегацияға қосылып, Волгоградқа бардым. Мамай қорғанында қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне арналған ескерткіш тақта, жеріміздің қасиетті топырағы салынған құтының қойылу рәсіміне арналған салтанатты жиынға қатыстым. 1075 жауынгеріміздің деректерін тапсырдым. «Звезда» телеарнасына сұхбат бердім. Сталинградтың әскери-тарихи ескерткіштерін түсіріп, «Мир» телеарнасымен бірге «Сталинград шайқасы» атты деректі фильм шығардық, – деді республиканың үздік өлкетанушысы Әлі Бекқұлы.
Сөз басында ардагер ұстаздың еңбегі ұшан-теңіз екенін айттық қой. Мына фактіге қараңызшы. 2013-2019 жылдар аралығында Ресейдің 14 облысынан, Белоруссия мемлекетінің 6 облысынан қаза тапқан жамбылдық 1200 жауынгердің есімін тауып, олардың есімдерін ескерткішке жазылуына ықпал етуінің өзі – үлкен ерлік емей немене?..
Осы ретте өлкетанушының өзі:
– Соғыстың әрбір күні, сағаты, минуты мәңгі ұмытылмас тарих. Ол естен кетпес шежіре ретінде жадымызда сақталып, ешкім де, ешнәрсе де, ешқашан да ұмытылмауы керек,– дейді.
Балжан Жеңіс.