Субсидия – агросаланың маңызды факторы
І. Егін шаруашылығы саласына
Өсімдіктерді қорғау мақсатындағы дақылдарды өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің және биопрепараттардың құнын арзандатуға АШМ бекіткен Ережеге сәйкес, сатып алынған отандық және шетелдік өндірісі гербицидтерінің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы олардың құрамы мен әрекет етуші затының концентрациясына қарай абсолютті мәнде белгіленеді. Яғни, сатып алынған отандық немесе шетелдік препараттар құнының 50 пайызы төленеді.
Дақылдардың шығымдылығы мен сапасын арттыру мақсатында пайдаланған минералды тыңайтқыштардың 1 тоннасына — амиак селитрасының субсидия нормасы – 34,0 мың теңге, аммофос – 62,5 мың теңге, карбамид – 40,5 мың теңге, сұйық тыңайтқыш КАК – 42,50 теңге болып белгіленіп отыр.
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бойынша Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылған селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енген сорттар үшін – 70 пайыз, мемлекеттік тізілімге енбеген сорттарға – 30 пайыз көлемінде. Мысалы, 1 тонна бидайдың элиталық тұқымына – 49000 теңге, арпаның І репродукциясына – 31500 теңге, мақсарының І репродукциясына – 61600 теңге, қант қызылшасының инкрустацияланған тұқымына – 9800000 теңге, қабықталған тұқымына – 6461000 теңге, жеміс-жидектің элиталық көшетінің бір данасына – 315000 теңге төленеді.
ІІ. Мал шаруашылығы саласына
Сатып алынған отандық асыл тұқымды етті және сүтті бағытындағы ірі қараның әр басына – 150 мың теңге, ТМД мемлекеттерін сатып алынған асыл тұқымды ірі қараға – 175 мың теңге, шет елдерден сатып алынған болса, (Америка, Германия) 200 мың теңге субсидия төленеді.
Қойылатын талаптары: сатып алынған сиыр малының жасы оларды сатушыда карантинге қойған сәтте қашарлар 18 айдан, құнажындар мен бұқашықтар 26 айдан аспауы, қой малының жасы 18 айдан аспауы тиіс.
Тауарлы ірі қара малдың аналық басымен асыл тұқымдық бұқалармен селекциялық жұмыс жүргізгені үшін, базалық норматив бойынша 1 басқа – 10000 теңге төленеді.
Мал басын тиісті тұқым бойынша Республикалық палатада тіркелген жағдайда асыл тұқымды етті және сүтті бағыттағы ірі қара малдың аналық басымен тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізгені үшін, базалық норматив бойынша 1 басқа – 10000 теңге, субсидия беріледі.
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бойынша, бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандатуға (сиыр еті) сыйымдылығы 5000 бастан басталатын бордақылау алаңдары бар АШТӨ-ге төленетін субсидия: құрылыс жұмыстарын жүргізгені үшін және қосымша құрал-жабдықтарды сатып алғаны үшін инвестициялық субсидия төленеді.
Сауын сиыры бар сүтті-тауарлы фермаларда 1 литр сүтке – 20 теңге субсидия беріледі.
ІІІ. Қайта өңдеу
саласына
(Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау)
Сүт өнімдерін тереңдете өңдеп сатып алу бағасы мен кепілдендірілген баға арасында кеткен шығындарын өтеу үшін сары майдың 1 килограмына – 270 теңге, қатты ірімшіктің 1 килограмына – 240 теңге, құрғақ сүт өнімінің 1 килограмына – 110 теңге субсидия беріледі.
ІV. Инвестициялық субсидия
(Инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіп кешен объектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу бағдарламасы бойынша)
2018 жылы Үкімет бекіткен субсидиялау қағидаларына сәйкес инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша бірінші топта:
«Ауылшаруашылығы кооперативтеріне техника мен жабдық сатып алу» жобаның паспорты бойынша – 50 пайызы,
«Сұранысқа ие ауылшаруашылығы техникасын сатып алу» шығыстардың – 25 пайызы, «Жайылымды суландыру инфрақұрылымына арналған техника мен жабдық сатып алу» бөлімдегі «жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету (құдықтар, ұңғымалар) жоба паспорты бойынша – 80 пайызы субсидияланады.
Екінші топта:
«Сүтті бағыттағы ірі қара мал өсіруге арналған техника мен жабдық сатып алу», «ауылшаруашылығы жануарларын өсіруге арналған техника мен жабдықтарды сатып алу», «азық өндіру жөніндегі объектілерге арналған техника мен жабдық сатып алу» – 50 пайызы, «қант өндіруге арналған техникалар мен жабдықтарды сатып алу» жоба паспортына сәйкес 30-50 пайызы, «суару жүйелерін құру және кеңейту», сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу, дайындау, тасымалдау жөніндегі объектілерді құру және кеңейту», «ет және ет өнімдерін қайта өңдеу, дайындау, тасымалдау, тері мен жүнді бастапқы қайта өңдеу жөніндегі объектілерді құру және кеңейту», «балық өсіру шаруашылықтарына арналған техника мен жабдық сатып алу», «жемістерді, көкөністерді және картопты қайта өңдеуге арналған техника мен жабдық сатып алу», «май, тоң май өнімдерін өндіруге арналған жабдық және машиналар сатып алу», «дәнді дақылдарды тереңдете өңдеуге арналған жабдық сатып алу», «кондитерлік өнімдерді өндіру жөніндегі объектілерді кеңейту», «сауда-логистикалық объектілерді құру мен кеңейту» жоба паспортына сәйкес – 30 пайызы.
«Астық және жеміс-көкөніс өнімін сақтау жөніндегі кәсіпорындарды құруға және кеңейтуге арналған техника мен жабдық сатып алу» жоба паспортына сәйкес 20-30 пайызы, «Ауылшаруашылығы техникасын сатып алу» және «Құс шаруашылығы саласындағы техника мен жабдықты сатып алу» жоба паспортына сәйкес – 20 пайызы субсидияланады.
Т.Биғазиев,
аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы.