ЖИТС – қатерлі дерт

366 Views

Бүгінде АИТВ/ЖИТС-тің адамзат өміріне кауіп төндіріп отырғаны баршаға аян екені ашық айтылуда.
АИТВ-ВИЧ (адамның иммун тапшылығы вирусы).
ЖИТС-СПИД (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы)
Жалпы айтқанда, бұл дерттің мән мағынасы ауруға қарсы тұратын – иммунитеттің бүлінуіне, жойылуына әкеледі. АИТВ-мен ауырған адам тіпті жеңіл желпі тұмаудың өзін жеңе алмай, өміріне қауіп-қатер төнуі мүмкін.
Вирус мынадай жағдайларда:
вирус жұқтырған адаммен жыныс қатынасында болса;
жұқтырған адамның қанын немесе препараттарын тексермей басқа адамға құйса;
ине ортақ пайдаланылса;
ауру екіқабат әйелден ана сүтімен нәрестеге жұғуы ықтимал.
Вирус адамға жұққаннан кейін АИТВ ауруының жасырын кезеңі басталады, ол кезең бірнеше айдан 6-7 жылға созылуы мүмкін. Осы кезең ішінде вирус жұққан уақыттан бірнеше апта өткеннен кейін аурудың кейбір белгілері біліне бастайды.
Мысалы: адам ұзақ уақыт бойы себепсіз дел-сал жүреді, оқтын-оқтын дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, іші өтеді, салмағын жоғалтады.
Егер мойындағы, қолтықтағы бездер үлкейсе, ол аурудың өте күдікті белгілері болып саналады, жасырын кезеңнің аяғында вирустың көбейіп иммунитет қабілетіне зақым келтіруіне байланысты адам түрлі-түрлі ауруға шалдыға бастайды. Мысалы: өкпе қабынуы, туберкулез, ісік аурулары, т.б. ауру біраз түрлері көріне бастайды.
АИТВ вирусы орталық ми жүйесіне әсерін тигізіп, есалаңдыққа шалдырады. Бұл ауруға шалдыққан адамдардың орташа өмір сүру жасы 10 жыл, осы мерзім ішінде алдын алу шаралары қолданылмаған жағдайда, бірнеше адамға жұқтырып үлгеруі мүмкін.
АИТВ-тің алдын алу жөніндегі ұлттық саясат, ең алдымен тұрғын­дардың, әсіресе жастардың санитария­лық сауаттығын көтеруді көздейді.

К.Кабираева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы.

Поделиться ссылкой: