Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Тәулігіне 6 грамм йодталған тұз сізді йод тапшылығы ауруларынан қорғайды. Қалай? Қазақстанда йод тапшылығы ауруларының проблемасына ерекше назар аударылады. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу мақсатында тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларға сәйкес объектілерде йодталмаған тұзды пайдалануға жол берілмейді. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық талаптарға сәйкес ұннан жасалған, аспаздық және кондитерлік өнімдерді дайындау кезінде йодталған ас тұзы міндетті түрде пайдаланылуы тиіс.
Жамбыл облысы азаматтарын ағзадағы йод тапшылығы мәселесі де толғандыратын өңірлердің бірі. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары өңірде сатылатын тұздағы йодтың құрамына тұрақты мониторинг жүргізеді. Жыл басынан бастап санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша 1 сынамада йод концентрациясының сәйкессіздігі анықталған жоқ.
Анықтама ретінде: йод тапшылығы аурулары – организмге йодтың жеткіліксіз түсуіне байланысты қалқанша безінің функциясының бұзылуына байланысты ағзаның патологиялық жағдайы, бұл балалардың интеллектуалды дамуының кешеуілдеуіне, туа біткен деформациялардың жиілігінің жоғарылауына, нәресте өлімінің жоғарылауына, неврологиялық бұзылуларға (көру және есту нервтерінің зақымдануы) әкеледі. Йод тапшылығының алғашқы белгілеріне есте сақтау қабілетінің нашарлауы, шаршағыштық, ұйқышылдық және т.б. жәйттар жатады. Бұл белгілердің пайда болуы эндокринолог-дәрігерге жүгінуге себеп болады.Йод тапшылығы жағдайларының алдын алуды қолжетімді және қолайлы әдіспен сапалы йодталған тұзды, тамақ өнімдерін күнделікті тұтыну арқылы шешуге болатындығы дәлелденді. Йодтың ең жоғары концентрациясы теңіз балықтары мен теңіз өнімдерінде болады (800 — 1000 мкг/кг), әсіресе йодқа бай теңіз балдырлары. Олардың ішіндегі ең танымалы-теңіз қырыққабаты (балдыр). Балық майындада йод өте көп.Тәулігіне 6 грамнан аспайтын мөлшерде йодталған тұзды (йод мөлшері 40 мг/кг тұз) күнделікті тұтыну арқылы адам ағзасының күнделікті физиологиялық қажеттілігін өмірлік маңызды микроэлементтермен қанағаттандырады.
А.Әміржанқызы,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.