Кеңейтілген отырыс өтті
13 ViewsКеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа Жамбыл…
2022 жылға Т.Рысқұлов ауданы бойынша 3540 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланған болатын. Орындалғаны – 5053 адам (142,7 %). Оның ішінде тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша жоспар – 1550 адам. Орындалуы – 2493 адам (160,8%). Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде 4802 азамат қайырылып, 5053 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шарасына тартылды. Орындалуы – 105,2%. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған азаматтардың міндетті зейнетақы жарнасының түсу үлесі – 90,8 %, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына кеткендердің үлесі – 94,0 %. Жалпы жұмыссыздар 745 адам, жұмыссыздық деңгейі 2,8% құрайды. (стат. мәлімет бойынша 4,6 %).
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуына облыстық бюджеттен 11452,0 мың теңге қаражат бөлініп, 50 адамды оқыту жоспарланған болатын. Нәтижесінде 55 үміткер аспазшы, тігінші, жүргізуші мамандықтары бойынша оқуға жолданып, оқуын аяқтағаннан кейін 39 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жұмыссыз азаматтарды жұмыс орындарында оқыту бойынша жергілікті бюджеттен 2800,0 мың теңге бөлініп, 28 адам оқуға жолданып, оқуын аяқтағаннан кейін 15 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Аудан бойынша «Бастау Бизнес» жобасы аясында 290 адамды оқыту жоспарланған. Кәсіпкерлік негіздері аясында 1080 үміткер қатысып, 936 азамат оқуын сәтті аяқтады. Ал азаматтарды онлайн оқыту бойынша 113 адам оқып, сертификат алды.
2022 жылы «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында 182 адамға 222,9 млн теңге қайтарымсыз грант беру жоспарланып, бүгінгі күнге 182 азаматқа 222,9 млн теңге қаражат берілді.
Жастар практикасына 103 жас түлектерді жұмысқа жіберуге, республикалық бюджеттен 20940,0 мың теңге, ұлттық қордан 37262,0 мың теңге қаражат бөлініп, 112 азамат жастар практикасына жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 80 азаматқа республикалық бюджеттен 16732,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2493,0 мың теңге қаражат бөлініп, 80 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.
Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 697 азаматты жұмысқа жіберу жоспарланып, жергілікті бюджет есебінен 350 азаматқа 139997,0 мың теңге қаражат, Республикалық бюджеттен 81 азаматқа 41347,0 мың теңге бөлінді. 869 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. Қосымша ұлттық қордан 173978,0 мың теңге қаражат қарастырылды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жергілікті бюджеттен 2759,0 мың теңге, ұлттық қордан 6077,0 мың теңге қаражат бөлініп, 10 жас маманды жұмысқа жіберу жоспарланып, 16 жас маман жұмысқа жолданды.
«Күміс жас» жобасына 23 адамды жұмысқа жіберу жоспарланып, ұлттық қордан 7138,0 мың теңге қаражат бөлініп, 23 азамат жұмысқа жолданды.
«Ұрпақтар келісім шарты» жобасына жергілікті бюджет есебінен 2 жас маманға 651,0 мың теңге қаражат бөлініп, 2 жас маман жұмысқа жолданды. Ал тұрақты жұмыс орны бойынша 2493 азамат жұмысқа жолданды.
Ұлттық жоба бойынша 20 жобада 238 жұмыс орындарын ашу жоспарланған. 20 жоба бойынша 631 бос жұмыс орындары жарияланып, 292 адам (254-не міндетті зейнетақы жарнасы аударылған, 87%) жолданды.
С.ҚҰлманов,
аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры.