ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ТЫҢ ТӘСІЛДЕРІ ҚАНДАЙ?

261 Views

Залалсыздандыру – адамдар мен жануарларда және өсімдіктерде ауру қоздыратын микро организмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Ол жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау мақсатында жүзеге асырылатын маңызды шараларының бірі.
Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан-ақ қолданып келеді. Мәселен, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты әрі тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу сынды іс-әрекеттер жоғарыда айтылған сөзімізге айқын дәлел.
Ал, мал шаруашылығы ошақтарында жүргізілетін бірнеше кезектегі шараларды дезинфекция, дезинсекция, дератизация деп үш бөлікте қарастыруға болады. Бұл – сыртқы ортадағы әр түрлі жұқпалы ауру қоздырғыштарын жоюдағы тың тәсілдер. Мәселен, дезинфекция қауіп-қатердің алдын алу мақсатында эпидемиологиялық ошақтарда жүргізілсе, дезинсекция жұқпалы ауру тасушы буынаяқтыларды және жәндіктерді жою үшін жүзеге асырылатын іс-шара. Ал, дератизация болса, бірқатар ауруларды қоздырғыш көздері саналатын кеміргіштерді жою мақсатында жүргізіледі.

Г.Бектемірова,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының
Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесінің дезинструкторы.

Поделиться ссылкой: