Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Кез-келген дүкенге немесе сауда орындарына бара қалсаңыз алдыңыздан көздің жауын алатын, пішіндері бірдей түсіде әдемі сырты жылтыраған жеміс жидектерді көресіз. Алайда, сарапшылар «Азық-түлік дүкендеріндегі тауарлардың барлығы дерлік адам ағзасына пайдалы емес» деп дабыл қағуда. Көздің жауын алар қызылды-жасылды, дәруменге бай жеміс-жидектер мен көкеністердің өзі адам ағзасына зиян. Оның үстіне елімізге көп өнімдер сырт елдерден тасымалданатыны тағы бар. Қазіргі таңда азық-түліктердің сыртынан «ГМО-сыз» деген жазуды әлсін болса да көзіміз шалып қалып жатады. Бірі ГМО-ның не екенін түсініп жатса, енді бірі байыбына бара қоймайды.
Сонымен ГМО дегеніміз не? ГМО (гендік модификацияланған организмдер) – гендік инженерияның табысты жемісіне айналып отыр. Нақтырақ айтсақ ГМО – бір ағзаның геніне бөтен ағзаның генін енгізу арқылы пайда болады.
ГМО-сы бар жемістердің барлығы әдемі дұрыс қалпында ұзақ сақталады. Бұрындары сұрыптың жаңа түрін шығаруға ондаған жылдар қажет болса, қазіргі уақытта тек бір екі жылдың өзі жетіп жатыр. Көбінесе, гендік модифицирленген болып: соя, бидай, қызылша, жүгері, рапс, картоп, құлпынай болып табылады.
ГМО әдісі қалай жүргізіледі? Әрбір өсімдіктің және әрбір жануардың ағзасында өзіндік белгілері болады, және оның әрқайсысына белгілі бір ген жауап береді. Егер, қандай да бір белгіге жауап беретін генді алып тастасақ, белгі біржолата жойылады. Ал, оған жаңа бір генді енгізсек, өсімдікте немесе жануарда жаңа қасиет пайда болады.
ГМО-өнімді қалай ажыратуға болады? Бұны анықтаудың еш қиындығы жоқ. Барлық кондитерлік, әсіресе, кәмпиттер, печеньелер, ұн, шоколод түрлерінің құрамында трансгендер бар. ГМО-өнімді құрамындағы тағам қоспасының тізімінен анықтауға болады. Сонықтан, тағамды сатып алмастан бұрын мұқият қарап шыққаныңыз абзал. ГМО өнім Е индексімен жасырынып тұрады. Олар былай белгіленеді: Е101 и Е101А; Е150 (карамель); Е153 (карбонат); Е160а (бета-каротин, ретинол); Е160b (аннатто); Е160d (ликопин); Е234 (низин); Е235 (натамицин); Е270 (сүт қышқылы); Е301-ден Е304-ке дейін (аскорбат); Е330 (лимон қышқылы); Е415 (ксантин); Е459 (бета-циклодекстрин); Е460-тан Е469-ның арасы (целлюлоза); Е470-тен Е570 (тұз және май қышқылдары); Е951 (аспартам); Е953 (изомальтит); Е957 (тауматин) немесе Е965 (малтинол) және т.б.
ГМО зиянды екенін ешкім бірден айта алмайды. Оларды көбінесе, «қауіпті ықтимал» ретінде көрсетеді. Оның денсаулыққа зияны жайындағы дәлелдемені алу үшін ұзақ және ауқымды зерттеулерден соң ғана мүмкін болмақ. Бүгінгі таңда біз, ГМО-ны пайдаланудың салдары жайлы тек теориялық болжамдарды ғана білеміз.
ГМО организмге түскенде ағзадағы гендердің қасиеттері өзгереді, осы өзгерістердің спектірін алдын ала байқау мүмкін емес. Көптеген ГМО-ның негативті әсерлері бірнеше ұрпақтан кейін байқалады.
ГМО-ң кең таралуының себебінен адамдар мен жануарлар арасында ұрпақсыздықтың дамуы, қатерлі ісік ауруларының көбеюі, тұқым қуалайтын кемтарлықтың ерекше түрлерінің пайда болулары, өте қауіпті аллергиялық реакциялардың п.б., асқазанның сілемейлі қабатының құрылымының бұзылуы, зат алмасудың бұзылуы, иммунитеттің төмендеуі, жалпы ауру түрлерінің көбеюіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен 2022 жылдың қорытындысы бойынша, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында, зертханалық зерттеулерге – 21 сынама алынды, ауытқулар анықталған жоқ.
Алибаева Салтанат Қордабайқызы – Жамбыл облысының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
басшысының орынбасары.