МӘМС бойынша сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ: 5 баласы бар әйел кәсіпорында жұмыс істейді. Бірақ оның медальдары жоқ. Есепші көпбалалы ана ретінде оның жалақысынан жарналарды ұстап қалуы керек пе?
Жауап: Жұмыс беруші жеңілдікті санаттарға кіретін қызметкерлер үшін, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін жарналар мен аударымдарды төлемейді.
Егер бұл қызметкердің осындай марапаттары болмаса, МӘМС төлемдерінен босатылмайды. Сондықтан жұмыс беруші ол үшін жарналарды (жалақысынан ұстап қалу арқылы) және аударымдарды (өз қаражаты есебінен) заңнама талап еткендей төлейді.
Сұрақ: Мен күндізгі оқу бөлімінде оқимын және кафеге жұмысқа тұрдым. Менің жалақымнан МӘМС жарналары ұсталынды. Бірақ мен онсыз да сақтандырылғанымды білемін. Себебі, мен үшін мемлекет жарна төлейді. Жұмыс беруші дұрыс істеп отыр ма?
Жауап: Сіз дұрыс айтасыз. Егер күндізгі бөлімде оқитын студент болсаңыз, жеңілдік санатына кіресіз және мемлекет сіз үшін МӘМС жарналарын төлейді. Сол себепті жұмыс беруші сіздің жалақыңыздан ұстап қалмауы тиіс. Сіз жұмысыңызға оқу орныңыздан оқу кезеңін көрсететін анықтама әкеліп бере аласыз.
Сұрақ: Біздің жұмысымызда барлық міндетті төлемдер кешіктіріліп төленеді. Мысалы, наурыз айы үшін тек сәуірде түседі. Сұрайын дегенім, ай сайын уақытында төленбесе, мәртебем сақтала ма?
Жауап: Сіз бірыңғай жиынтық төлем туралы естіген шығарсыз. Иә, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар БЖТ-ны уақтылы төлеуі керек. Себебі келесі айға төлем жасалмаған жағдайда мәртебесінен айрылады. Азаматтар бұл төлем түрін өткен айларға төлей алмайды.
Қызметкерлерге арналған жарналарға келетін болсақ, олар (БЖТ-ны қоспағанда, төлеушілердің басқа санаттары сияқты) соңғы төлем күнінен бастап 3 ай бойы сақталады. Егер жұмыс беруші ақпан айына жарна төлеген болса, онда сіздің МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз шартты түрде мамырға дейін сақталады. Осы уақыт аралығында жұмыс беруші ҚР заңнамасында көзделген төлемдерді жүзеге асыра алады. Осылайша, сәуір айында наурыз айындағы жарналарды төлеген кезде мәртебеге әсер етпейді.
Вопросы и ответы по ОСМС
Вопрос: Женщина работает на предприятии, у нее 5 детей, но медалей нет. Должна ли бухгалтер удерживать с ее заработной платы взносы, если она многодетная мать?
Ответ: Работодатель не уплачивает взносы и отчисления за работников, которые входят в льготные категории, в том числе за многодетных матерей, награжденных подвесками «Алтын алқа», «Күміс алқа» или получивших ранее звание «Мать-героиня», а также награжденных орденами «Материнская слава» I и II степени.
Если у данной работницы нет таких наград, то она не освобождается от платежей на ОСМС. Поэтому работодатель оплачивает за нее взносы (удерживая их с ее заработной платы), и отчисления (за счет собственных средств), как того требует законодательство.
Вопрос: Я учусь очно и устроился работать в кафе. С моей зарплаты удержали взносы на ОСМС. Но я знаю, что и так застрахован, за меня государство платит. Прав ли работодатель?
Ответ: Вы правы. Если Вы студент очного отделения, то входите в льготную категорию, и взносы на ОСМС за Вас платит государство. При этом работодатель не должен делать удержаний с Вашей заработной платы. Вы можете предоставить на работе справку из учебного заведения, в которой будет указан период обучения.
Вопрос: У нас на работе все обязательные платежи проводят с опозданием, например, за март заплатят только в апреле. Будет ли у меня сохраняться статус застрахованного в таком случае? Слышал, что каждый месяц он обнуляется, если не платить вовремя.
Ответ: Видимо, Вы слышали подобное о платеже ЕСП. Действительно, самозанятые граждане должны своевременно оплачивать ЕСП, так как в случае неоплаты в следующем месяце статус застрахованного будет утерян. Этот вид платежа нельзя совершить за истекший месяц.
Что касается взносов для работников, то у них (как и у других категорий плательщиков, кроме ЕСП) статус сохраняется в течение 3-х месяцев с даты последней оплаты. Если работодатель произвел платеж взноса за февраль, то ваш статус в системе ОСМС будет условно сохраняться до мая. За это время работодатель сможет осуществить платежи, предусмотренные законодательством РК. Таким образом, оплата взносов за март в апреле не вызовет утерю статуса.