Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Жайшылықта «Тіл – халықтың жаны», «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» дейміз де, күнделікті өмірде соны ескере бермейтініміз неліктен екен? Өзіміз байқай бермейтін де шығармыз бәлкім. Екі жақты әңгіме барысында әр сөзіңізге мән беріп көріңізші. Міндетті түрде екі сөзіміздің біріне орыс тілін қыстырып жатамыз. Ауызекі сөйлеуде толыққанды қазақ тілін қолданатын бауырлар бар болса, бар шығар. Алайда олар некен-саяқ деуге келеді. Неге? Өйткені, Кеңестік кезден қанға сіңді болып қалған құлдық сана тілімізді тұсап, орыс тілінің кейбір сөздері тілдік қорымызға мықтап еніп, бекіп алған. Бұл тіпті бір де бір орысы жоқ ауылда, қазақы ортада тәрбиеленген қазақ жастарының тілдік қорында да кездеседі. Бірақ оған бүгінгі жас кінәлі ме? Үлкенге қарап бой түзеген соң, аралас тілде сөйлемей қайтсін енді.
«Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» екенін біле тұра көбіне-көп өзіміз өзге тілге бейім тұрамыз. Ең қарапайым мысал, банкоматтан ақша алсақ та орыс тілін таңдаймыз. Сондағы сылтауымыз, қазақ тілі түсініксіз екен. Сондықтан да, тіл мәселесіне келгенде барлық дүниелік мәселелерді жиып қойып, қазақ тілінің көсегесі көгеріп, көкжиегі кеңіп, мәртебесі аспандауына атсалысуымыз, үлес қосуымыз керек. Қай ортада болсақ та қазақ тілінде сөйлеп, мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасаған жөн деп ойлаймын. Иә, өзіміз ана тілінде сөйлеуді дағдыға айналдырсақ, ертеңгі ұрпақ еркін ойлы азамат болып өсіп, қасиетті киемізді қастерлейтіні сөзсіз.
А.Искакова,
аудандық кітапхананың
кітапханашысы.