Латын графикасына көшудің маңыздылығы айрықша
Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлттың сақталуына да, жойылуына да басты себеп – тілі» деген сөзін негізге алсақ, қазақ тілінсіз қазақ ұлтының ертеңі қараңғы екенін ұғынамыз.
Қазақ халқының ең басты байлығы – тілі, жері, тарихы екенін біле тұрып, оларды қорғау үшін бар күш-жігерімізді салмасақ, бабаларымыздың арманын тұқыртқандай боламыз. Осындай болмас үшін, латын графикасына көшуіміздің маңызы ерен. Яғни, алпауыт империялардың құрсауында кетпес үшін, біз толықтай латын әліпбиіне өтіп, өз тіліміздің ерекшеліктерін сақтауымыз тиіс. Әлбетте, біз сөзімізге дәлел ретінде тілші ғалымдарымыздың теориялары мен гипотезаларын ұсынбақпыз. Себебі, тек саланың нағыз мамандары ғана бұл шешімнің қаншалықты маңызды екенін түсіндіре алады.
Әліппе – сауаттылық пен сөйлеуді дамытудың алғашқы құралы екені бәрімізге белгілі. Әлбетте, әр ел өз елінің ерекшеліктеріне қарай жазу үшін ең ыңғайлы және тиімді тілдік әліпбиді таңдайды. Ол бірінші ғасырда қалыптасты және орта ғасырларда Еуропаға, Америкаға, Азияға және Африкаға тарады.
Х ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында дейін, яғни 1929 жылға дейін Қазақстанда араб әліпбиі 900 жыл бойы қолданылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлының ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктерін ескере отырып, араб графикасына негізделген «төте жазу» қолданыла бастады. Дегенмен 1929 жылы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы жаңа латын әліпбиін – «Біртұтас түркі әліпбиін» енгізу туралы шешім қабылдады. Сонымен латын әліпбиіне негізделген жазу жүйесі 1929-1940 жылдар аралығында қолданылып, кейіннен кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылы 13 қарашада «Латындандырылған қазақ әліпбиін орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге ауыстыру жайлы» заңнама қабылданды. Жалпы қазақ тілі әліпбиінің өзгеруі туралы тарихи кезеңдер осы уақыттарды қамтиды.
Соңғы уақытта латын графикасына көшу туралы көптеген пікірлер айтылып жүр. Бұл мәселеде де қайшылықтар бар. Алайда, диалектика заңдары бойынша қайшылықсыз даму болмайды. Сондықтан бұл – табиғи құбылыс. Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы қазақ интеллигенциясының пікірі екіге бөлінді. Олардың бірі графиканы көшіруді қолдайды, екіншісі кириллицаны қолдануды жалғастыруды жөн санайды. Екіге жарылған пікірлердің ұсынатын өз аргументтері жеткілікті-ақ. Бастысы, пікірлердің қарама-қайшылықтарында емес, олардың басымдылығы қай тұста екендігінде.
Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру – кемелденген қазақ тілінің дамуы үшін қажетті дүние. Әрине, әліппе ауыстыру оңай жұмыс емес.
Әліпбиді өзгертудегі ең маңызды нәтижелер – жаңа әліпби қазақ жазуының кемшіліктерін жояды, тілдің дамуы мен кеңеюіне оң әсер етеді.