Шоқ тілді Шона
19 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданған. 12 жыл ішінде аталмыш жүйе көптеген дауларды тиімді шешіп қана қоймай, ұлтаралық дауларды бейбіт жолмен ымыраға келтіріп, отбасыларды жарастыруда, отбасы құндылығын сақтауда өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерген құжат болып отыр.
Сондықтан медиацияны түрлі салада сынап көріп, медиаторлар дайындап, медиациялық кабинеттерді ашып, жүйенің қоғамға барынша сіңуі үшін жағдай жасалуда. «Медиация туралы» заң елімізде медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды жүргізу қағидаттары мен рәсімін реттейді. Медиация жүйесінің дамуымен бірге елімізде жүйені іске асыратын медиаторлардың да саны күн өткен сайын артып келеді. Атап айтсақ, сот жүйесіндегі реформалар сала жұмысын жеңілдетіп, сот қызметін халыққа қолжетімді етуде. Медиация қай жағынан болмасын халыққа қолайлы жүйе болып отыр.
Медиациялық жүйенің қарқынды дамуына орай медиаторларды тез дайындап үлгеру міндеті тұр. Осы орайда елімізде медиаторлар екі жолмен дайындалуда. Олардың бір тобы медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби медиаторлар болса, екіншілері – кәсіби емес медиаторлар. Көбінесе ауылдық жерлерде сырттан кәсіби медиаторларды тарту мүмкін болмағандықтан, ауылдық жердегі 40 жасқа толған, халық арасында беделді, адамгершілігі жоғары, ары кіршіксіз жандардың медиаторлықпен айналысуына мүмкіндігі бар. Жалпы жоғары білімді, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасы Медиаторлар одағынан арнайы оқудан өткен кез келген тұлға кәсіби медиатор бола алады.
Медиаторлар тұрғындар жиынының ресми хаттамасы арқылы жергілікті атқару органдарына тіркелуі тиісті және де заңгер мамандығы болуы міндетті емес саналады. Олар өз қызметтерін тек қана жеке құқықтық қатынастар бойынша жүргізеді. Ал мемлекеттік қызметтерді орындауға уәкілетті және оған теңестірілген, заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиаторлық қызмет атқара алмайды. Сондықтан медиатор болу – оңай деп те айтуға болмайды. Тек қоғамның сенім артқан, адалдығы мықты, абыройы жоғары, көзі ашық, әділдікке жақын жандар медиатор бола алады. Жалпы сот саласындағы реформалар үнемі жетілдіріліп отыратындығымен ерекше дей аламыз.
Н.Шаймерденов,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы.