Шоқ тілді Шона
18 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Құланның орталық көшесін асықпай аралаған адам бүркіттің сұлбасын, елік пен оның лағының бәденін, тау тағысы мен қыранның дәп өзін тірідей көргендей әсермен ұшқыр қиялға беріліп, оны «үркітіп алмайын» дегендей, жәймен жанынан өтетін. Енді осыларға домбыра мен қобыздың жәдігері қосылды.
Бұл өнерге құштар Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің директоры Бердібек Бабасовтың қиялынан туған тылсым дүние болатын. Ауданымыздың мерейтойы тойланып жатқан күні мектеп ұстаздары ағаштан ойылып жасалған композицияның тұсауын кесті. Оның авторы Өнер мектебінің ағаштан түйін түйген оқытушысы Жанай Татаев екен. Ашылу рәсіміне аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Самылтыров пен зейнеткер Мұқатай Секеев, білім бөлімінің сектор меңгерушісі Жансерік Қырбасов қатысып, тұма туындының лентасын қиды. Осы рәсімге ұстаздар Күздеу Төлендібаев пен Қожабек Қазбеков те қатысты.
Сөйтіп, жүрек қылын шерткен Қорқыттың қобызы мен Зарлық пен Мұңлықтың зарын айтқан домбыра егіз қозыдай болып таудың қызыл тасының үстінен орын алды. Бірі «Қарағайдың түбінен қайырып алған қобызым» деп тұрса, екіншісі Мұқағали Мақатаевтың тілімен айтқанда:
«Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім» деп тұрғандай ма, қалай? Қалай десеңіз де, Қызылорда маңындағы Қорқыт мазарынан қобыздың үні әлі естіліп тұратын көрінеді. Демек, домбырада да, қобызда да қасиет бар. Оған қазақтың рухы қонған. Сондықтан осынау өнер туындысына көшеден өтіп бара жатқан жастарымыз қастерлі ұғыммен қараса дейміз.
Сейсен ҚОЖЕКЕ.
СУРЕТТЕ: Жібек Жолы көшесі бойындағы
музыка мектебі жанына орнатылған қасиетті
қобыз бен домбыраға қойылған ескерткіш.