Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Қазақ қалай тауып айтқан иә, осы сөзді. Осы сөздің мағынасын ата дәстүрден алыстап, жат ағымның жетегіне еріп жүрген мұсылман қазақтар түсінсе, нұр үстіне нұр болар еді. Газетімізде «Дінің тұрсын дін аман» деген айдар бар. Өздеріңіз білесіздер, сол айдарда біз имамдардың діни тұрғыда сауатты жазылған мақалаларын жариялап тұрамыз. Қазіргі таңда жастардың дінге деген көзқарасы қандай? Олардың арасында теолог, яғни дінтанушы болғысы келетіндер бар ма? Міне, осы тақілеттес сұрақтарды жақын арада біз Жарлысу ауылындағы «Мұрат баба» мешітінің имамы Құрманбек Бақашқа, Құмарық ауылындағы «Әшірбай ата» мешітінің имамы Марат Тоқсанбаевқа және Луговой ауылындағы «Әл хақ» мешітінің имамы Үмбет Сабырхановқа қойған едік.
Құрманбек Бақаш: – Сұрағыңыз өте орынды. Шүкір, ынтымағы жарасқан, тәуелсіздігі тұғырлы, төрткүл дүние бірлігімізге қызыға қарайтын қуатты елдердің қатарындамыз. Рас, қазір көптеген діни жат ағымдардың жетегіне ерген жастарымыз да жоқ емес. Дегенмен, өз басым ата-дәстүрімізді берік ұстанғандықтан, уағыздарымда да ылғи татулықтың тірегі жайлы айтып отырамын.
Марат Тоқсанбаев: – Біздің ауылдағы мешітке де келетін жастардың қарасы көп. Құдайға шүкір, жастардың қазір көздері ашық, көкіректері ояу. Олар «ненің ақ, ненің қара» екені біледі. Ойлау деңгейлері де басқаша. Сондықтан олардың дінге деген көзқарасы бөлек. Саналары да сергек. Мына ақпараттық технология заманында жастардың жат ағымның жетегіне ере қоюы екіталай.
Үмбет Сабырханов: – Луговой ауылында 10 мыңнан аса халық тұрады. Ауылымызда 2 мешіт бар. Құдайға шүкір, жұма намаз оқылатын күні мешіттеріміз адамға лық толы болады десем артық айтқандығым емес. Мешітке келетін жамағаттың арасында жастар өте көп. Ол дегеніңіз, өте жақсы ғой. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының, дінтанушылардың, оның ішінде мына біздің де атқарған жұмысымыздың нәтижесі бар деп білемін.
Тілші: – теолог, яғни дінтанушы болғысы келетін жастар көп пе?
Құрманбек Бақаш: – Мен өзім де дін жолына саналы түрде келген адаммын. Арнайы курс та бітіргенмін. Кітап көп оқимын. Діни сауатымды осылайша жетілдірдім. Қазір «Нұр мүбәрак» университетіне оқуға түсетін жастардың саны өте көп. Сол тұрғыдан алғанда, елімізде дінтанушы мамандар жетерлік деп ойлаймын.
Марат Тоқсанбаев: – Қазір әлеуметтік желіде де имамдарымыз қоғам тарапынан қойылған сұрақтарға дәстүрді негізге ала отырып, жауап беріп жүр. Жастарымыз уағыздарын ұйып тыңдайтын имамдарымыз да бар. Мәселен, Арман Қуанышбаев, Қабылбек ұстаз, өзіміздің жерлесіміз Ермек Көкірекбаевтың да уағыздарын жастарымыз зер салып тыңдайды. Сол уағыздарды тыңдау арқылы жастар дінге бет бұрады. Ондай жастарымыз да баршылық. Сондықтан дінтану мамандығы өте сұранысқа ие деп айта аламын.
Үмбет Сабырханов: – Өзімізде бала күнімізден аталарымыздың өсиетін тыңдап өстік. Олар салт-дәстүрді берік ұстанатын. Айталық, менің дін жолына бет бұруыма себепші болған адам – өзімнің атам деп айта аламын. Қазір біз де көрген-білгенімізді, оқыған-түйгенімізді жамағатқа айтып жүрміз. Дін жолына бет бұрып, болашақта имам болғысы келетін жастар маған жиі келеді. Мен де өз тарапымнан қажетті кеңесімді айтып отырамын.
Өзім Әбсаттар қажы Дербісәліден дәріс алғанмын. Египетте де оқып, діни сауатымызды жетілдіріп, білімімізді шыңдадық.
Осы жиған білімімізді қазіргі таңда жастармен бөлісіп, мешітке келген жамағатқа түсіндіру үстіндемін. Иә, рас. Неше түрлі жат ағымдар пайда бола бастады. Бірақ қазір заман баяғыдай емес. Мысықтілеу миссионерлердің дегені іске аспайды қазір. Өйткені діни сауаты бар имамдар жұмыс істеп жатыр. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы да бұл тұрғыда көптеген жұмыстар атқаруда.
Жат ағымның жетегіне еріп, ата діннен алыстап кеткен бауырларымыз бір нәрсені түсіну керек. «Ислам – тазалықтың, бейбітшіліктің, тұрақтылықтың мекені». Арам пиғылды, белгілі бір топтардың мүддесін қорғайтын жат пиғылды азаматтарға осы жайтты ескерткім келеді.
Біз – мұсылманбыз. Қарға тамырлы қазақтың ұрпағымыз. Елімізде тек бейбітшілік үстем болып, береке-бірлік орнағанын қалаймыз. Дана қазақта да сөз бар ғой, «Біз – жиылсақ көппіз, жойылсақ – жоқпыз» деген. Осы тәмсіл біздің жүрегімізде мәңгі сақталуы керек.
Марат Диханбай.