Аспандағы Ай мен Күн Болсыншы сенің жарығың!

540 Views

Дана қазақта «Жеріне қарай елі, еліне қарай ері туады» деген сөз бар. Тереңөзек ауылының тарихына үңілген адам болса, дәл сондай еліне адал, қалтқысыз қызмет еткен азаматтардың көптеп шыққанын ұғынар еді. Жас­тайынан еңбекке араласып, тіпті еңбек озаты атанған азаматтың бірі – Сарсен Оңланбайұлы болатын.
Сарсен Оңланбайұлы небәрі 30 жыл ғұмыр кешті. Ол осынау ғұмырында үлкенді – үлкендей, кішіні – кішідей сыйлап, бар ынта- жігерін еңбекке арнаған жан. Еңбек жолын бұрынғы Жамбыл атындағы колхозда механизатор болып бастап, көптеген жоғары наградаларға да ие болған. Ол кезде нағыз еңбек адамына деген құрмет бөлек еді. Іскер адам лайықты марапатқа ие болатын. Сарсен Оңланбайұлы бар болғаны жиырма жасында, яғни 1973 жылы Москва мен Ленинград қалаларында өткен ауылшаруашылық көрмесіне қатысты. «Еңбек Қызыл Ту» орденін де иеленді. Өкінішке орай, қазіргі жастар еңбектің қадірін ұғына бермейді. «Бәрі бірден болса екен» дейді. Шын мәнісінде, таза, адал жолмен еңбек еткен адам ғана ел есінде мәңгіге қалады. Оның дәлелі, осы – Сарсен Оңланбайұлы.
Әттең, Сарсен Оңланбайұлы 30 жасында өмірден өтіп кетті. Сол кезде оның қазасы барша ауылдас ағайын-жұрттың қабырғасын қайыстырды. Дегенмен, өмірдің заңдылығы да сол ғой. Ешкім мәңгілік өмір сүрмейді. Сарсен Оңланбайұлының жалғыз қызы Гауһар Сарсенқызы да әке жолын жалғастырып, өз саласында еңбек етіп жүр.
Көзі тірі болса, Сарсен Оңланбайұлы тамыз айының 15-і күні 70 жасқа толар еді. Амал нешік! Ауылдастары оның істеген еңбегін ұмытпай, қадірлейді. Ол біздің мәңгі есімізде.
Төрде тұрған түк кілем,
Түсі бар да түгі жоқ.
Кешегі жүрген бауырдың,
Төсегі бар да өзі жоқ.

Асығыс кеткен азамат,
Пейіште болсын орының.
Аспандағы Ай мен Күн,
Болсыншы сенің жарығың.
Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппараты.

Поделиться ссылкой: