Жылжымайтын мүлікке (құқықтар ауыртпалықтарын) құқықтарды жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу

230 Views

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңға сәйкес жылжымайтын мүлікке мынадай құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:
1) меншік құқығы;
2) шаруашылық жүргізу құқығы;
3) оралымды басқару құқығы;
4) кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;
5) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар.
Өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.
Қажетті құжаттардың тәртібі мен тізбесі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңда және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету ережелермен белгіленген (Ережелермен мына сілтемелер арқылы таныса аласыздар http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020610).
Мемлекеттік қызметтердің неғұр­лым кең таралған және сұранысқа ие түрлерінің бірі азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу болып табылады.
Азаматтардың жылжымайтын мүлік­ті сатып алуға мәмілелерді ресімдеу бойынша таңдау құқығы бар, мысалы: сатып алу, сату шартын нотариус арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары (нотариалдық емес мәмілелер) арқылы да рәсімдеуге болады.
Нотариустың қатысуымен мәмілені нотариат куәландырған жағдайда шартқа қатысушылар, олардың тегі, аты және әкесінің атын (болған жағдайда) өз қолымен жаза отырып, қол қояды, кейін нотариус шартты Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе (БНАЖ) арқылы тіркеуші органға тіркеуге жібереді.
Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) шарттың немесе өзге де мәмiленiң негiзiнде туындаған жағдайларда, оларды нотариат куәландырмаған кезде мәмiленiң барлық қатысушылары белгiленген тәртiппен өтiнiш беруге тиiс.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін заңнамада жеделдетілген тәртіппен электрондық тіркеу көзделген, ол құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен сәттен бастап екі сағат ішінде жүргізіледі.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) жедел­детілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу өтініш иесінің қалауы бойынша, тіркеуші органға өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Сот актілерін орындау
жөніндегі Т. Рысқұлов ауданаралық аумақтық бөлімі.

Государственная регистрация прав (обременений прав) на недвижимое имущество в ускоренном порядке

В соответствии c Законом «О госу­дарственной регистрации прав на недвижимое имущество» государ­ственной регистрации в правовом кадастре подлежат следующие права на недвижимое имущество:
1) право собственности;
2) право хозяйственного ведения;
3) право оперативного управления;
4) право землепользования на срок не менее одного года;
5) сервитут в пользу господ­ствую­щего земельного участка или иного объекта недвижимости на срок не менее одного года.
Иные права могут быть зарегис­трированы по желанию право­облада­телей.
Порядок и перечень необходимых документов установлен Законом «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество» и Правилами оказания государственных услуг в сфере государственной регистрации прав (обременений прав) на недвижимое имущество, утвержденными приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 4 мая 2020 года № 27 (с Правилами можно ознакомиться на http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020610).
Одним из наиболее распрос­траненных и востребованных видов государственных услуг является регистрация прав на недвижимое имущество на основании гражданско-правовых сделок.
У граждан имеется право выбора по оформлению сделок на приобретение недвижимости в ускоренном порядке, к примеру: договоры купли-продажи, возможно оформить как через нота­риуса, так и через филиалы НАО «Государ­ственная корпорация «Правительство для граждан» (безнотариальные сделки).
В случае нотариального удосто­верения сделки в присутствии нотариуса договор подписывается участниками с поставлением подписи и написанием ими фамилий, имен и отчеств (при его наличии) собственноручно после нотариус автоматически направляет договор в электронном формате на регистрацию в регистрирующий орган посредством Единой нотариальной информационной системы (ЕНИС).
В тех случаях, когда права (обре­менения прав) возникают на основании договора или иной сделки при отсутствии их нотариального удостоверения, заявление в установленном порядке должно быть подано всеми участниками сделки.
Для удобства граждан законо­дательством предусмотрена электронная регистрация в ускоренном порядке, которая производится в течение двух часов, с момента поступления в информационную систему правового кадастра подтверждения об оплате за государственную регистрацию прав на недвижимое имущество или освобождении от оплаты.
Государственная регистрация прав (обременений прав) на недвижимое имущество в ускоренном порядке производится по желанию заявителя не позднее одного рабочего дня, следующего за днем поступления заявления в регистрирующий орган.

Т. Рыскуловский межрайонный
территориальный отдел по исполнению судебных актов.

Поделиться ссылкой: