Тәрбиенің өзегі – балабақшадан басталады
14 Views«Театр – киімілгіштен басталады» деген сөз бар. Сол секілді бала тәрбиелеу ісінің алғышарты да балабақшадан басталатыны сөзсіз. Осы ұғымды мақсат еткен аудандық аналар кеңесі…
Біз жиырма бірінші ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Әлем елдерінің даму қарқынын өздеріңіз де көріп, біліп отырсыздар. Қазақстан да сол даму қарқынынан қалыс қалмай, тәуелсіз мемлекет ретінде көптеген дамушы елдерге үлгі болып отыр.
1990-шы жылдар көпшіліктің есінде шығар. «Нарықтық экономикаға көшеміз» деп, көптеген нысандар жекелеген адамдардың қолына өткен кез. Ауылдан қалаға үдере көшкен халық. Жұмыссыздық. Осының бәрі сол жылдары ойын баласы болсақ та, әлі күнге дейін менің есімде. Қазір шүкіршілік етуіміз керек. Әр ауылда жыл сайын жоқ дегенде, көшелерге жарықшам орнатылып жатыр. Мектептерге де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар да бар. Атап айтсақ, осыдан бірнеше жыл бұрын нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын айтсақ болады. Жаңа да атап айтып өттім ғой. Шүкір, қазір «жұмыс істеймін» деген адамға мемлекеттен қолдау өте көп. Тек кәсіптің көзін тауып, еңбек етсең болғаны.
Мен жақында бір статистика оқыдым. Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың саны 4 миллионға жеткен екен. Бұл деген өте жақсы көрсеткіш емес пе? Мен бала кезімнен еңбекқор болып өстім. Алдыма мақсат қойсам, соған жетпей тынбайтынмын. Білесіздер, былтыр мемлекеттен «кәсіп ашып, жұмыс істеймін» деген адамға 400 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 миллион 220 мың 200 теңгеден қайтарымсыз грант берілді. Бұл қаражаттың сомасы аздап төмендесе де, биыл да халыққа беріліп жатыр.
Былтыр мен осы 1 миллион 220 мың 200 теңге қайтарымсыз гранттың иегері атанған едім. Мемлекеттен алған қайтарымсыз қаражатқа 15 шаршы метрлік жерде шылаушын асырап бағып, бүгінде өзге де жастардың осы бағытта кәсіптерін бастап кетуіне үлес қосып, компрессор орналастырумен айналысып жатырмын. Вермитехнология процесін жүргізген кезде калифорниялық қызыл құрттары ауылшаруашылығы қалдықтарын, яғни көңді және өсімдік шірінділерін азық ретінде пайдаланады. Содан шыққан өнім «Биогумус» деп аталады.
Биогумус – жерді өңдеуде, топырақты, егістік жерлерге тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Ол топырақтың тозуын тежейтін пайдалы тыңайтқыш. 8 айда 500 шаршы метр жерге дейін өнімді ұлғайттық. Мемлекеттен берілген қайтарымсыз грант өз бизнесімді бастап, аяқтан тік тұруыма сеп болды. Осы орайда былтыр аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы деп аталған еді, қазір атауы өзгерген, яғни аудандық «Мансап» орталығының директоры Сапар Құлманов пен ол басқарып отырған мекеме қызметкерлеріне шексіз алғысымды білдіргім келеді. Осы мекемеде жұмыс істейтін маман Бибізура Баймұратоваға да ерекше алғыс.
Айжан Маратқызы,
жеке кәсіпкер.