Кеңейтілген отырыс өтті
11 ViewsКеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа Жамбыл…
Қазіргі уақытта өндірушілер өз өнімдерін «эко», «био» деп оңай атайды. Сөйтіп сатып алушыларды «органикалық» сияқты көптеген сөздермен шатастырады. Сірә, «Органикалық өнімдер дегеніміз не және олардың қандай пайдасы бар?» деген сұрақ сіздерді де толғандырған шығар? Синтетикалық тыңайтқыштарды, пестицидтерді және ГМО-ны қолданбай алынған шикізаттан оны жасауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ, қатаң бақыланатын, Заңмен реттелетін органикалық өндіріс нәтижесінде өндірілген өнім органикалық деп саналады.
Басқаша айтқанда, органикалық тамақ өнімдерін өндіру технологиялары қоршаған ортаға, адамдардың, өсімдіктер мен жануарлардың денсаулығы мен әл-ауқатына зиян тигізбеуі керек.
Органикалық өнімдердің құрамында пайдалы және қоректік заттар бар және оны пайдалану тұтынушының денсаулығына оң әсер етеді. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, органикалық өнімдердің құрамында дәстүрлі өндіріс өндірген өнімдерге қарағанда 63%-ға калий, 73%-ға темір, 125%-ға кальций және 60%-ға мырыштың көбірек екені анықталған. Сонымен қатар, органикалық өнімдерді пайдаланған кезде тұтынушы өнімде жасанды тағамдық қоспалар, бояғыштар, ГМО, пестицидтер және т. б. жоқ екеніне сенімді болады.
Заңнаманың барлық ережелері бойынша өндірілген органикалық өнім сертификатталуға және органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісімен таңбалануға тиіс. Әр елдің өзіндік сәйкестік белгісі бар. Органикалық өнімді таңдағанда тұтынушы арнайы эко-таңбалауға назар аударуы керек. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, сертификатталған органикалық өнімді таңбалау және оны жарнамалау кезінде «органикалық», «organic», «organik», олардан туындайтын немесе азайтқыш нысандар белгілерін жеке немесе өнім атауымен ұштастыра пайдалануға жол беріледі.
Бүгінгі таңда Қазақстанның ішкі нарығында «табиғи», «фермерлік», «био» және басқалары сияқты тамақ өнімдерінің атауларына әртүрлі қосымшалар мен толықтырулар бар. Бұл көбінесе тұтынушының органикалық өнімге жатқызу бөлігінде жаңылысуына әкеледі. Мұндай өнімдерді әсіресе мұқият қарау керек. Мысалы, «БИО» термині тірі биологиялық дақылдар (пробиотиктер) қосылып өндірілген ашыған сүт өнімдерінің атаулары үшін пайдаланылады және осы приставканы ЕАЭО аумағында шығарылатын сүт өнімдерінің атауларында пайдалануға заңды түрде рұқсат етеді.
Сатып алушы үшін дүкен сөрелерінде органикалық өнімдердің пайда болуы дұрыс тамақтану үшін жоғары сапалы өнімдердің қосымша таңдауын білдіреді. Абай болыңыз және өз денсаулығыңызды қорғаңыз!
Г.Темірбекова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары.