Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тиімділігі

256 Views

Міндетті медициналық сақтандыру пакеті халық үшін 2020 жылдан бастап қолжетімді болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының осы бағытта алға қойған міндеттерінің бірі – емдеу мекемелеріндегі медициналық қызметтің қолжетімділігін, тұрғындарға уақтылы сапалы медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету болса, екін­шісі – халықты ақпараттандыру. Мін­детті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру азаматтың тапқан табысына, ол үшін аударылған жарна көлеміне қара­мастан медициналық көмектің барлық түрлерін алуына мүмкіндік береді. Оның ішінде жоспарлы стационарлық көмек те, дәрі-дәрмекпен қамту да, жоғары мамандандырылған медициналық қызмет түрлері мен оңалту да, диагнос­тикалық-консультациялық көмек те бар.
– Біріншіден, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы Қазақстан аумағында пациент өзі таңда­ған кез келген емханадан медициналық көмек алуға мүмкіндігі бар;
– Екіншіден, тегін медициналық кө­мек­тің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру пакеттері шеңберінде қарастырыл­ған медициналық көмекке жұм­салатын қосымша төлемдердің бар­лық түрінен босатылады;
– Үшіншіден, пациент үшін меди­ци­налық ұйымдарда көрсетілген қызмет­терге, Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қорына аударылған жарналар тура­лы ай сайын ақпарат алуға мүмкін­дігі бар;
– Төртіншіден, сапасыз қызмет көрсе­тіл­ген немесе міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыруға қатысушы ретінде құқықтары бұзылған жағдайда Қор сақтандырылған азаматтардың құқық­тары мен мүдделерін қорғайды;
– Бесіншіден, МӘМС жүйесін енгізу көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту және қымбат тұра­тын тексерулердің қолжетімдігін қамта­ма­сыз ету мақсатында ауруханада 2021 жылдан бастап компьютерлі томограф аппараты алынды. Аурухана зертхана­сына соңғы үлгідегі ИФА (иммун­ды ферментті аппараты), ИХА (иммунды химиялық аализатор) алынып, аурухана деңгейінде қан­ның құра­мындағы гор­монды, онкомар­кер­лерді және басқа сапа­лық құрамдағы тал­дау­ларды жасау­ға мүмкіндік жасал­ды.
Қашықтықтан көрсетілетін ме­ди­ци­­налық көмек алу сапасын жақсарту мақса­тында аудандық емханаға және дәрігерлік амбулаторияларға 20 веб- камера алынды, «ДамуМед» ақпарат­тық жүйесіне қосылды.
Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны У.Р.Н. 1971 жылы туылған. 26 мау­сымда қан қысымы және жүрек ауруына байланысты диспансерлік есепте тұрады. Жоспарлы түрде Алматы қаласындағы Ұлттық Ғылыми хи­рургия орталығына «Жүрек фиб­рил­ляциясы және жүрекшелердің толқуы» диагнозымен жоспарлы түрде жатқызылып, жүрегіне операция жасалынды. 2023 жылдың 1 тамызында пациент ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда үйіне шықты. Пациенттің МӘМС жүйесінде жасалған операция құны 2 млн. 818 мың теңге болды. Яғни, МӘМС жүйесінде сақтандырылған ауыл тұрғынына қымбат тұратын операция қолжетімді және тегін болды.
Аудан бойынша тұрғындарды мін­детті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тарту және медициналық көмектің кө­ле­мі туралы ақпараттандыру жұмыс­тарын жүргізу мақсатында елді мекендерді аралауға ақпараттандыру тобы жасақталып, 2023 жылы 29 елді мекендерде болып, 5392 адам қам­тыл­ды. Ақпараттандыру мақсатында 12397 парақша таратылды, 6014 жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік парақшаларға 12 мәлімет салынды, тікелей эфирде 2 брифинг өткізілді, газетке 2 мақала берілді.

Р.Жұманқұлова,
аудандық аурухана бас дәрігерінің
орынбасары.

Поделиться ссылкой: