Органикалық өнімдерді әдеттегі өнімдерден қалай ажыратуға болады?

124 Views

Биохимиялық өнеркәсіптің жетістік­терін пайдаланбай өндірілетін өнімдер органикалық өнімдер болып саналады.
Органикалық заттарда шикізаттан бастап дүкен сөрелеріне кететін оралған өнімге дейінгі бүкіл процесс бақыланады. Бұл ретте жер соңғы бірнеше жыл ішінде дәстүрлі тәсілдегі ауыл шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылмауы тиіс. Оған минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары қолданылмауы керек.
– Органикалық өнімдер келесі қасиеттермен сипатталады:
– пестицидтер мен химиялық синтезделген тыңайтқыштардың болмауы;
– ГТО мен олардың туындыларының болмауы;
– дәрумендер мен минералдардың жоғары мөлшері;
– айқын табиғи дәм мен хош иіс.
Органикалық өсімдік шаруашылығы синтетикалық тыңайтқыштарды, пестицидтерді және өсімдіктердің өсуін реттегіштерді пайдаланбай, жабайы өсімдіктерді жинауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру. Органикалық өсімдік шаруашылығында топырақтың органикалық материалдарының құрамын қолдайтын немесе олардың мөлшерін көбейтетін, топырақтың тұрақтылығы мен биологиялық әртүрлілігін арттыратын, топырақтың тығыздалуы мен эрозиясының алдын алатын, деградациялық процестердің дамуын болдырмайтын топырақты өңдеу және өсіру әдістері қолданылады.
Сертификат­талған органикалық өнімді өндіретін және өткізетін кәсіпкерлік субъектілері органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісін пайдалану құқығына ие.
Органикалық өнімдерді өндіру және олардың айналымы қағидаларында келтіріл­ген белгілерді, олардан алынған немесе «био» және «эко» сияқ­ты кішірейту нысандарын органикалық өнімді таңбалау және оны жарнамалау кезінде бөлек немесе біріктіріп пайдалануға рұқсат етіледі. Кезкелген белгілерге, оның ішінде сауда белгілерімен пайдаланылатын бел­гілерге, сондай-ақ, осы өнім немесе оны өндіру кезінде қол­данылатын ингредиент­­тер Қазақстан Республикасының органикалық өнім өн­діру саласындағы заңнамасына сәйкес келетіндігі туралы тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкін. Ондай жағдайда таңбалау және жарнама тәсілдеріне жол берілмейді.

Салтанат Алибаева,
Жамбыл облыстық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Поделиться ссылкой: