Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
24 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылы 29 маусымда қабылданып, 2021 жылы 1 шілдеде күшіне енген.
Әкімшілік істе талап қоюдың төрт түрі айқындалған. Олар – дау айту, мәжбүрлеу, әрекет жасау және тану туралы талап қоюлар.
Аталған талап қоюлар сотқа екі нысанда жазбаша және талап қоюшының немесе өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжатпен беріледі.
Дау айту туралы талап қою бойынша талап қоюшының құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, ол әкімшілік актінің толық немесе оның қандай да бір бөлігінің күшін жою талабымен дау айту туралы талап қою беруге құқылы.
Мәжбүрлеу туралы талап қою бойынша талап қоюшы қабылдануынан бас тартылған не әкімшілік органның, лауазымды адамның әрекетсіздігі себебінен қабылданбаған қолайлы әкімшілік актінің қабылдануын талап етуі мүмкін.
Мұндай жағдайларда бас тартуға дау айту туралы жеке талап ету қажет етілмейді.
Мәжбүрлеу туралы талап қою жауапкердің ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдамау міндеті туралы талапты қамтуы мүмкін.
Әрекет жасау туралы талап қою бойынша талап қоюшы белгілі бір әрекеттер жасауды немесе әкімшілік актіні қабылдауға бағытталмаған мұндай әрекеттерден қалыс қалуды талап етуі мүмкін.
Әрекет жасау туралы талап қою бойынша талап қоюшы заңда белгіленген мерзімде әкімшілік актінің қабылданбауы салдарынан әкімшілік акт қабылданды деп танылған жағдайда заңда көзделген сол нысана бойынша тиісті құжатты беруді де талап етуі мүмкін.
Тану туралы талап қою бойынша- талап қоюшы, егер ол осы Кодекстің 132, 133 және 134-баптарына сәйкес, талап қоюды бере алмаса, қандай да бір құқықтық қатынастың бар немесе жоқ екенін тануды талап етуі мүмкін.
Тану туралы талап қою бойынша талап қоюшы бұдан былай заңды күші жоқ, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні заңсыз деп тануды талап етуі де мүмкін.
Талап қоюшы осы қатынастарды қысқа мерзімдерде орнатуға жеткілікті дәрежеде мүдделі болған жағдайда тану туралы талап қою берілуі мүмкін. Талап қоюшының құқықтық қатынастарды орнатуға мүдделілігінің құқықтық, моральдық немесе материалдық сипаты болуы мүмкін.
Талап қою мерзімдері жайлы айтар болсақ, дау айту, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар сотқа шағымды қарайтын органның шешімі табыс етілген күнмен есептегенде бір ай ішінде беріледі. Сотқа дейінгі тәртіп заңмен көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаған жағдайда, талап әкімшілік акт табыс етілген күннен немесе ӘРПК мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабардар етілген кезден бастап бір айдан кешіктірілмей қойылады.
Әрекет жасау туралы талап қою мерзімі адамға әрекеттің жасалғаны мәлім болған, сондай-ақ, әрекет жасау үшін заңмен белгіленген уақыт өткен соң бір айды қамтиды. Ал, тану туралы талап қою сотқа тиісті құқықтық қатынас туындаған күнді қоса алғанда бес жыл ішінде беріледі.
Заңды күші жоқ, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні заңсыз деп тану туралы талап осы акт арқылы құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған адамға ол белгілі болған күннен бастап үш айда мәлімделуі мүмкін.
Бұдан да өзге талап қою мерзімдері 136-баптың 4,5,6 бөліктерінде қарастырылған. Ескерерлігі, талап қою мерзімі дәлелді себеппен өткізіп алынса, ол сотпен Азаматтық процестік кодекстің қағидаларына сай қалпына келтіріледі. Сот оның өткізіліп алу себебі мен мәнін алдын ала тыңдауда анықтайды. Егер сотқа беруге арналған мерзім себепсіз өткізіліп алынса, сондай-ақ, оны қалпына келтіру мүмкін болмаса талап қою қайтарылады.
С.Қалқабаев,
Тұрар Рысқұлов аудандық
сотының судьясы.