Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнің 55-бабында тергеу судьясының өкілеттіктері белгіленген. Яғни, тергеу судьясы сотқа дейінгі іс жүргізу барысында ҚР ҚПК-де көзделген жағдайларда күзетпен ұстауды санкциялау, үйқамақты санкциялау, лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау, жақындауға тыйым салуды санкциялау, экстрадициялық қамақты санкциялау, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдерін ұзартуды санкциялау межеленген. Осы Кодекстің 234-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурордың өтінішхаты бойынша жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату, күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту, кепіл қолдануды санкциялау, мүлікке тыйым салуды санкциялау, күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған. Психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру, мәйітті эксгумациялау, күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау мәселелерін қарайды, қарап-тексеруді санкциялау, тінтуді санкциялау, алуды санкциялау, жеке тінтуді санкциялау, мәжбүрлеп куәландыруды санкциялау, үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау мәселелерін қарайды.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда тергеу судьясы анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды, тағы басқа мәселелерді қарайды және өзге де өкілеттіктерді орындайды.
ҚР ҚПК-нің 106-бабында прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі көрсетілген.
Құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді және (немесе) алуды жүргізуде, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда, шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы.
С. Қалқабаев,
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының тергеу судьясы.