Сібір жарасы – қауіпті ауру
Адам сібір жарасын (күйдіргі, түйнеме) ірі және ұсақ қара малдан, көбінесе шошқадан, иттен, мысықтан немесе ауру малдарды сауғанда, орнын тазалаған кезде жұқтырады. Негізгі жұқтырту – ауру малды сойғанда, бөлшектеп кескенде орын алады.
Сібір жарасының талшықтары немесе спораларының адам ағзасына түскеннен бастап жасырын мерзімі, аурудың белгілерінің байқалуы 2-3 күннен 14-15 күнге дейін.
Қоздырғыш енген тері жамылғысында 2-3 күн өткен соң қызылтым немесе көкшіл түсті дақ пайда болады. Сол жер қышып, теріні сәл күйдіргендей болып басталып, үдей түседі. Бөртпе 12-24 сағат өткеннен кейін диаметрі 2-3 мм, ішінде ашық түсті сұйықтығы бар көлдіреген бөртпеге айналады. Уақыт өте келе, оның ішіндегі сұйықтық қою түске боялып, қан араласады.
Адамның ауруға шалдығуы көбіне аурумен немесе өлген малмен жанасқанда, күтім жасағанда, сойғанда, терісін алғанда, көмгенде болады. Сонымен қатар ауру малдан алынған азық-түліктен жұқтыруы мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі адамдарда бірнеше сағаттан 8 күнге дейін созылады.
Аз ғана уақыттан кейін дақ безеуге, содан кейін бұлдыр қан аралас сұйықтығы бар көпіршікке айналады. Көпіршік жарылып, сұйықтық ағып кетеді, орнында қара қабықшамен қапталған жара пайда болады. Осы сібір жарасының карбункулы болып табылады.
Сібір жарасы талшықтары немесе спораларының адам ағзасына түсуі кезінде адам денесінің температурасы 39-40 градусқа көтеріледі.
Қала тұрғындары заңсыз сауда орындарынан ет сатып алу кезінде (санкцияланбаған), еттің ветеринариялық-санитарлық тексеруден өтпеген кезінде, адам денесіне жара бар кезде (адамның шикі етпен жұмыс жасау әсіресе адамның қолында қандай да бір кішкене болсын жара немесе тілік болған уақытта) тез жұқтырып алады.
Шала піскен етті жеу кезде де жұқтырып алуға болады. Мұндай етті 4 сағаттан кем емес уақыт пісіру қажет.
Сібір жарасымен ауырған сиырдың сүтінде қан пайда болады. Сондықтан сатылымға түсе қоймайды. Сүтті қайнатқаннан пайда жоқ. Себебі, қайнатқан жағдайда да сүт құрамындағы сібір споралары өмірге белсенді болып қалады. Сондықтан оны тамаққа немесе малға беруге қатаң тыйым салынады.
Тауықтар сібір жарасымен ауырмайды, жұқтырмайды. Сол себепті тауық етін қорықпай жей беруге болады.
Егер сіз тексерілген ет сатып алсаңыз да, мына ережелерді назарға алыңыз! Үйде етті қолқап арқылы кесіп бөліңіз, ал кесіп бөлуге арналған тақтайды жеке шикі етке ғана арнаңыз! Қолданғаннан кейін ыстық суға, кір сабынмен жуыңыз. Бұл сізді және сіздің отбасыңызды жұқпалардан, соның ішінде асқазан жұқпаларынан қорғайды.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда уақыт өткізбей тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет. Уақытында барып емделу кезінде нәтиже де оң болады. Сібір жарасы өте қауіпті жұқпалар қатарына жататынын естен шығармаңыздар!
Төреғали Даулетқазы,
Т.Рысқұлов аудандық ветеринариялық станциясының жауапты маманы.