МӘМС есебінен қаржыландырылатын «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында елімізде 5000 бала дүниеге келді

112 Views

МӘМС есебінен қаржыландырылатын
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында елімізде 5000 бала дүниеге келді

Елімізде әрбір алтыншы жұп сәби сүюді армандайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазір 15 мың ерлі-зайыпты бедеулік диагнозымен есепте тұр. «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылғалы бері 20 мың әйел жасанды ұрықтандыру қызметін алған. Бұл процедуралар МӘМС аясында қаржыландырылады. Осы орайда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ ӘҚ Жамбыл облысы бойынша директоры Л.Алимова ЭКҰ-ға кімдер қатыса алады және оған жолдаманы қалай алады, қайда өтуге болады деген сынды сұрақтарға жауап берді. Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
– Бұл емшара терапиялық жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған қазақстандық отбасылық жұптар қатысады. Олар қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттары белгілеген репродуктивті жас – 18-ден 42 жасқа дейінгі медициналық параметрлерге сәйкес келуі қажет. МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан жылына бір рет тегін өтуге болады. Талпынысы сәтсіз аяқталған жағдайда қайтадан кезекке тұра алады, – деді Л.Алимова.
МӘМС аясында ЭКҰ жасайтын клиникалардың тізімін қайдан көруге болады?
– Қазір елімізде 19 клиника (1 мемлекеттік және 18 жекеменшік) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жұмыс істейді. Жыл сайын квоталар аймақтарға сәйкес бөлінеді. Астана, Алматы және Шымкент қалалары бұл тізімде көш бастап тұр. Атап айтар болсақ, МӘМС шеңберінде жұмыс істейтін Алматы қаласындағы 7 клиникада 2 мыңға тарта жасанды ұрықтандыру әдісі жасалды.
Айта кету керек, пациент Қор сайтына кіріп, клиниканы өзі таңдай алады. Ол үшін fms.kz ресми сайтында «Пациент үшін», ары қарай «Клиниканы таңдау» батырмасын басып, «ЭКҰ қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдардың тізбесін» ашу керек. Ол жерде клиникалардың тізімі, мекенжайы және телефоны көрсетілген.
Бұл процедура МӘМС аясында тегін жасалады. Соған сай, квота алғысы келетін пациенттің мәртебесі сақтандырылған болуы тиіс.
Алдымен сәби сүйгісі келетін жұп репродуктологтың кеңесіне бару керек. Оған жолдаманы өз емханасындағы гинеколог береді. Қажетті тексерілулерден соң, пациенттің ЭКҰ жасауға көрсеткіштері сай келсе, құжаттарды жинап, дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өтеді. Комиссия оң шешім шығарған жағдайда, жұп кезекке тұрады, – деді Жамбыл облысы бойынша МӘМС қоры директоры.
Елімізде 2021 жылдан бері жыл сайын 7 мың ЭКО процедура МӘМС есебінен қаржыландырылады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры берген ақпаратқа сүйенсек, осы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша, 5 млрд-қа жуық қаржыға 4 мыңнан астам экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі жасалды.
ҚР ДСМ мәліметі бойынша, «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері «өзін аңсатқан» 5000 нәресте дүниеге келді.
Жамбыл өңірінде 2022 жылы 263 экстракорпоральды ұрықтандыруға 270 млн-нан аса қаражат бөлінген. Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 144 қызмет көрсетіліп, 163 миллионнан аса қаржы жұмсалған.
Бағдарлама аясында бір адамға МӘМС есебінен орта есеппен 1 млн теңге бөлінеді. Репродуктологтардың айтуынша, оның 600 мың теңгесі стимуляциялауға арналған гормондық препараттарға жұмсалады. 200-300 мың теңге шығын материалдарын жабуға кетеді. Кейде құны 1 млн теңгеден асып жығылатын мұндай процедураны кез келген отбасының қалтасы көтермейтіні рас. Оған қоса ЭКҰ әдісіне бірнеше мәрте жүгініп барып, сәбилі болғандар көп. Ал қазір бұған жұмсалатын шығынды Қор МӘМС есебінен төлейді.
Қандай жағдайда квота берілмеуі мүмкін?
– Дәрігерлер әйелді медициналық тексеруден өткізгеннен кейін бірнеше мәселені ескереді. Олар жатырдың туа біткен немесе жүре біткен ауытқулары, соматикалық және психикалық бұзылулар, аналық без ісіктері, жедел қабыну және кез келген локализация онкологиясы сынды жағдайларда пациентке экстракорпоральды ұрықтандыру жүргізілмейді.
Егер сіздің қосымша сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз: fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyrýBot, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.
Азаматтар мәртебесін келесі қосымшалар арқылы тексере алады:
– Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
– fms.kz ресми сайты
– Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
– 1414 байланыс орталығы
– Damumed мобильді қосымшасы.
– Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары – Kaspi.kz, Halyk, Bcc.kz.
Сондай-ақ, Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударым­дар­дың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы.

5 000 детей родилось в рамках
программы «Аңсаған сәби» за счет финансирования ОСМС

Каждая шестая пара в Казахстане мечтает о ребенке. По данным Министерства здравоохранения РК, сейчас на учете состоит 15 тысяч супружеских пар с диагнозом бесплодия. С начала реализации программы «Аңсаған сәби» услуги ЭКО получили 20 тысяч женщин. Эти процедуры финансируются за счет ОСМС. По этому поводу директор филиала по Жамбылской области НАО «Фонд социального медицинского страхования» Л.Алимова ответила на острые вопросы о том, кто может участвовать в ЭКО, как получить направление и куда обращаться.
– Кто может участвовать в программе?
– Программа ЭКО предназначена для пациентов с беплодием, при котором лечение терапевтическим путем не дало результатов. Участвовать в ней могут казахстанские семейные пары, репродуктивный возраст которых составляет от 18 до 42 лет, как указано в Правилах и условиях проведения вспомогательных репродуктивных методов и технологий. Проходить процедуру ЭКО по ОСМС бесплатно можно один раз в год. В случае неудачной попытки можно снова встать в очередь следующего года.
– Где найти список клиник, проводящих ЭКО по ОСМС?
– В настоящее время в рамках системы обязательного социального медицинского страхования работают 19 клиник ЭКО по стране (1 государственная и 18 частных). Ежегодно квоты распределяются по регионам. Лидируют в этом списке города Астана, Алматы и Шымкент. В частности, в 7 клиниках Алматы, работающих в рамках ОСМС, проведено порядка 2 тыс. процедур искусственного оплодотворения.
– Выбрать клинику пациенты могут, посетив официальный сайт Фонд fms.kz, где необходимо зайти на вкладку «Для пациента». Далее нужно пройти в раздел «Выбрать клинику» и выбрать «Перечень медицинских организаций, оказывающих услуги ЭКО». В скачанном файле можно найти список клиник, их адреса и телефоны,- пояснила Л.Алимова.
Как получить направление на ЭКО?
Данная процедура проводится в рамках ОСМС бесплатно. Соответственно, для участия в программе нужно быть застрахованным.
Сначала пара, которая мечтает о пополнении, должна обратиться за консультацией к репродуктологу. Направление к нему выдает гинеколог в своей поликлинике. После необходимых обследований, при соответствии показаний пациентов для проведения ЭКО, они собирают документы и проходят врачебно-консультативную комиссию. При положительном решении комиссии пара становится в очередь.
Как известно, с 2021 года в рамках ОСМС ежегодно выделяется финансирование на 7 000 программ/процедур ЭКО. По информации, предоставленной Фондом социального медицинского страхования, по итогам I полугодия 2023 года проведено более 4 тыс. услуг экстракорпорального оплодотворения на сумму около 5 млрд. тенге.
По данным МЗ РК, с начала реализации программы «Аңсаған сәби» родилось долгожданных 5 000 детей.
По Жамбылской области 2022 году было проведено 263 экстра-корпорального оплодотворения на сумму более 270 млн. тенге. А по итогам восьми месяцев текущего года было оказано 144 услуги на сумму 163 млн. тенге.
Сколько средств тратится на одного человека при ЭКО в ОСМС?
В рамках программы на одного человека за счет ОСМС выделяется в среднем 1 млн тенге. По словам репродуктологов, из них 600 тысяч тенге идут на гормональные препараты для стимуляции. Еще 200-300 тысяч тенге покрывают расходные материалы. Действительно, программа, стоимость которой иногда превышает 1 млн тенге, не по карману каждой семье. К тому же, есть семьи, неоднократно прибегающие к методу ЭКО. Теперь же эти расходы за них несет Фонд в рамках ОСМС.
В каких случаях могут отказать в ЭКО?
Врачи обращают внимание на несколько моментов при изучении репродуктивного здоровья женщин. Это врожденные или приобретенные аномалии матки, соматические и психические расстройства, опухоли яичников, острое воспаление и онкология любой локализации. При наличии таких факторов экстракорпоральное оплодотворение не проводится.
Если у вас есть какие-либо дополнительные вопросы или возникли проблемы с получением медицинской помощи, вы можете обратиться в Службу поддержки пациентов в своей клинике. Если разрешить ситуацию на месте не удалось, можно направить обращение в Фонд социального медицинского страхования удобным для вас каналам связи: мобильное приложение Qoldau 24/7, официальный сайт fms.kz или @SaqtandyrýBot в Telegram.
Проверить свой статус в системе ОСМС можно с помощью следующих инструментов:
– мобильное приложение Qoldau 24/7
– официальный сайт fms.kz
– @SaqtandyryBot в Telegram
– Контакт-центр 1414
– мобильное приложение Damumed.
Также получить информацию о статусе и произведенных выплатах можно на сайте электронного правительства egov.kz в разделе «Здравоохранение» через государственную услугу «Предоставление информации об участии в качестве потребителя медицинских услуг и о перечисленных суммах отчислений и (или) взносов в системе обязательного социального медицинского страхования».

Филиал по Жамбылской области
НАО «Фонд социального медицинского страхования».

Поделиться ссылкой: