Айару үздіктер қатарынан көрінді
43 ViewsЖуырда Алматы қаласында республикалық «Ауыл спорты» ойындары өтті. Бірінші іріктеу кезеңі әр облыста ұйымдастырылып, жарыс спорттың 7 түрінен өтті. Оған 300 ауылдан шамамен 10 000…
Тіл – ұлттың ұйытқысы. Қоғамның болмысы. Кез келген мемлекеттің өзегі оның бірегей мемлекеттік тілі. Ал біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Тіл – халықтың жан дүниесі, рухани негізі. Еркіндіктің асқақ символы, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш.Сол үшін мемлекеттік тілімізді білу – біріншіден, азаматтық борышымыз, екіншіден, заман талабы, үшіншіден, қоғам қажеттілігі деп айтсақ артық етпес. Тілдің қолданылу аясын кеңейтіп әрі қарай өскелең ұрпаққа жеткізу жолында әрбір қазақстандық азамат елі мен жері үшін тер төксе, сонда ғана нәтижелі іс айқын көрініс табады.
Тіл тек қарым-қатынас құралы емес, ұлттың бар сипатын танытатын негізгі кілті. Сондықтан мәдениетіміз бен өркениет жолындағы төлқұжатымыз болып табылатын – мемлекеттік тілімізді шұбарлауға жол бермей, тек қазақ тілінде сөйлеп қызмет түрлерінде мемлекеттік тілде ұсыну қажет. Ұлтына, дініне қарамастан барлық азаматтар мемлекеттік тілге аса үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Ең алдымен мемлекеттік тілдің маңыздылығын қағаз жүзінде іске асырып қана қоймай, ауыз екі сөйлеуде қоғамдағы қатынас құралы ретінде қалыптастыруымыз қажет. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету және бизнес, білім, медицина салаларында мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде қызмет көрсету деңгейін жақсарту бойынша біршама жұмыстар атқарылуы қажет деп санаймын. Бұған дәлел сауатсыз жазылған жарнамалар, қоғамдық мекемелерде тек орыс тілінде толтырылатын құжаттар сөзімізді нақтылай түсетіні белгілі. Сондықтан мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бүгінгі күні маңызға ие мәселе.
Ұлтымыздың басын біріктіруші фактор – қазақ тілі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Сондықтан мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биікте ұстап, қоғамдық ортада ана тіліміздің өрісті дамуына атсалысу – барша отандастарымыздың міндеті деп ойлаймын.
Жібек ҚОЖАБЕКОВА,
Т.Рысқұлов аудандық «Тілдерді оқыту» бөлімшесінің оқытушысы.