Күйдіргі – қауіпті ауру

151 Views

Күйдіргі (сібір жарасы) – адам мен жануарға ортақ, кең тараған ауру. Мал шаруашылығымен айналысатын адамдарда жиі кездеседі.
Сібір жарасының көпжылдық талдау жұмыстарының қорытындысына сәйкес, індеттің тіркелу мезгілі ерте көктем, жаз, күз айларына келеді. Індеттің не­гізгі көзі – ауыл шаруашылығы жануар­лары, яғни қой, ешкі, жылқы, ірі қара және т.б.
Қолайсыз жағдайларда жауын-ша­шын, жер асты суының деңгейі кө­­те­рілгенде немесе арық сулары жа­йы­лып, шайып кетуі салдарынан қоз­дыр­ғыштар басқа да аумақтарға жайылғанда күйдіргінің қоздырғышы споралық түрге ауысады. Соның арқасында микроб топырақта көп жылдар бойы сақталады. Көбінесе адам жанасу жолымен жұқтырады. Қоздырғыш зақымдалған тері арқылы ағзаға еніп, ауру жануарға күтім жасау, сою, тұтас етті бөлу, етті аспаздық өң­деу, жануарлар шикізатымен жұ­мыс істеу кезінде шырышты қабық­тың микрожарақаттары арқылы жұ­­ғады. Күйдіргі індетінің негізгі про­фи­лактикасы – жұқтыру қаупі жо­ға­ры адамдарды вакцинациялау. Бұл – ең алдымен, келесі жұмыстарды орын­дай­тын адамдар:
1) жануарларды, жануардан алы­натын өнімдер мен шикізатты дайын­дауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын ет өңдеу кәсіпорындарының, мал соятын пункттердің, мал соятын алаңдардың және ішкі сауда объектілерінің жұмыс­керлеріне;
2) мал союмен, санитариялық қолайсыз пункт аумағынан әкелінген жа­нуар­дан алынатын өнімдер мен ши­кізатты жинаумен, сақтаумен, тасы­мал­даумен және алғашқы өңдеумен айналысатын адамдарға жүргізіледі.
Алдын алу шаралары:
– сібір жарасы бойынша қолайсыз аудандарда мал басын егу;
– ветеринар мамандарына малдың ауру­ға шалдығуы немесе өлуінің бар­лық күдікті жағдайлары туралы дереу хабарлау;
– жануарды сою алдында тексеру жүргізу үшін ветеринариялық маманды міндетті түрде шақыру;
– етті бей-берекет сауда орын­дарынан сатып алмау.
Есте сақтаңыз! Күйдіргіні жұқ­ты­рып алмау үшін малды күтіп бағу кезінде жеке бас гигиенасын сақтап, арнайы жұ­мыс киімін киген жөн. Сондай-ақ, мал шаруашылығы өнімдерін тек вете­ри­нариялық сараптамадан кейін ғана пай­далану керек.

Г.Темірбекова,
Т.Рысқұлов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
басшысының орынбасары.

Поделиться ссылкой: