Атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері
Атқарушылық іс жүргізу тараптары іс жүргізу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзінді көшірмелер жасауға, оны алуға, қосымша материалдар беруге, өтініш білдіруге, атқарушылық әрекеттер жасауға, қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесінде ауызша және жазбаша түсініктер беруге, атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдері мен пікірлерін айтуға, атқарушылық іс жүргізуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдері мен өтініштеріне қарсылық білдіруге, бас тартатынын мәлімдеуге, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ, осы Заңның талаптарын орындауға міндетті.
Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ, шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
М.Маратбек,
Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілер орындау бөлімі басшысының міндетін атқарушы.