Өркениет дегеніміз – мәдениетті қоғам қалыптастыру
1965 жылы аудандық мәдениет бөлімі құрылып, оның алғашқы меңгерушісі Әмен Мырзахметов болды. 1969-1976 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің басшысы болып Жолдыбай Тәшметұлы Ахметов қызмет атқарды. «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблі 1968 жылы құрамында 30 адамы бар өнер ұжымы болып құрылды.
1972 жылдан бастап «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамбліне республикамызға белгілі сазгер Мэлс Өзбеков жетекшілік етті. 1978 жылы «Сұлутөр» ән-би ансамблі «Алтыбақан» телевизиялық хабарына түсті. Ол хабар Қазақ телевидениясының алтын қорында сақтаулы. 1978 жылы Монғолия Республикасына сапарға барып, халықтың алғысына ие болды. Ансамбль 1982 жылы «Халықтық» атағына ие болды.
1984 жылы Балқаш қаласында өткен «Алтыбақан» республикалық жастар форумына қатысты. 1976-1979 жылдары аудандық мәдениет бөлімін Ақжақ Шошақұлы Райымқұлов басқарды. 1979-1987 жылы аудандық мәдениет бөлімінің басшылығына Рысқан Шалғынбайұлы Орекеев келді.
1983 жылы «Сұлутөр» ән-би ансамблі Монғолияға барып өнерлерін көрсетті.1985-1986 жылдары «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблі халық творчестволық I-II фестиваліне қатысып, лауреат атанды.
«Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблі халықтық әуенмен бірге дүниежүзілік классикалық шығармаларды орындауға да машықтанған. 1995 жылы Қырғызстанда өткен Манастың 1000 жылдық мерекесіне қатысып, көршілес қырғыз ағайындарды өнерлерімен тәнті етіп, «Манас – 1000» медалімен марапатталды.
1997 жылға дейін аудандық мәдениет үйіне қарасты 1 аудандық мәдениет үйі,1 кинотеатр, 1 өлкетану мұражайы, 1 жылжымалы автоклуб, 5 халықтық атағы бар өнер ұжымы, 7 ауылдық мәдениет үйі, 13 ауылдық клуб халыққа мәдени қызмет көрсеткен еді. 1996-1997 жылдары оңтайландыру кезінде аудандық мәдениет бөлімінде 1 аудандық мәдениет үйі мен 1 аудандық кітапхана ғана жұмыс атқарды.
1987-1996 жылдар аралығында аудандық мәдениет басқармасын Дүйсеналы Дыбысалыұлы Бықыбаев басқарды. 1996-1999 жылдары аудандық мәдениет басқармасын Дүйсен Зұлпыхарұлы Жабықбаев басқарды.
1999-2001 жылдар аралығында мәдениет бөлімі басшысы лауазымын Зәуреш Орынқұлқызы Тойбекова атқарды.
2001-2012 жылдар аралығында аудандық мәдениет басқармасын Дүйсеналы Дыбысалыұлы Бықыбаев басқарды.
2002-2003 жылдары «Ұлағатты ұстаздар» атты мұғалімдер арасындағы I-II облыстық фестивалінің дипломанты атанды. 2004 жылы «Халықтық» атағын қорғады. 2006 жылы қазан айында Тараз қаласында «Баласағұн» мәдениет сарайында есепті концерті болып өтті. 2007 жылы ансамбль мәдениет министрлігінің өкілі және облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ә.Әмзеевтің басшылығымен арнайы құрылған комиссияның отырысында аттестациядан өткізіліп, «Халықтық» атағын қорғап қалды. 2008 жылы «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблінің өнерпаздары Тараз қаласындағы Президент саябағында «Мәдениет және өнер» күндеріне қатысып, қала тұрғындарының шексіз ықыласына ие болды. 2010 жылы Б.Момышұлының 100 жылдық мерейтойының қарсаңында «Сұлутөр» халықтық ән-би ансамблі аттестациядан өтіп, аталған өнер ұжымы өздерінің атақтарын қорғап қайтты.
Жақсылық ауылынан шыққан «Сұрашевтар» отбасылық ансамблі 1986 жылы «Сұрашевтар» халықтық ансамблі атағына ие болды. Ансамбль 1987 жылы Атырау қаласында өткен республикалық және 1991 жылы Украина ССР-і Хмельницкий қаласында өткен Бүкілодақтық отбасылық ансамбльдер байқауына қатысып, жүлдегер атанған.1997 жылы «Сударушка» фольклорлық ансамблі құрылды. 2004 жылы «Сударушка» фольклорлық ансамблі халықтық атағын қорғады. 1998 жылы аудандық мәдениет үйіне Мэлс Өзбеков есімі берілді. 2000 жылы бөлім аудандық мәдениет басқармасы болып қайта құрылды. 2000 жылдан бастап ауданда 6 әуесқой клуб жұмыс атқарып келеді: «Ақ ниет» әжелер клубы,«Ақ босаға», «Жеткіншектер», «Балалар», «Демалыс» клубы, «Мұрагер» әуесқой клубы. 2001 жылдан бастап 2 қолөнер шеберлері жұмыс атқарды. Олар: «Зергер» қолөнер шебері мен «Ағаш» шебері. 2000 жылдан бастап «Әдемі-ау» бишілер тобы халыққа қызмет етуде.
2000-2002 жылдар аралығында бірқатар мәдени ошақтар ашылды. Ауылдық мәдениет үйі – 1, ауылдық клубтар – 8, аудандық орталық кітапхана – 14, кенттік кітапхана – 1, 2002-2008 жылдары 4 мәдени орталық, 5 әуесқой клуб, 2 қолөнер шеберлері шеберханасы жұмыс атқарды. 2005 жылы аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі болып қайта құрылып, 1 аудандық мәдениет үйі, 9 ауылдық клуб, 1 орталық кітапхана, 29 ауылдық кітапханалар, 1 ауылдық балалар кітапханасы жұмыс атқарды.
2007 жылдан аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 1 аудандық, 18 ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 1 »Сұлутөр» кинотеатры, 1 «Бейнемобиль» жылжымалы автоклубы, 1 өлкетану мұражайы, 1 орталық кітапхана, 35 ауылдық кітапханалар мәдени қызмет көрсетті. 2007 жылы «Пірімқұловтар» отбасылық ансамблі халықтық атағын қорғады.
2005 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, ауылдық клуб» облыстық, республикалық байқауында Луговой кенттік клубы І орын алды. 2006 жылы осы байқауда Құмарық ауылдық мәдениет үйі ІІІ орын иеленсе, 2007 жылы Новосель ауылдық мәдениет үйі облыста І орын иеленді.2008 жылы «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, ауылдық клуб» байқауына Сөгеті ауылдық клубы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. 2009 жылы «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, ауылдық клуб» байқауына Шолаққайыңды ауылдық клубы қатысып, жүлделі І орынды иеленді. 2009 жылы 30 ауылдық клуб, 3 қызыл отау, 16 автоклуб мәдени қызмет көрсетті. 2010 жылы «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, ауылдық клуб» байқауына Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйі қатысып, бас жүлдені иеленді. 2011 жылы «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, ауылдық клуб» байқауына Көкарық ауылдық клубы қатысты. 2011 жылы облыстық «Ең үздік әдіскерлер бөлмесі» байқауына аудандық мәдениет үйінің әдіскерлер бөлмесі қатысып, жүлделі 2-ші орынды иеленді. 2012-2017 жылдар аралығында аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы лауазымын Мұратбек Әйтімбетұлы Сванов атқарды. 2017 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың наурыз айы аралығында аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы лауазымын Ләззат Шәкуалықызы Өтеулиева атқарды. Содан соң Жамалбеков Нұрдәулет Сүйерханұлы аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарды. Одан кейін басшылық еткен Қырықбаев Рүстем Қуанышбекұлы да осы қызметті абыроймен атқарды. 2014 жылы «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, ауылдық клуб» байқауына Тереңөзек ауылдық клубы қатысып, жүлделі І орынды иеленді. 2015 жылы «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, ауылдық клуб» байқауына Қайыңды ауылдық клубы қатысып, жүлделі І орынды иеленді. 2016 жылы «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, ауылдық клуб» байқауына Луговой ауылдық мәдениет үйі мен Жарлысу ауылдық клубы қатысып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қазіргі таңда аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін Ержан Серікұлы Айдархан басқарады. Ал, Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің директоры болып Нұрдос Базарқұлов қызмет атқарады. Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары кез келген іс-шараға белсене атсалысады.
Мақала «Жаңғырған өңір» кітабынан
алынды.