Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Біз газетіміздің өткен санында Басқар Битановтың «Суретінен ғана таниды» деген әңгімесін жариялаған едік. Содан оқырмандардан жылы лебізге толы хаттар келді. Және өздерінің ұсыныстарын да айтты. Сол ұсыныстарды газеттің шығармашылық ұжымы редакциялық лездемеде талқылап, газеттің бүгінгі санында Басқар Битановтың «Құнсыз адам» повесін ұсынуды жөн көрді.
Құланиектеніп көтерілген күнмен бipгe орнынан тұрған Майкл басына жастанып жатқан дорбасын иығына ілді де беті ауған жаққа жүре берді. Огасту қаласындағы көшелердің қай қиылысында күл-қоқыс төгілетін орын барын жатқа біліп алған. Қоқыр-соқырдың арасынан азық тауып жеп күнелткеніне, міне, аттай он үш жыл өтті.Мектепте оқып жүргенде мүгедек ағасының аузындағысын жарып жеп тіршілік еткен еді. Жасы он жетіге жетіп, соқталдай азамат болған соң қос қолының күшін сатып нан табу үшін көше кезіп жүріп берген. Содан бepi он үш жыл сергелдеңге түсіп, бip үзім нанның соңында сенделіп келеді.
Сорлы Майкл шыр етіп жарық дүниеге келгенде бақытсыздықтың балшығы маңдайына былш етіп жабыса кетсе керек. Ата- анасы бұған қайыршылықтың бас киімін мұра етіп кигізіп, өздері о дүниеге асығыс аттанып кеткен болатын.
Қос қолын төбесіне қойып қаңғырғалы бepi қоқыр-соқырға бұралқы иттерден бұрын жетуге тырысатынды шығарды. Асқазанына не болса соны тықпалап, таңертең айқай салып оянатын аштықты жұбатудың қамында жүргенде жасы отызға да келіп қалыпты. Басында баспанасы, соңында бала-шағасы жоқ бейшараның бұл күнде алақаны мүйізденіп, жамбасы киізденіп-ақ қалған.
Ертеден қара кешке дейін тентіреп, төңіректi қою қараңғылық бүркегенде аяғы жеткен жерге кұлай кетеді. Ішек-қарнын ыстық тамақтың лебімен жылытпағалы қай заман. Бұған бұл жерден жұмыс табу ат басындай алтын табумен бірдей. Бұл түгілі елең-алаңнан еңбек биржасының ecігі аузында ентелеп тұратын дипломды мамандар қаншама? Колледж бітірген олардың қасында бұл қола дәуірінің дәруішіндей ғой.
Рас, Майкл жұмыс істеп те көрді. Алғашында Массачусетс штатындағы өзі туып-өскен Хэмфри қаласында мунипация қызметкері, яғни, көше сыпырушы болып жүрді. Болар-болмас қаржымен тәбетін алдаусыратып жүргенде бір масқараның қара төбеті уланып өліп, басына бәле жабылды. Иттің өлiмiн аузы асқа, үсті киімге жарымаған көше сыпырушыдан көрген әлгі дөй оның соңына түсіп, iciн сотқа бермекші болды. Ас түгілі бас қайғы заман туды. Бip ретін тапқан Майкл түн жамылып қаладан қашып шыққан.
Одан кейін Майкл Мессури штатындағы Фултон қаласына келіп, бip көшенің бұрышына отыра қалып, аяқ киім тазалауға кірісіп еді. Бipaқ мұның тұсынан үнемі өзінікі сияқты тұмсығы ырсиған бәтеңкелердің иесі өтетін. Сондықтан бұл кәсіпті де тастауға тура келді.
Тағдыр толқыны Майклды Огайо штатындағы Колумбус қаласына да лақтырып тастаған болатын. Онда қаңғырудан табаны тозған Майкл көшедегі бұралқы иттерді аулайтын мекемеге жұмысқа орналаскан. Мың-сан кезбенің қоқыр-соқырдағы сыбағасын қағып кетіп жүрген қабырғасы арса-арса иесіз иттерді ұстап, терісін сыпырып алып, қабылдау пунктіне өткізіп, содан тапқан тиын-тебенді талшық eтiп eкi-үш жылын қайтып келмеске жіберді. Қала көшелерінде ит түгілі шәуілдек күшік қалмай, қалтасы қара басқырды аңсайтын дәрежеге жеткенде ол кәсіпті де әpi итерді.
Сосын осы Огасту қаласына келген. Бip бензоколонканың қожасымен кeлiciп, май құю үшін тоқтаған машинаның шаң-тозаңын сүртумен айналысты. Көңілі түскен мырзалардың кейбipeyi майда-шүйде теңгелерді бұған шиыра лақтырып жіберетін. Бірақ күні бойғы тапқаны ас десе алақтар тұратын мұның организміне жұқ та болмайтын еді. Өйткені тапқап-таянғанының жетпіс проценті бензоколонканың қожасына тиесілі-тін. Күлшесіз балаға кім күле қарасын. Көрінген жанға жаутаңдаудан жалыққан Майкл енді бензоколонканың маңына ғұмырында жоламасқа ант бepin, босып жүрген босқындардың қатарына қайта барып қосылған.
М іне, сорлы Майклдың қазіргі жай-күйі осындай еді…
…Әулие Мария көшесіндегі күл-қоқысқа апаратын көпірге таяй бергенде Майкл оқыс шыққан дауыстан селт етті. Жұрт көпірдің eкiншi шетіне қарай тұра жүгірісті. Дүбірге құлағын қайшылаған бәйге атындай елеңдеген Майкл да көпшілікпен бірге емпеңдей басып, үйме-жүйме кісі жиналған тұсқа жетіп келген болатын.
Көпірдің астында әлдене салбырап тұрған секілді. Майкл анық көрді: дарға асылған әлдебір адам жанрмен ышқынып, жантәсілім етер алдындағы соңғы күшін сарқып ербең-ербең етеді.
Сәлден соң, әлгінің денесі сіңірдей созылып барып, дір-дір етті де басы жағына қарай сылқ ете түсті. Kөзінің шарасы үлкейіп, тілі аузынан шығып кетіпті.
Жасы әpi кетсе жиырма-жиырма бестердегі, бет-әлпеті әдеміше келген бұйрабас жігіт өз өмipiн осылайша үзді.
– Камикадзе 1 — деп сыбыр ете қалды Майклдың жанында тұрган қоян тіс келіншек қасындағы көзілдірік таққан тапал бойлы тайпақ бетке. Шамасы Америкаға туристік сапармен келген жапондықтар болса керек.
Жaнтүpшiгepлiк көріністен жапондардан басқа жергілікті тұрғындар ләззат алғандай болды. Себебі мұндай оқиғалар Огастуде де, Американың қай штатында болсын, жиі болып тұрады. Жоқшылық, аштық, болашаққа деген үмітсіздік дендеп, не істерін білмей, дағдарған, тығырықтан шығудың бірден-бір жолы өлім деп шешіп, өз өміріне өзі қастандық жасаған адамдардың соңғы минуттарын қызықты концерт көргендей тамашалауға қайсыбір американдардың eті үйреніп те кеткен.
Ілбіп басып ілгері жылжыған Майкл күн арқан бойы көтерілген кезде тағы бip дүрбелеңнің үстінен түсті. Әлде митингі, әлде демонстрация болса керек. Алаңга жиналған жас-кәpici аралас адамдар ортада қызылөңештене сөйлеп жатқан ер кісінің аузына телмірсіп қалыпты. Анау қолын оңды-солды сілтеп әлдебір мәселені екілене айтып жатыр.
Майкл әуелі жиналғандардың қолдарындағы транспоранттарға көз жүгіртіп шықты. Оларда «Сақтан, соғыс апаты жақын!», «Москва шпиондары жойылсын!», «Қарулан!» деген тәрізді сөздер жазылыпты. Майкл көпшіліктің ортасына дендеп енбей, қалаған уақытында сытылып шығып кететіндей жерге барып тұрды.
Ортадағы өлең шашты, қара көзілдірікті адам әлемге соғыс апаты төніп тұрғандығы жөнінде, жер шарына Москваның шпиондары қаптап кеткендігі туралы, оларды дер кезінде ауыздықтамаса адам атаулының төбесінен зұлмат төндіретіндігі жайлы көпіріп сөйлеп жатыр. Tәйіpi, қазip Америкада eкi адамның басы қосыла қалса әңгімесінің тақырыбы соғыс мәселесіне ауып, қырғын-сүргінде кім жеңетіндігін талқылайтын әдет етек алған еді.
Миллиондаған доллардың буына мас болып, маңғазданған бизнесмендер де, тиынды тиынға ұрып, сом жасаудың қамында жүрген ұсақ кәсіпқойлар да бір-бірімен кездесе қалса «пәлен газеттегі орыстардың жаңа қаруы туралы материалды оқыдыңыз ба?» деп немесе «түген журналдағы Москваның келіссөз бағытын бұра тартып, дүние жүзілік шиеленісті ширықтыра түскен әрекетін қалай бағалар едіңіз?» деген тәрізді нәрселер төңірегінде пікір таластыру кебейіп кеткен.
Мұндай әңгімелермен шаруасы жоқ топқа жататындардың бipi – Майкл болатын. Тегінде, кездейсоқ табылған астьң қалдықтарын талғажау етіп, сонымен таң атырып, күн батырып жүрген Майкл сияқтылар саясатқа бола бас қатырып қайтсін. Түн баласы iшек-қарны шұрқырамай шықпай ма, олар үшін ең әділетті де қымбат саясат сол емес пе, тәйірі.
– Қызылдардың армиясы Ауғанстанға баса-көктеп кіргендігін, тұрақты әскери құрамаларын осы күнге дейін ауғандардың территориясынан алып кетпей отырғандығын сіздер жақсы білесіздер, – деп айқайлады ортадағы көзілдірікті кісі. Олар бейбіт жатқан ел ішінде іріткі туғызып, дүрбелең салуда. Ол ол ма, орыстар Оңтүстік Кореяның жолаушылар мінген самолетін атып түсіріп, жүздеген семьяны қаралы қайғыға ұшыратты. Совет Одағында жердің жасанды серіктері бірінен соң бipi ұшырылып жатыр, ал олардың бортында ядролық заряды бар қарулардың жоқ екендігін кім дәлел- дей алады?!
Майкл жалыға бастаған соң топтан сытылып шыға берді. Жалпы, мұндай әңгімелерден құлағы әбден сарсыған. Көшеге шықса болды, eститіні: «Соғыс!», «Келіп қалды!», «Қырып кетті!», «Көзі ілінгенше үрейі ұшып жатады. Ертеңінде кешегі көрініс қайталанады.
Оның үстіне осындай бip демонстрацияға өткен жылы тап болып, соңынан опық жегені бар. Одан тез арада кетіп қамалғанына өкінген болатын.
Ол оқиға Колумбус қаласында болған еді. Қаладағы заводтар мен фабрикалардың жұмысшылары жалақыларын арттыруды, еңбек жағдайын жақсартуды, пәтер ақының мөлшерін кемітуді талап етіп, демонстрацияга шыққан екен. Көше кезіп жүрген Майкл кездейсоқ сол демонстрацияға тап болды. Онда да осылай ортаға бip шешен шығып, шешіле сөз сөйлеген. Ол күнкөрістің барған сайын қиындап бара жатқандығын, бағаның күрт өcin кеткендігін, әкімшіліктің экономиканы ретке келтірудің орнына қайдағы бip «советтік қатер» дегенді сылтауратып, соғыс саясатын ұстанып отырғандығын, қарулану мақсатына жылма-жыл жүздеген миллиард доллар жұмсалып жатқандығын нақты дәлелдермен атап көрсетті. Бұл демонстранттардыңда қолдарында әртүрлі транспаранттар бар еді «Соғыс апаты жойылсын!», «Бізге қару емес – нан керек!», «Ядролық қаруға жол жоқ!» деген сияқты ұрандар Майклға біртүрлі жылы ұшырап көрінген болатын.
Бірақ кейде ауа райының күтпеген сәтте бұзылатындығы тәрізді мұнда да оқыс жағдай болды.
Қолдарында резинка соққысы бар, бастарына каска киген полицейлер әп-сәтте демонстранттарды қоршап алысты. Олар жиналғандарды ұрып-соғып, таратуға тырысты. Сол-ақ екен, ию-қию төбелес, қоян-қолтық айқас басталды да кетті. Алаңдағы витрина- лардың лезде быт-шыты шығып, киоскілер қирап қалды. Көзден жас ағызатын түтіннен түк көрінбейді. Екі-үш машина лапылдаған жалынға оранды. Қарулы полицейлердің қимылына төтеп бере алмаған жұмысшылар қолдарына түскен заттармен қорғанып кері шегінді.
Майкл әуелгіде не былай, не істеп қойғанын біле алмай аңырап тұрып қалған еді. Бip кезде шүйде тұсын ауыр соққы солқ еткізді. Есеңгіреп етпетінен түскен оны зіңгіттей екі сақшы сүйрей жөнeлiп, машинаның қорабына тоғыта салған.
Содан соры қайнаған Майкл түрмеден бip-aқ шықты. Кешке қарай оны әлдебір бөлмеге алып келген.
Шағын бөлменің төріне қойылған столдьң арғы жағында өмipi тойып тамақ ішпеген адам секілді тыриған арық, мұрны қоқайған полицей отыр екен. Қушиған екі иығы енді болмаса екі жағына тipey болғалы тұрғандай.
– Аты-жөніңіз? – деді ол шаңқ етіп.
– Лақап атым Қаңғыбас Майкл… – дей берген мұның сөзін ортасынан шорт үзді.
– Өшір үніңді! Аты-жөніңді толық айт!
– Айтып тұрмын ғой енді, лақап атым Қаңғыбас Майкл. Хемфри қаласында тұратын Рэндолл тұқымынанмын. Демек, толық атым – Майкл Рэндолл, – деді бұл сөйлеген сайын солқылдаған шүйдесін қолымен сипалап.
– Кәсібің?
– Kәсібің деген не?
– Жап аузыңды, оңбаған! Қайда жұмыс істейсің деп тұрмын?!
– Ешқайда жұмыс істемеймін. Егер жұмыс тауып берсеңіз icтеуге қарсылық білдірсем қанект…
Қушық иық түбі бетіне шығып, орнынан атып тұрды. Қалш-қалш етіп, столды жұдырығымен бip ұрды да: – Жетер! – деп айқай салды. – Қалжыңдайын деген екенсің, қара табан! Артыңа қара бейшара!
Майкл бұрылып артына қарап еді, екі қолын айқастыра ұстаған еңгезердей полицейді көріп, жүрегі зырқ ете қалды. Мұрнының ұшы қақ маңдайына қарай қашқан танау екен, бәтшағарың. Екі шеміршегінің арасы талтайған тайлақтың артқы сирағындай алшақ жатыр. Жар түбіндегі түлкінің ініндей екі тесігі өзіңе қарай кезелген қосауыз мылтықтың ұңғысын көзге елестетеді. Өкпесін толтыра жұтқан ауаның қалдықтарын шу-у еткізіп қайта шығарғанда онысы жолындағының барлығын жапырып кете жаздайды. Қанталаған көздері бауыздалған малдың алқымындай қып-қызыл. Екі ернінің орнына екі жүз грамм кесек етті көз мөлшермен қақ бөліп, жабыстыра салған секілді. Күнқағарын көзіне түсіре қиған кепкісі басындағы тек жауыздық үшін жұмыс істеп тұрған миын жасырып тұрғандай. Қара түстілігіне қарағанда Латын Америкасы елдерінің бірінен келген жалдамалылардың бірі болуы керек. Тіпті қушық иық айт десе болды, көжек бүрген бүркіттей мұны бас салғалы тұр.