Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Бруцеллез-Brucella атты жалпы атаумен біріктірілген бактериялар қоздыратын созылмалы өтетін адам мен жануарлардың ауруы. Адам бруцеллезінде індеттің негізі көзі қой, ешкі, сиректеу ірі қара мал, түйе, шошқа, марал және тағы басқа жануарлар болып табылады.Бруцеллез адамдарға әр түрлі жолдармен жұғады. Індет көбінесе жанасқанда (ауру малмен немесе олардың өнімдерін, шикізаттарын пайдаланғанда) немесе алиментарлық жолмен жұғады. Мал өнімдері мен шикізаттарының эпидемиологиялық маңызы көп мөлшерде ластанғанмен айқындалады. Сонымен қатар ол бруцелланың түріне, және оның вируленттілігі мен ұзақ уақыт сақталуына байланысты. Мысалы, ластанған сүтте бруцеллалар 10 күннен аса, ішкі ұлпаларда, сүйекте, бұлшық ет пен лимфа бездерінде бір айдан аса, жүнде 3 ай сақталады. Адамдар бруцеллезге жанасу арқылы, не аэрогендік жолмен бруцелланың вирулентті өсінімен жұмыс істегенде шалдығады. Қой мен ешкінің Brucella melitensis түрі қоздыратын адам бруцеллезіне көктем-жазғы маусымдылық тән, ол малдың төлдеуіне байланысты. Бруцеллез адамға ірі қарадан жұққанда маусымдылық соншалықты байқалмайды. Ол ауру көбіне сүт және сүт өнімдері арқылы жұғады. Жануарларда бруцеллездің клиникасы әртүрлі болады. Аурудың негізгі белгісі іш тастау. Ол кезеңде іш тастаған төлмен, шарана суымен, планцетамен, жыныс органдарының сұйығымен көп уақытқа дейін сыртқы орта ластанады. Бруцеллалар сыртқы ортаға малдың несепімен және сүтімен шығады. Сонымен қатар, малдың терісі, қорадағы малдың орны, төсеніш, жем-шөптің қалдықтары, құрал- саймандар, мал қора, жайылым және суаттар ластанады. Жануарларда іш тастаудан басқа орхит, бурсит, эндометрит, мастит байқалады. Індет сонымен қатар жасырын түрде өтеді, тек арнайы зерттеу нәтижесінде ғана анықталуы мүмкін.
А.Тлепов,
«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» Жамбыл облысы филиалының меңгерушісі, ауылшаруашылығы ғылымдарының
кандидаты.