Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
Биылғы Ұлыстың ұлы күні мұсылман әлемі үшін қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келді. Әз-Наурыз мейрамын аудан орталығындағы бірегей білім ошақтарының бірі – Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің ұжымы ерекше атап өтті.
Осы орайда, Наурыз мейрамының қазақ даласына қалай оралғандығы туралы қысқаша айтып өтейін. Қазақ халқы төл мерекемізді бес мың жылдан астам уақыт тойлап келеді. Алайда, орыс билігі орнаған сәтте ұлттық мейрам «діни мейрам» ретінде танылып, тойлауға тыйым салынды. 1988 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз елімізге төл мерекемізді қайтарған еді. Міне, жұртымыз отыз алты жыл бойы әз — Наурызды жоғары деңгейде тойлап келе жатыр. Көрісу күнінен бастау алған ұлттық мейрам тазару күнімен аяқталды. Осылайша, мейрамның әр күні халқымыздың этикасы мен эстетикасын көрсетті. Наурыз мерекесі мектеп қабырғасында бәрімізге таңсық форматта тойланды. Мектеп түлектері ақылдаса келе, мерекеге орай, ұстаздар мен зейнеткер ұстаздарға арнап ауызашар ұйымдастырды. Көктемнің әсем күнінде білім ордасының алдына қазақ мәдениетінің бөлінбес бөлшегіне айналған жүз адамдық киіз үй тігілді. Қазақи киінген, шаштарын қос бұрым етіп өрген қыз — жігіттерді кимешек киген әжелер толықтыра түсті. Наурыз мерекесі мектеп қабырғасында бәрімізге таңсық форматта тойланды. Мектеп түлектері ақылдаса келе, мерекеге орай, ұстаздар мен зейнеткер ұстаздарға арнап ауызашар ұйымдастырды. Көктемнің әсем күнінде білім ордасының алдына қазақ мәдениетінің бөлінбес бөлшегіне айналған жүз адамдық киіз үй тігілді. Қазақи киінген, шаштарын қос бұрым етіп өрген қыз — жігіттерді кимешек киген әжелер толықтыра түсті.
Сағат тілі төртті көрсеткенде, өзгелерден әсемдене киінген жүргізушілер төл мейраммен құттықтай отырып, кештің шымылдығын ашып берді. Әз-Наурызға арналған концерт көңілді әнмен басталды. Ары қарай ұмыт болған салт-дәстүрлерімізді жасырып, тапқан адамға сыйлықтар берілді. Қазақша бимен қатар, басқа да ұлт өкілдерінің ұлттық биін билеу арқылы өзге ұлт өкілдеріне деген сыйластығымызды көрсете білдік деп ойлаймын. Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа салт-дәстүрімізді таныстыру мақсатында бір сәбиге тәй-тәй бастырып, тұсаукесер рәсімі өткізілді. Ырымдап балақайдың тұсауын өмір көрген, жеткен жетістігі де мол үлкен кісіге кестіртті. Балақайдың болашағы зор, асар асуы көп болсын !
Жұрт көңіл көтеріп, арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм алды. Жыл бойы тоқ жүрсін деген ниетте жеті дәннен дайындалған «Наурыз көже» таратылды. Наурыз көже әз- Наурыздың символы. Наурыз көжені дайындау қазақ халқы үшін міндетті болып есептеледі. Наурыз көже – тоқшылық пен ырыстың белгісі.
Ауызашар соңында ақ жаулықты әжелеріміз бата беріп, мектеп қабырғасынан ұшқалы отырған түлектерге ақ тілектерін білдірді.
Қорытындылай келе, әз-Наурыз түркі халықтарының төл мерекесі. Еліміздің басқа да білім ордаларында әз-Наурыздың жоғары деңгейде тойлануын қалаймын. Себебі, мейрам ұлтымыздың мәдени-тарихи құндылықтарын дәріптейді.
Нұрай Мұхит,
Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы.