Аудио, бейне жазба құралын қолдану
Қазіргі уақытта кез келген сот отырысының ашық және әділ өтуі мақсатында еліміздің барлық сот отырысы залдарында бейнекамералар орнатылып, заманауи құрылғылармен жабдықталған.
Жазылған аудио, бейне материалдары бірден Республикамыздың Жоғарғы Сотының серверіне түседі. Нәтижесінде қағазбастылық азайып, еңбек өнімділігі едәуір артты.
Аудио, бейне жазба қолдану арқылы қаралған сот істері бойынша сот процессі аяқталысымен, іске қатысушылардың сот отырысын толық көріп шығуға мүмкіншіліктері бар.
Әр іске қатысушы тұлғаның бейнебайланыс қолдану арқылы онлайн режимде сот отырысына қатысып, сот төрелігін қашықтан жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Бейнеконференция байланысын пайдаланудағы мақсат, сот істерінің қарау мерзімдерін сақтау және азайту. Сонымен қатар, тараптар, куәгерлер, эксперттер, мамандар, аудармашылар, тағы басқа да іске қатысушылар, белгілі бір себептермен сот отырысына келе алмауына байланысты бейнеконференция байланысымен қатысуына мүмкүндік туады.
Сот отырысында озық технологиялар қолдану тараптардың сотқа деген сенімін арттырып, олар өздерін сотта дұрыс, мәдениетті ұстауына ықпал етеді. Бастысы жемқорлыққа жол бермеуіне септігін тигізіп, азаматтардың уақыттары мен қаражатын үнемдейді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының бұйрығымен бекітілген «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио, бейне жазба құралдарын техникалық қолдану, дыбыс-бейнежазбаны сақтау және жою, жазбаға қол жеткізу туралы» қағидаларына сай, сот отырыстарын бейнежазбаға түсіру көзделген. Сот талқылауы барысын дәл тіркеу үшін сот ісін жүргізу мақсатында азаматтық, қылмыстық, әкімшілік сот істерін жүргізу шеңберінде нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылады.
Т.Аденова,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы.