Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!

113 Views

Өрт қауіпсіздігін сақтау – қоғамның ортақ мақсаты. Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау көбінесе, мүліктің зақымдалуына ғана емес, қайғылы жағдайға да алып келеді. Көптеген өрттер балалардың отпен ойнауынан болады.
Құрметті ата-аналар! Қазіргі таңда күннің ысуына және желдің күшеюіне байланысты, қарапайым тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын балаларыңызға түсіндіріп және оларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.
Қауіпсіздік шаралары:
– оттықты балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз;
– балаларға ойыншық ретінде оттықтарды бермеңіз;
– балаларға газ немесе электр қондырғыларын пайдалануға рұқсат бермеңіз;
– өрт болған жағдайда ешқайда тығылмай, далаға жүгіріп шығуды балаға түсіндіріңіз;
– баланы қорқытпай, қауіпсіздік ережелерін айтып, әр түрлі оқиғаны ойын түрінде көрсетіп, орын алған оқиғадан қалай шығу керек екендігі жөнінде айтыңыз;
– үйде бір парақ қағазға жедел қызмет нөмірін жазып қойыңыз. Оны қандай жағдайда пайдалануға болатынын балаға түсіндіріңіз.
Ең бастысы, төтенше жағдай орын алған сәтте өрт сөндіру қызметі «101» немесе құтқару қызметі «112» нөмірлері арқылы қоңырау шалыңыз.
Балаларды терезеден құлау жағдайы­ның алдын алу.
Балалардың жарақат алуы мен өлімі­не әкеліп соғатын негізгі себеп­тердің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім болып келеді. Әсіресе, 3-7 жастағы бала­лар терезеден құлау қауіп-қате­ріне жиі ұшырайды. Бұл жастағы бала­лар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес. Үлкен­дердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді. Терезеден құ­лау оқиғалары көп жағдайда ата-аналар­дың балаларды қараусыз қал­дыру салдарынан болады. Осыған байланысты ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұраймыз.
Балаларды терезеден құлау жағ­дайынан қалай сақтауымыз керек?
1. Үйде балалар болған жағ­дай­да, ешқашан терезені ашық қалдыр­ма­ңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаны­ңыз­бен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аудар­ған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.
2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.
3. Ешқашан терезедегі москиттік торларға сенбеңіздер. Олар құлаудан сақтауға арналмаған, құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады. Балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Көп жағдайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
4. Мүмкіндік болса, терезені (жел­дет­кішті) төменгі жағынан емес, жоғар­ы жағынан ашыңыз.
5. Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге бекіт­кіштер (арнайы бекіткіш) орнатыңыз.
Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ес­кере отырып, сіз жазатайым оқиғаның және қайғының алдын аласыз.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: