Жемқорлық бірдің емес, көптің белсене атсалысатын ісі
2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңы қабылданып, онда қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттері қойылған. Аталмыш Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету түрлері электронды жүйеге көшуде. Электрондық жүйе адамдар мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты, яғни сыбайластықты болдырмауға көмектеседі. Бұрын қажетті құжатты алу үшін лауазымды тұлғамен қарым-қатынасқа баратын болса, енді оны электронды жүйе арқылы делдалсыз-ақ тындыра алады.
Сыбайлас жемқорлық – заң бұзушылықтың ең үлкен түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы бұл індетті түбірімен жоюға белсенді түрде араласуға міндетті. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бірдің емес, көптің белсене атсалысатын ісі. Сондықтан «Көп қорқытады, терең батырады» дегендей, көп қолға алса, сыбайлас жемқорлыққа мықты тосқауыл қойылатыны сөзсіз.
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние – байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Расында біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз. Елдегі бұл ауыр індетті жою үшін күресті әуелі әр адам өзінен бастау керек.
А.Замбаев,
аудандық соттың төрағасы.