Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Дәл осындай тақырыппен жақында республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде жазушы Дәурен Қуат мақала жазды. Шыны керек, осы мақаланы оқып отырып, өзгеше күй кештік. Жазушы дұрыс мәселе көтеріп отыр.
Дәурен Қуат былай деп жазады өз мақаласында. «Әкесіндей кісіге әкіреңдеп, атасындай адамның алдында астамсып сөйлейтін, мақала жазса, жекіріп, ұрсып жазатын журналистердің қарасы тоқсаныншы жылдардың соңын ала көріне бастаған еді. Телеарналарда тепсініп, тістеніп тұрып бағдарламалар жүргізетін, жаңалықтар жеткізетін әріптестеріміз де сол «тоқсанның» аяғында пайда болды. Әріптестеріміздің әлгіндей қылығын біреулер өткірлікке, мінезге балап жүрді. «Ой, сойып салды, сойқан» десетін. Ал «сойып салды сойқандар» соқалап тастаған баспасөзде қандай мәдениет, қандай кәсібилік болсын?.. Атышулы бір арнада бір журналист болды… ашулы аруақ сияқты. Экранға шығып алып абыройлы азаматтарға ақпараттық тұрғыдан абьюзер жасап отыратын» деп жазады. Расымен де солай ғой. Қазір экранды ашып қалсаң да, кейбір «шындық айтқыш» басылымдарды оқып қалсаң да, әйтеуір, жақсы жаңалық айтпайды. «Сойып салды, қырып кетті, зорлап кетті» деген негатив пікір әйтеуір. Біздіңше газет бетінде де, экранда да оқырман мен көрерменге эстетикалық тұрғыдан пайдасы мол дүниелер көрсетілуі және жазылуы керек.
Сол мақаласында Дәурен Қуат тағы бір өзекті мәселені көтереді. «Қазір, міне, интернет заманы. Дәстүрлі БАҚ-ты жайына қалдырып, аламанға жаңа медиа шықты. Бұл күнде қолында гаджеті бардың бәрі – «журналист», бәрі – блогер. Мұның бір есептен қоғамдық пікірдің пәрменін арттыруға септігі тиіп-ақ жатыр, зияны да жоқ емес. Зияны – жалған ақпараттың көбеюі, оқиғалардың мейлінше бұрмаланып берілуі, деректердің тексерілмеуі, сараптамалық материалдардың азаюы» деп жазған екен жазушы. Әзірге солай болып тұрғаны рас. Бәлкім біз бұдан да өтуіміз керек шығар. Бір нәрсе анық. Қоғам фейкоманиядан түбі бас тартады. Кейін мұны Марат айтты дерсіздер.
Марат Диханбай.